Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет83/84
Дата15.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#135763
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí 2
1542670892
Балл қою кестесі
Жазылым

Балл

Сипаттамасы

9-10

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.

7-8

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.

5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

3-4

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) ескермейді, жазылу сипатында бірізділік сақталмайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.

1-2

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді сақтамайды.
Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тілі пәнінен «Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағының» мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушыларды өз білімін түрлі жағдайларда қолдануға бағыттау. Сондай-ақ сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, сөзін салмақтап жұмсай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 7-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Нұсқаулық білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың білімдерін арттырып, сабақтарда қалыптастырушы бағалаумен жан-жақты талқыланған тақырыптарды шынайы өмірмен байланыстырып, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатына бағытталған.
Білім алушылардың Республикамызда және әлемде болып жатқан өзгерістер мен жетістіктерді тереңірек білуге септігін тигізеді. Өнер саласы және жаратылыстану пәндерімен тығыз пәнаралық байланысты көздейді. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушылардың орындаушылық және шығармашылық дағдылары қалыптасады.
Жиынтық бағалау тапсырмалары жаңа ғасырдың мақсаттарын көздейді. Оларға ойларын еркін ауызша жеткізуде және жаза білуде қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау дағдыларын қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет