Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет14/84
Дата15.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#135763
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí 2

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

2-бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»


1-НҰСҚА

Оқу мақсаты:

7.1.2.1 -әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
7.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.

Бағалау критерийі:

Білім алушы
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды.
Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:


Орындау уақыты:

Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут



1-тапсырма. Тыңдалым мәтініндегі автор көзқарасы мен көтерілген мәселені "Балық қаңқасы" әдісімен талдаңыз.

Көтерілген мәселе

автор көзқарасы

мәтіннен дәйектер

негізгі идеясы

Тыңдалым мәтіні.
Ежелден қобыз аспабын кие дарыған адамдар ғана ойнай алған. Екінің бірі ойнап кете алмайтын сыры мен қыры мол аспапты жыраулар мен абыздар, ұзандар мен бақсылар ғана қолданған. Халқымызда қобыз аспабын музыкалық инструмент емес, көбінесе бақсы-шамандардың құралы деген пікір қалыптасқан.
Аққу кейіпті бұл аспаптың ыңыранып шыққандағы үнінің адам бойын баурап, алпыс екі тамырын идіріп әкететін тылсым күші ғалымдардың әлі күнге танданысын тудырып жатыр. Үніндегі ерекшелікті домбырадағы әнді қобызға салғанда байқауға болады. Мүлде басқаша дыбыспен, үнмен шығады. Қобызда созылыңқы дыбыс болған соң, ән өзгеріске ұшырайды.
Қобыздың бізге белгілі нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген деген түрлері бар. Сандай-ақ осы қатарға оркестірлер мен ансамбльдерде ойналып жүрген альт, прима қобыздарын жатқызуға болады. Ішегі жылқының қылынан жасалатын бұл аспаптың екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілері бар. Бұл қобыздардың барлығы бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді.
Қоңыр дауысты сазды аспаптың үні табиғатқа өте жақын. Оның даусы қасқырдың ұлығанын, адамның даусын, желдің ысқырғанын, жебенің нысанаға тық етіп тигенін, аққу қанатының қағысын, судың сыңғырын бере алады. Табиғаттың қайталанбас дыбыстарын айна қатесіз бере алатын бұл аспаптың ғалымдар үшін жұмбағы көп. Тұтастай бір ағаштан ойып жасау үшін ұзындығы 70 см, ені 22 см, қалыңдығы 20 см ағаш алынады. Дыбыстың жаңғырып шығуы үшін беті жартылай терімен қапталады.
Қобыздың пішіні де ерекше мәнге ие. Оның аққудың тұлғасына ұқсап жасалуын академик Әлкей Марғұлан аққу құстың киелілігмен байланыстырады. Ғалым ежелгі қазақтардың аққуды қастерлеп, оның бейнесін өздерінің тотемі еткендігін негізге алады.


2-тапсырма.Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестерінің қажеттісін синонимдерімен ауыстыра отырып, "Қобыз - киелі аспап" тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет