Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы
«№7 Бетқайнар колледжі»
әдіскері Абдулмаксут Айнурға
«Үздік педагог-2024»
республикалық байқауына қатысуына
Ұсыным Айнур Абдулмаксутқызы «Talap» КеАҚ штаттан тыс тренері, Жамбыл облысы әкімдігінің № 7 Бетқайнар колледжінің әдіскері, «Экология» мамандығының магистрі.
Педагог шығармашылықпен жұмыс істейтін, өз пәнін жетік меңгерген шебер ұстаз. Өз жұмысында білімгерлердің оқу іс-әрекетін белсенді ұйымдастырып, инновациялық жұмыс түрлерін қолдана отырып, білімгерлердің мамандыққа деген деген қызығушылығын арттырады. Білімі – жоғары. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білікті ұстаз, іскер маман, қабілет-қарымы жоғары педагог. Қай істі болмасын соңына дейін аяқтап, нәтижесін, жемісін көре білетін, әр ісіне ыждаһаттылықпен қарайтын қасиеттерімен әріптестері арасында сыйлы. Ол – теориялық біліммен мықты қаруланған, теорияны тәжірибемен ұштастыра білетін ізденімпаз оқытушы.
Оқу-тәрбие процесінде болашақ мамандарды өз бетінше жаңа білімді меңгеруіне, креативті ойлануына, және шығармашылық ізденіске жол ашатын ұстаз. Әр сабағына жан-жақты ізденімпаздықпен, шығармашылықпен дайындалып, оқытудың заманауи технологияларын тиімді қолдану жолында аянбай еңбек етіп келеді. Өз ісінің кәсіби шебері ретінде студенттерін ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға бағыт-бағдар береді. Оған дәлел – жетекшілік еткен студенттерінің халықаралық, республика, облыс көлемінде байқаулардың жеңімпазы атануы.
Колледжде болашақ кәсіби мамандарды оқытудың инновациялық әдістерін меңгертуде, жастардың бойында ізгілік қасиеттерін шыңдауда жемісті еңбек етуде. Ұстаз – педагогикалық еңбек тәжірибесінде қоғамдық жұмыстарға қатысып, жүлделі орындар биігінен көрініп жүрген тәлімгер ұстаз, әр баланың бойына адамгершілік, ізгілік, имандылық, елжандылық қасиеттерін өзінің іс-тәжірибесі арқылы сіңіре білген білікті маман. Шығармашылық жұмыс пен кәсіби біліктілігінің нәтижесінде бірнеше мәрте марапаттаулар мен алғыс хаттарға ие болды.
Kazan Digital Week 2023 халықаралық форумы аясында, Ресей Федерациясының Татарстан республикасының министрлер кабинетімен бірлесіп Үкіметі ұйымдастырған «Цифрлық технологиялар және құқық» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысушысы; «Ұлағатты ұстаз әлемі – 2021» атты ІІ Халықаралық педагогикалық-шығармашылық байқауының «Үздік педагогикалық мақала» номинациясының 3 орын Халықаралық таланттар академиясы дипломы, Рег. №ДИПІІМПТК-ҰҰӘ_101, сертификаты №СЕРІІМПТК-ҰҰӘ_101 Алматы қаласы;
«Білім, ғылым және мәдениет дамыған қоғамның индикаторлары» IV Халықаралық ғылыми-практикалық интернет конференциясының қатысушысы Халықаралық білім және ғылым академиясы сертификаты №00031, Астана қаласы, 2023 жыл.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы республикалық кәсіби шеберлік конкурсында «Білім беру» саласы бойынша қазылар алқасының жұмысына қатысқаны үшін сертификат берілді, Ақмола облысының білім басқармасы, Көкшетау қаласы 2023 жыл;
Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік орталығы мен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми кеңістік: өзекті мәселелер, жетістіктер және жаңашылдықтар» студенттердің республикалық ғылыми-практикалық конференциясында ғылыми жетекшісі Абдулмаксут Айнур жетекшілік еткен ғылыми жұмыс «Жамбыл облысы жағдайында жылыжайда лимон өсірудің технологиясы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы 1 дәрежелі диплом, Ақтөбе 2022 жыл;
«Аграрлық салада ғылыммен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» өңірлік ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін сертификат берілді, №000081, Орал 2023 жыл;
«Жетісу облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» КММ «Цифрлық дәуіріндегі білім берудің ғаламдық болашағы» атты өңіраралық онлайн конференциясында іс-тәжірибесімен бөліскені үшін сертификатпен марапатталды №65, Талдықорған қаласы, 2022 жыл;
Тараз гуманитарлық университетінде өткен «Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде су және жер ресурстарын тиімді пайдалану» тақырыбындағы дөңгелек үстелге студенті Усенов Мурат Мұхтарұлы қатысып, ғылыми жетекшісі Абдулмаксут Айнур сертификатпен марапатталды, Тараз 2022 жыл;
«Жаңа Қазақстан-ел тірегі, білімді ұрпақ!» - атты колледжаралық білімгерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында белсенділік танытып, колледждің қоғамдық іс-шараларына қатысқаны үшін Абдулмаксут Айнур алғыс хатпен марапатталды, «Береке» гумманитарлық-техникалық колледжі, Қордай 2022;
Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық «Мектеп» журналы атынан мектеп өміріндегі игі істердегі бастамашылығы мен білім беру саласының өсіп-өркендеуіне үлес қосқаны және ұрпақ тәрбиелеу жолындағы абыройлы еңбегі үшін алғыс хат №090.
