Сұрақ: Ахмет шал қай баланы таңдайды? Жауабыңызды себебімен дәйектеңіз.
Жалғасы:
Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдыңа барды да қалт бөгелді. Қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айрылмады. Ахаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей бауырына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.
— Мен осы мықтының өзін қаладым.
Сұрақ: Неміс баласы қазаққа сіңісіп кете ме әлде өз ұлтын ұмытпайды ма? Себебімен дәйектеп, болжамды жауабыңызбен бөлісіңіз.
2-тапсырма. Халқымызда «Ауру - астан» деген сөз бар. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып эссе жазыңыз.
|
Достарыңызбен бөлісу: |