«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары ІІ нұсқа
1 .Төмендегі сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеңіз.
С.Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесінің басты тақырыбы не? А) Әділеттілік
Ә) Достық Б) Жетімдік
В) Еңбексүйгіштік
Г) Сүйіспеншілік [1]
»Жусан иісі» шығармасының оқиғасы қай кезді бейнелейді? А) Бақытты балалық шақ
Ә) Бейбіт өмір тіршілігі Б) Егін егу науқаны
В) Соғыс кезіндегі ауыл тіршілігі Г) Соғыстан кейінгі кезең[1]
Аян ертегілерінің «Баяғыда бір жетім бала болыпты»деп басталуының себебі неде екендігін көрсетіңіз.
А) Аян осы тақырыптағы ертегілерді ұнатады. Ә) Әжесі үнемі ертегі айтып отырады.
Б) Балаларға ұнағандықтан айтады. В) Өзіне ұнағандықтан айтады.
Г) Сол уақыттағы қоғамға байланысты айтады. [1]
Аянның әріпті тез үйренудегі мақсатын табыңыз. А) Ата-анасына хат жазуды армандады.
Ә) Бәрінен озық болғысы келді. Б) Жазушы болғысы келді.
В) Жақсы оқығысы келді.
Г) Соғысқа кеткен ағасына хат жазғысы келді. [1]
Аянға қаралы қағаз келгендегі алғашқы әсерін көрсетіңіз. А) Дереу ашып, жылап оқыды.
Ә) Ешкімге қарамастан теріс айналды. Б) Мелшиіп қатып қалды.
В) Ол үнсіз қабылдады.
Г)Ұзақ қарап тұрды. [1]
«Шығамын тірі болсам адам болып...» өлеңінде ақынның неліктен надан болғысы келмейтіндігін 3-4 сөйлеммен жазыңыз. (нақты не үшін надан болғысы келмейтіні туралы үзінді келтіріңіз) [2]
Қарамен берілген сөздерді негізге ала отырып, үзіндінің маңыздылығына негіздеме жазыңыз. [2]
Үзінді
|
Негіздеме
|
Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда, кім болам?
|
|
С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды (метафора)табыңыз.
[2]
«Жусан иісі» әңгімесіндегі ауыл тіршілігін 3-4 сөйлеммен суреттеп жазыңыз.
[2]
«Тортай мінер ақбоз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді»деген жолдарды қалай түсіндіңіз? Өз ойыңызды 4-5 сөйлеммен ашып жазыңыз. [2]
Соғыс жылдарындағы балалар өмірін сипаттай отырып, «Соғыс –жүрекке салған жара» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз. (сөз саны 100-110)
[5]
Достарыңызбен бөлісу: |