Қордай ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел іші-өнер кеніші» атты байқауында алғыс хатпен марапатталды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» «Ғаламшар болашағы – біздің қолымызда» тақырыбында өткен Республикалық экологиялық форум жұмысына белсене қатысқаны үшін сертификат, Тараз қаласы, 2023 жыл;
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас педагогтер арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Мен Тәуелсіздіктің құрдасымын!» тақырыбындағы облыстық эссе байқауына қатысқаны үшін ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады;
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен облыстық «Педагогикалық старт-2023» байқауында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Жаңа Қазақстан-ел тірегі, білімді ұрпақ!» - колледжаралық білімгерлердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында белсенділік көрсетіп, маңызды баяндамамен бөліскені үшін Сапарбай Ахмет І дәрежелі дипломмен, Уразмет Айнур Айтбайқызы ІІ дәрежелі дипломымен, ғылыми жетекшісі Абдулмаксут Айнур алғыс хатпен марапатталды 2022 жыл;
Әдіскерлік сүйемелдеуінде 2022-2023 оқу жылында педагогтарының жеткен жетістіктері:
Облыстық педагогтар арасында өткен «Үздік педагог - 2022» байқауында екінші орынды иеленген бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі Саметова Дана Жумабековна
«Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық салалық кәсіподақ конкурсында 2 орын алған «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы Жауар Бауыржан Ұшқанбекұлы;
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстары» облыстық конкурсының «Ғылыми-зерттеу жұмысы» бағытынан 7 Бетқайнар колледжінің информатика пәнінің 1 санатты оқытушысы Жуманова Айдын Джумакановна 2 орын иегері атанып дипломмен және «Цифрлық білім беру өнімі», «Оқу жұмысы бойынша әдістемелік өнім» бағыттарында жұмыс тапсырып алғыс хатпен марапатталды;
Жамбыл облыстық кәсіби шеберлік конкурсында 1 орын иеленген Химия пәнінің оқытушысы Ниязбекова Сагынкуль Сакеновна техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсы «Білім беру» саласы бойынша қатысқаны үшін Ақмола облысы білім басқармасының сертификатымен марапатталды.
Қанипа Бітібаева атындағы республикалық ғылыми-әдістемелік зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ БАСШЫСЫНЫҢ (ДИРЕКТОРЫНЫҢ) ҮЗДІК ОРЫНБАСАРЫ» республикалық кәсіби байқауында үздік нәтижесі үшін Нурбекова Гаухар Алмабековна 2 дәрежелі дипломмен №04/11-057 және сертификатпен № С-02-04/13-16 марапатталды, 2023 жыл;
«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының штаттан тыс тренері болғандығын растайтын сертификат №033, 2023 жыл;
КФ «Академия Елбасы» Образовательная программа курсов повышения квалификации педагогов «Навыки эффективного мышления и когнитивная гибкость» сертификат 40 часов, №000087, 2022 жыл;
«Білім-Өркениет» РҚПБАжҚДО, 2020 жыл, «Ағылшын тілі» пәні бойынша, 80 академиялық сағат;
«Өрлеу» БАҰО, 2021 жыл, «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту», 72 сағат, сертификат №244757;
«Талап» КЕАҚ 2021 жыл. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» 108 сағат көлесінде сертификат№ 21П 02164;
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің цифрлық трансформациясы» Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша курсты қашықтықтан оқыту нысанында 36 академиялық сағат көлемінде сертификат №00075;
2023 жылғы 10 мен 16 мамыр аралығында 36 академиялық сағат көлемінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» бағдарламасы бойынша «Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренерлеріне және штаттан тыс тренер үміткерлеріне арналған оқыту семинарына қатысқандығын растайтын сертификат №7 2023 жыл;
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшесі, әрі мекемедегі еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің мүшесі. Кәсіби шеберлігі мен кәсіподақ жұмысын ұйымдастырудағы шеберлігінің арқасында 2022 жылы «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» республикалық салалық кәсіподақ конкурсында №7 Бетқайнар колледжінің осы саладағы жұмысы үздік деп танылып, 2 орын иеленді. Ұжымның заң жағынан, міндеті мен құқықтары тұрғысынан ол ылғи кәсіподақ мүшелерінің мүмкіндіктері мен құқықтарын қорғап, қолдап жүреді.
Абдулмаксут Айнур білім саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Ол өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мол, білікті қызметкер ретінде көрсете білді. Өзінің алдына қойған міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды. Қызметкерлер арасында өте беделді. Білімді де, білікті өз мамандығын жетік меңгерген ұстаз. Абдулмаксут Айнурдың кәсіби құзіреттілігін ескере отырып, «Үздік педагог-2024» республикалық байқауына қатысуына ұсыным етемін.
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасы «№7 Бетқайнар колледжі»
КМҚК директорының у.м.а Жауар Б.У ____________
Ұсыныс хат беретін тұлғаның аты-жөні қолы (ұйымның атауын көрсете отырып)
Күні 14.02.2024