Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет47/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Барлығы

40 минут

30



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
ІІ нұсқа
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1.Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз
2.Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
«Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын». Дағыстан ақыны Расул Ғамзатовтың бұл сөзі ғасырлар өтсе де, өзіндік мәнін жоймақ емес. Расында, тілі жоқ халықтың тауқыметін адамның басына бермесін. Өлі тілдерді оқу және зерттеу орталығының директоры Майкл Краусс әлемде 600 ғана тілдің қалатынын айтады. Басқаны былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрдымға кеткен тілдер өте көп. Аты ғана мемлекет. Халқы орысша сөйлейді, өйткені бір тілдің басымдығы екіншісін жоқ етеді. КСРО тұсында Мәскеудің қызыл саясаты арқылы «Бір тіл - бір ұлт» идеологиясы жүргізілді. Соның салдарынан Кеңес Одағында тұратын халықтың барлығы да орыс тілінде сөйледі. Осы орайда, америкалық тілші-ғалым Майкл Краустың жойылу қаупі төнген тілдерді жіктеуіне тоқталайық: Біріншісі – қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі – алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды. Екіншісі – қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз. Үшіншісі – аса қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндердің – жасы елуден асқандар. Төртіншісі – өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар ғана сөйлейді. Бесіншісі – жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл. Бұдан шығатын қорытынды не? Ортасы жоқ тіл – өлі тіл. (195 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/sayahatty-syemin/125

Ә мәтіні
Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен, адамның өз-өзін реттеуіне, күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі. Қай жаста болмасын театрға келуі арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады. Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі, біреулердің айтқан сөздерінен өзінің дауысын, үнін естуі әбден мүмкін. «Театр - өнер мешіті» деген теңеу бар. Десе дегендей, театр – мәдениеттілікке, имандылыққа бастайтын баспалдақ, алтын көпір екені даусыз. Өркениеттілікке, дамыған елдердің қатарына ұмтылған еліміз үшін – халықтың ең алдымен рухы биік, мәдениетті болуы, соған қатысты мәселеде, әсіресе өнер арқылы рухани серпіліс тудыратын театр туралы сауатты болғаны аса қажет. 
Адамдар театрға не үшін барады? Театрды рухани өнердің қара шаңырағы деп бекер атамаған. Адамдарға күнделікті ас бөлмеге басын сұғып үш мезгіл тамақтану, асхана, кафелерге барып тәтті тағамдардан аухаттану қаншалықты қажет болатын болса, театрға барып рухани жан-дүниесін байытып тұруы да соншалықты қажеттілік болып табылады. Тамақ – адамның тәнінің өсуіне керекті нәрсе болса, екіншісі – адамның ішкі рухани-жанын өнер құралдары (актерлік шеберлік-көркемсөз, көркем қимыл, сахна сценографиясы – көркем бейне, көркем ой, әсер) арқылы дамытуға, өсіруге бағытталған дүние. (181 сөз)
https://qamshy.kz/article/22494-alemninh-dganha-dgeti-keremeti



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет