Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 10-сынып Қазақ тілі



бет75/82
Дата06.12.2023
өлшемі2,79 Mb.
#195336
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.
Талқылау кезінде
өз ойын
жетік жеткізе алады.

4

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.
Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.
Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.
Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.

3

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.

3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.
Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.
Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.
Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді.
Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды.
Талқылауға аз қатысады.


Оқылым
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. [10]

«Шешендік – адамға туа бітетін, қанмен келетін қасиет. Қазақтың сөз саптаған шешен, топ бастаған көсем болған қасиетті арғы атадан немесе нағашыдан іздеп жататыны да содан шығар. Иә, рас, елді өзіне ұйытып әкетуге адамның тумысынан бейімдігі болуы тиіс екен. Ең бастысы, ол көпшілік ортада сөйлегенді жақсы көруі қажет, тіпті мұндай кезде ерекше шабыты оянып, өзінің сөйлеген сөзінен өзі де ләззаттануы керек.


Көпшіліктің алдына шыққан кезде адам бірінші кезекте, қыстырма, жаттанды сөздерден аулақ болғаны жөн. Газет журналистері мақалаға тақырып қоюға баса мән береді. «Жақсы тақырып – жарты мақала» деген сөз қалыптасқан. Ал шешендік өнерде алғашқы сөйлем маңызды рөл ойнайды. Ұтымды басталған сөз бүкіл айтылған сөздің жартысы саналады. Шешен сөйлеу үшін адам алдымен, актерлік өнерді меңгеруі тиіс. Көпшіліктің алдында өзіңді еркін, денеңді тік ұстау, сөздің салмағын, мән-мағынасын қимылмен білдіріп отыру, бәрі-бәрі актерлік шеберлікпен ғана келеді. Бірақ, есіңізде болсын, осындай ақыл-кеңестерді мүлтіксіз орындаймын деп, жасандылыққа барудың қажеті жоқ - бәрі де табиғи болуы шарт.
Ағылшынның темір ханшайымы Маргарет Тэтчердің даусы құлаққа жағымсыз естілетін болған. Жұрттың алдына шыққан кезде ол назарын қайда аударарын білмей, қатты қысылатын әдеті болыпты. «Темір ханшайым» шешендік өнерден арнайы сабақ алмаса болмайтынын түсінеді. Бірінші кезекте ол тәжірибелі театр қызметкерлерінен көмек сұраған, уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Актерлік шеберлік пен шешендік өнердің арасында жақындықтың барын осыдан-ақ байқауға болады.» (205 сөз)

  1. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]

  1. Берілген кестені толтырыңыз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет