Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет79/84
Дата15.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#135763
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84
Байланысты:
Æàìáûë îáëûñû ?ê³ìä³ã³ á³ë³ì áàñ?àðìàñûíû? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êàáèí 2























Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым



Балл

Коммуникативтік құзыреттілік

Грамматикалық құзыреттілік

5

Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады.

4

Мәтінде көтерілген мәселені жеткілікті деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды.

Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады.

3

Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі.

Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады.

2

Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелір сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады..

Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі.

1

Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз.

Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет