Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 7-сынып Қазақ тілі



бет69/72
Дата21.05.2022
өлшемі0,65 Mb.
#144291
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігі білім бас армасыны О У- дістемелік кабин

Оқылым
2-НҰСҚА.
Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың тақырыбы мен сөз қолданыстарындағы ерекшеліктерге мысалдар келтіріңіз.
[10]

А мәтіні
...Тарихсыз болашақ болмайды, біз елімізге бостандық алып берген ағаларымыз бен апаларымызды еш уақытта ұмытпауымыз қажет. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысында Кеңес жерін жаудан қорғап, Белоруссияда, Украинада партизан қозғалысына қатысып, ерен ерлік көрсеткен жерлестеріміздің бірі. Қасым ағамызды тек қана жауынгер, қолбасшы ғана емес, көрнекті жазушы, қазақтың тұлғалы азаматы деп айтуға болады. Жерлесіміздің «Халық қаһарманы» атағын алғашқылардың бірі болып алғаны да бекерден-бекер емес. Біз әрқашан Қасым ағамыздың алдында басымызды иеміз, оны мәңгілік жадымызда сақтаймыз. Өздеріңіз білесіздер, Ұлан ауданы жұртшылығының ұсынысымен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен бұрынғы Молодежное кенті қазір Қасым Қайсенов кенті деп аталады. Бүгін батырдың туғанына 95 жыл толып отыр. Бұл мерекені біз Өскемен қаласынан бастап, өзінің туған жері – Ұлан ауданында атап өтеміз. Барша қонақтарға, батырдың ағайын-туысқандарына арнайы келгендері үшін үлкен рақметімді айтамын, ағамыздың аруағы бәрімізді қолдап жүрсін, жатқан жері жайлы болсын, бүгінгі мереке құтты болсын!


Ә мәтіні



Механикалық бөлшектермен өрнектелген қобдиша, ыдыс-аяқ, киім-кешек. Қостанайлық сәулетші Дмитрий Говорковтың үйі осындай ерекше заттарға толы. Бұл «стимпанк» деп аталатын өнер түрі ғылыми фантастикаға негізделген. «Стимпанк» сөзін ағылшыннан аударсақ, алғашқы буыны «бу» деген мағынаны білдіреді. Яғни бумен жүретін бұрынғы паровоздардың даму үрдісін танытатын өнер түрі. Басқаша айтсақ, байырғы және бүгінгі заманның техникалық жетістіктері түрлі бұйымдарда көрініс табады. «Стимпанк» стилі киім-кешек, әсемдік бұйымдар, ғимараттарды безендіру ісінде кең тараған. Дмитрий Горовков қобдиша, маска сияқты заттарды жасағанда негізінен ескі сағаттардың тетіктерін пайдаланады. Дмитрий Говорков, Қостанай қаласының тұрғыны: – Түрлі бұйымдарды безендіруге көбіне сағаттардың тегершіктері қолданылады. Себебі олар өмірлік қозғалыс, үздіксіз қимыл ұғымын білдіреді. Ал енді киім үлгілері бұрынғы металист, рокерлерді еске түсіреді. Мысалы, Дмитрий Горовковтың цилиндр қалпағы кәдімгі линолеумнен тігілген, ал карнавалдық костюмінде түтікше, шынжыр, білезік сияқты ұсақ бөлшектер үйлесім тапқан. Қазір бұл өнер түрін үйренуге ынта танытып жүрген шәкірттері де бар.
( https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/204645-negizdelgen-ner-t-rimen-ajnalysyp-keledi)



А мәтіні

Ә мәтіні

Тақырыптары







Мәтін қай стильде ?







Қандай ерекше сөз қолданыстары бар? Мысалдар келтіріңіз











Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет