«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі» КММ
«ЖАС ҰЛАН –ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ»
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
2023-2024 оқу жылы
Бекітемін
мектеп директоры
С.Н Кенесариев
-------------------------
«24» қазан 2023 жыл
«ТУҒАН ЕЛІМ ҚАЗАҚСТАН»
атты салтанатты жиынның сценарийі
Мерзімі: 24.10.2023жыл
Уақыты:сағат 12:00
Өтілетін орны: мәжіліс залы
Мақсаты : Оқушылардың қоғамдық әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- мектеп оқушыларын әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту,
Әлеуметтік – танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
«ЖасҰлан» ұйымына қабылданушылардың саны:
«Жас Қыран» ұйымына қабылданушылардың саны:
«ЖасҰлан» - 39
«Жас Қыран» - 41
Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар! Республикалық біріңғай «ЖасҰлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
Бүгіні Республика күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Біріңғай « ЖасҰлан, «ЖасҚыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды бастаймыз.
«Жас Ұлан» - шыншыл патриот
«Жас Ұлан» - нағыз топжарған
«Жас Ұлан» - қоғамға қызмет етеді
«Жас Ұлан» - жауапты азамат
«Жас Ұлан» - сенімді дос
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері – әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Ендеше Құрметті ұстаздар, сіздерді «Жас Қыран» оқушыларының төсбелгілерін табыстау үшін ортаға шақырамыз.
(2 сыныптар шығады)
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымның туын көкке көтерген,
Ертеңімін Егеменді елімнің.
Ендеше Жас қыранға қабылданған оқушыларды құттықтап, сақына сыртына шығарып саламыз.
Егеменді еліміздің тірегі,
Мектептің болашағы жігері.
Достықпен татулық тілегі,
«Жас Ұлан» , «Жас Қыран» ұйымының біз түлегі.
Құрметті 5 сынып оқушылары, сіздерді «Жас Қыран» төсбелгілерімен галстук табыстау рәсіміне шақырамыз. (5 сыныптар шығады)
Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық Жас ұлан әнім!
ГИМН «Жас Ұлан»
(5 сыныптар Жас ұлан гимнін орындайды)
Біз Отанның Ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Тәуелсіз ел ұланы,
Ант беруге дайын бол!
5 «Б» сынып оқушысы ант береді.
Мен, Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отаным-Қазақстан Ресспубликасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туғанелім,жерім Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтынұстануға;
Табиғаттыаялауға;
«Жасұлан», «Жасқыран» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін.
Біздің жерлестеріміз даңқты ерлігі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН ! АНТ ЕТЕМІН! АНТ ЕТЕМІН!
Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «ЖасҰлан», «Жас Қыран» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек ұланы бар елі бар.
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира ұланбайтақ жеріміз.
Туған елін жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз еріміз.
2022-2023 жылғы Жас Ұлан Жұлдызы байқауында 1 орынды иленген
Орынбасар Замиранын орындауында «Сары жайлау» әнін қабыл алыныздар.
Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жүрегімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қазынаңа толған мекен,
Байлығымның атын айтсам – Қазақстан.
Қазақстан – ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылардың арманын биік еткен.
Өзге де ұлт, ұлысқа қоныс болып,
Оларғада жақсылық үйіп төккен- дей отыра
сөз кезегін Мектеп Директоры С.Н Кенесариевке береміз.
Құрметті, оқушылар сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!
Республикалық біріңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалармен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымыз осымен аяқталды. Кош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |