Қолданылған әдебиеттер:
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ (PISA халықаралық зерттеулері бойынша) әдістемелік құралы.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
10- сынып
(аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат)
№
|
Тақырыптар
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
1
|
Кіріспе. PISA халықаралық зерттеуі
|
|
|
2
|
PISA жобасының даму стратегиясы
|
|
|
3
|
PISA тест тапсырмаларының құрылымы
|
|
|
4
|
Ғылыми жаратылыстану сауаттылық.
|
|
|
5
|
PISA тест тапсырмалары жауаптарымен
|
|
|
6
|
Жаратылыстану (компьютерлік формат)
|
|
|
7
|
Тапсырмаларды орындауға нұсқау
|
|
|
8
|
Жаратылыстану –ғылыми сауаттылығы. Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру.
|
|
|
9
|
Жаратылыстану –ғылыми сауаттылығы.Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру.Тірі жүйелер.
|
|
|
10
|
Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалар
|
|
|
11
|
Жаратылыстану –ғылыми сауаттылығы. Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру. Жер және ғалам туралы ғылым.
|
|
|
12
|
Жаратылыстану –ғылыми сауаттылығы. Жаратылыстану –ғылыми зерттеулердің негізгі ерекшеліктерін түсіну. Физикалық жүйелер.
|
|
|
13
|
Мәтіннен сұрақтар құрастыру.(қарапайым,проблемалық сұрақтар)
|
|
|
14
|
Ашық сұрақ,жабық сұрақ,екі типті сұрақтар
|
|
|
15
|
Қан айналым жүйесі
|
|
|
16
|
Қан тамырлары
|
|
|
17
|
Қан жасушалары, химиялық құрамы
|
|
|
18
|
Қан тапсыру туралы хабарламалар
|
|
|
19
|
Аралар
|
|
|
20
|
Сіз тістеріңізді қалай тазалайсыздар?
|
|
|
21
|
Темекі шегу
|
|
|
22
|
Денешынықтыру жаттығулары
|
|
|
23
|
Ауыз су, кока - кола
|
|
|
24
|
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда атқарылатын жұмыстар
|
|
|
25
|
Нанға арналған қамыр
|
|
|
26
|
Сапрофиттер дегеніміз не?
|
|
|
27
|
Ақбөкен
|
|
|
28
|
Оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырмалар
|
|
|
29
|
Тұмау. ACOL тұмауға қарсы ерікті вакциналау бағдарламасы
|
|
|
30
|
Биологиядан тақырыптық PIZA тапсырмасы
|
|
|
31
|
Өсімдіктер
|
|
|
32
|
Жануарлар
|
|
|
33
|
Денсаулық
|
|
|
34
|
Мәтіннен сұрақтар құрастыру. Қорытындылау.
|
|
|
Түсінік хат
Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болатын PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану сауаттылығы
Қазіргі заманғы қоғам өмірінде оқушылардың жаратылыстану ғылымдары мен технологияларын түсінуі, оларға өмірге әсер ететін жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары салыстырылатын қоғамдық стратегияны (курсты, саясатты) қалыптастыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік беріп, ерекше маңызға ие болуда. Сондықтан, PISA зерттеуі аясында 15-жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылықтарын зерттеу де маңызды болып табылады.
PISA зерттеуінде ғылыми жаратылыстану сауаттылығы ретінде ғылыми жаратылыстану білімдерін қолдана білу, қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекетінен қосылатын өзгерістерді түсінуге және сәйкесінше шешімдер қабылдауға қажетті мәселелерді анықтап, негіздемелі қорытындылар жасай білу қабілеттерімен түсіндіріледі.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:
ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);
қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);
ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);
ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы.
PISA зерттеуінде бағаланатын ғылым жаратылыстану білімдері, машықтары мен дағдылары ғылыми жаратылыстану циклі пәндері – физиканы (астрономия элементтерімен), биологияны, химияны, географияны оқуда қалыптасады.
Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы келесі компоненттерден тұрады: ғылыми жаратылыстану пәндері аясында қалыптасатын «жалпы пәндік» машықтары, ғылыми жаратылыстану білімдері қолданылатын жаратылыстану ұғымдары мен жағдайлар. Зерттеу мақсатына – белгіленген машықтар мен ұғымдарды кешенді тексеру жатады. Ұсынылған сұрақтардан жаратылыстану ғылымдары жауап беретін сұрақтарды белгілей білу, берілген ақпараттың негізінде ғылыми негізделген қорытындылар жасай білу машықтарын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |