Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті



бет24/53
Дата16.05.2023
өлшемі1,61 Mb.
#176910
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53
Байланысты:
Жамбыл облысы кімдігіні білім бас армасыны О У- дістемелік ка

Барлығы




30

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары




Тыңдалым
Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, кітапханадан табамыз. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашы.
Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандық иелері. Ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шындаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін демдеп беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік- кез келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады. Алдына келген ауру адамға ем жазатын дәрігер болса, алып жатқан білімін қосымша оқу-біліммен толықтыруға көмектесетін мамандық иесі- кітапханашы. Кәсіби шеберлік, білімділік, әсіресе кітапхана саласы ақпаратты беру мен табу, іздестіру жолдарын білуде кітапханашы мамандар бірінші кезекте. Кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшелінеді. Себебі, кітапханамызда күн сайын жаңалыққа толы сәттер, жаңа келген газеттер, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден кереккітаптарын алып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті кең мағлұматты кітапханашыдан алып жатады. Осылай кітапханамызда жұмыс күні жалғасып жатады.
(175 сөз)



  1. Мәтін тақырыбына сай келетін қатарды көрсетіңіз.

  1. Абыройлы мамандық

  2. Кітапханашы қызықтары

  3. Кітапханашы мамандығы

  4. Қасиетті қазына

  5. Рухани құндылық




  1. Мәтінді тыңдап, мазмұнына сай сөздерді белгілеңіз.

  1. кітап

  2. кітапхана

  3. мектеп

  4. өмір

  5. уақыт

[1]

[1]

  1. Шығарманың мазмұнын анықтап, екі детальді ақпаратты жазыңыз.

1.
2.

[2]


  1. Берілген сөйлемдегі қарамен жазылған күрделі сөздің мағынасын ашып жазыңыз.

Дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашының еңбегі ұшан-теңіз.


[1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет