Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Нашарбай Алтынай



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі1,84 Mb.
#38328
  1   2   3

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі
«Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Нашарбай Алтынай
9 «Ә» - сынып
Тақырыбы:

Ұялы телефонның адам ағзасына ықпалы


Бағыты: Физика
Ғылыми жетекші: Досанова А.Х.,
физика пәнінің мұғалімі
Белбасар ауылы
2016-2017 оқу жылы


Мазмұны

І.Кіріспе


ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Ұялы телефонның шығу тарихы
2.2. Ұялы телефонның түрлері
2.3. Ұялы телефонның пайдасы
2.4. Ұялы телефонның кері ықпалы
2.5. Сараптама: мектеп оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушының шығармашылығын, қабілетін барынша ашып, қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Бұл жобаның мақсаты оқушы белсенділігін арттырып, өз бетінше ой қорытып, пікір айтуға дағдыландыру. Оқушы қаншалық көбірек білген сайын оның оқуға деген ынтасы артады. Оқитын тақырыбының мәнін түсіну үшін осы заманғы ғылыми жетістігін түсіндіру қажет. Бүгінде біздер күнделікті тіршілігімізде электротехниканың сан алуан түрлерімен сәт сайын бетпе-бет келіп, тұрмысымызды оларсыз елестете де алмаймыз. Үйдегі керегінше кәдеге жарап, әр жерде монтиып тұрған теледидар, компьютер, микротолқынды пеш, радио және ұялы телефондардың бәрі бірігіп, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін электромагниттік фон түзетінін екінің бірі біле бермейді.Бір қарағанда зияны бірден көзге ұрып тұрмаған соң ,аса мән бере бермейтінімізде шындық. Бүгінгі таңда адам баласы техника саласында таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізіп жатқанменен, оның есесіне бізді қоршаған ортада техногенді электромагнитті өрістің қарқыны күрт өсті. Электромагнитті өріс жайлы түсініктердің негізін салған М.Фарадей болған. Электромагнитті өріс зарядталған бөлшектердің арасындағы әрекеттесулерді іске асыратын материяның ерекше түрі. Ол шын бар, яғни бізге тәуелсіз, біздің ол жайлы білімімізге тәуелсіз өмір сүреді. Электромагниттік өрістің кері әсерін зерттеп жүрген мамандар компьютерге, ұялы телефонға шектен тыс үйір болу жас жеткіншектерге келе-келе түрлі науқастар жамайтынын айтады. Америка оқымыстысы электромагниттік өрістің әсерінен пайда болатын вегето-тамырлары мен тыныс алу жолдарының қызметінің бұзылып, аллергиялық астмаға дейін асқынуын, невралгиялық және мінез құлықтың өзгеріп, кейде адамның өзін-өзі ұстай алмауы сияқты науқастарды «радиотолқынды аурулардың» қатарына жатқызды.Осы американдық профессор Дейв Стецер қызмет ететін компанияның сынақ лабораториясында осындай зиянды электромагниттік сәулелену әсерінен сақтайтын құралдар жасап жатқан көрінеді. Ал бізде нендей әрекеттер жасалынып жатыр? ...
Осындай электромагниттік сәуле шығаратын көздің бірі - ұялы телефон.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет