Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы Лицейдің Бастауыш сынып мұғалімі: Жакупова Улпан Қуандыковна «Жанұя – тәрбие мектебі»


Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»



бет4/4
Дата27.12.2016
өлшемі398,62 Kb.
#5840
1   2   3   4



Баяндама «Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері»


Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу,зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді.

Ата — ана — бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата — аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-өыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің

сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шешеғ үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.

Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!

Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Иә, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.



Мектеп ,ата-ана, ұстаз


Ой санасы дамыған,адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан- жақты қалыптастыруды көздеген  тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді.Тәрбие жұмысының табысты болуының  басты кепілі  мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.Өйткені адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы ата - ана. «Отбасында  адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім жақындарына ,туған туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» - деп елбасы айтқандай , бала әкеден ақыл, анадан мейір алып өседі. Қай ата- ана болмасын баласының тәрбиелі,білімді, мәдениетті,  ... болуын қалайды. Ал   адам өмірінің мәні мен сұлулығы,адамның келешегіне сенімділігі баланың ата - анасын ардақ тұтып ,өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Сол себепті бүгінгі   жиналысты ата - ана туралы ұлағатты сөздерден бастауға рұқсат етіңіздер.

 Ата- ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.(Ғ.Мұстафин)



Ата- ана қадірін білмеген – халық қадірін білмес (Ғ.Мұстафин)

Ата- бабасын сыйламау –  азғындықтың белгісі. (Ғ.Мұстафин)

Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы ; жаманы- қайғысы,азап- соры.( В.А.Сухомлинский)

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата- анасын ,туған- туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.(Ы.Алтынсарин.)

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады.Жақсылық та адам бойына  нақ сол бала кезде егіледі.Ол жылдар өте келе ,өніп шығады.Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. (С.В. Михалков)

 Ана жүрегін сезе біл,оның жанарындағы шапағатпен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты ,абыржу мен ренішті көре біл.Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан  өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.(В.А.Сухомлинский)



Кімде – кімнің үйінде қартайып отырған әке шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы »болса,ол    - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі деп ойламасын ,егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап,қамқорлық жасаса,ата- анасы оның отбасының құты болып табылады.( Платон)

Тәртіп көрген адам бала күнінде,

Өнерімен қуандырар түбінде.( Ж.Баласағұн)

Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.( Ғ.Мұстафин)

Тәртіптіңең тамаша мектебі – отбасы. (С.Смайлс)                                                                 

Рақмет, балалар, ата аналар алдындағы әдептіліктерің бармақтай кездеріңнен бойларыңа дарыған қасиеттерің  болып қала берсін.

ІІ. Бүгінгі қоғам алдындағы мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді шығармашылық іс әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу.Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, балабақша, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп жүзеге асуы тиіс. Өйткені,отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.




Ендене ата-ананың балаға ықпал ету әдістеріне тоқталар болсақ:
Әдістер Мазмұндық көрсеткіштер Нәтежелер
1 Ықпал ету арқылы баланың өзіне сенімін нығайту
Нандыру, сендіру, иландыру, ақыл кеңес,іс-әрекетін қуаттау, нұсқау, қолдау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлес болу. Өзіне сенімі артады


2 Ықпал ету арқылы тежеу
Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету,беделімен басыну, санаспау. Тартыншақ,
қорқақ, ырықсыз,өтірік,
жігерсіз,жалтақ
3 Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту
Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өңдеу.
Көңілі өсіп марқаяды,батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады
4 Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер
Баланың ырқына көну, еркелету,балаға мән бермеу,бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрсу,орынсыз кінәлау,алдау,мазақ ету, нашар үлгі көрсету Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез.
Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болары анық. Өзімшіл болып өспесін десеңіз, мына қателіктерге жол бермеңіз:

1. Егер сен мен қалағандай болмасаң, мен сені жақсы көрмеймін;
2. Не істесең, оны істе маған бәрібір;
3. Аса қаталдық, яғни «Мен нені айтсам соны орындауың керек, Өйткені мен үйдің басшысымын»
4.Балаларды тым еркелету,
5.Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ,
6.Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз етпе;
7. Баланың ісіне көңіл күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау.
Ата-ана балаларын адалдыққа үйретемін десе:
* Айтқан сөзінде тұру керек. Қандай да бір жағдайда уәдеңізді орындай алмасаңыз, балаңызға не себепті орындай алмағаныңызды айтып кешірім сұраңыз.
* Егер балаңызға өзіңіз өтірік айтып қойған болсаңыз, мойындап, не себепті өтірік айтқаныңызды айтып түсіндіріңіз.
*Бала шындығын айтқанда қолпаштап отырыңыз. Әсіресе айтуына қиын болған сәттерде.
* Балаға көп талап қоймаңыз және одан қабілетінен тыс көп нәрселерді күтпеңіз. Есіңізде сақтаңыз: Талап көп және қатаң болған сайын, бала жазаланудан қашу үшін өтірікті қорғану әдісі ретінде көп қолданады.
Ата-аналар мектеппен тығыз байланыста болу керек. Кез келген уақытта сабаққа қатысу керек. Барлық сабақтан «5» болып, орыс тілі, әннен «4» болса сізді ойландыруы тиіс. Балаға сол сабақтарға қарауға бағыт беру керек. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз. Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:
1. Таңертең (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;
4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;
7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;
8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.
9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуін талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;
10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.


14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз. Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла,» – деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса; ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет. Ата –ананың міндеті:
1. Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;
2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;
3. Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;
4. Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;
5. Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;
6. Мектептегі ұйымдастырылған ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;
Ата-аналар кодексінде: Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті; Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс


1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.
2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.


4. Мектеп туралы, мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.
5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз, өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.
6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.
7. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз, оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.
8. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін, күнделігін, дәптерін қадағалап отырыңыз.
9. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.
10. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға, байқауларға қатысыңыз.
Қорыта келгенде,оқушылардың өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс – әрекетін сараптап, жан – жүрегімен сезіне алатын жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдемін.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін,
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатындай,
– балаларыңыз, үлкен азамат болып өссін!
Сондықтан үш одақ оқушы, ұстаз, ата – ана жұмысындағы сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

 

Тәрбие берудегі отбасының маңызы



Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» – деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақтың ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде:
Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар.
Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс-шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен қосшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты. «Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. «Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп, жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен

кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке - өз үйі» – деген тамаша нақыл бар.


Адалдықпен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек»,- деп қазақтың ұлы ақыны,ағартушысы Мағжан Жұмабаев дәл тауып айтқан.
Отбасы –адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болып ұшу үшін, оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі:
- бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;
- өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамныњ азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;
- отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірек – арқауы;
- отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;
- отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
- отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеп, елжанды азамат тәрбиелеу;
- отбасы баланың мамандықты еркін жєне саналы таңдауына ықпал жасаушы;
- отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.
В.А.Сухомлинский «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» дегендей

мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Өз тәжірибемде тәрбиенің отбасы бағытында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы», «Бақытыңды балаңнан ізде», «Оқу мен тәрбие егіз» « Отбасы-алтын діңгек» «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі мен мектеппен байланысы» тақырыптарында ата-аналармен бірігіп ата-ана жиналысы мен тәрбие сағаттар жүргіздім. Отбасының бала тәрбиесінде алар орны мен маңызы жөнінде пікірталастар мен баяндамалар жүргіздім. Ата-аналарға балаларының тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, құр асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұрғандығын еске салдым.


Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады » деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата – аналар , сіздерге байланысты. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ сондықтан балаларыңыз елін,Отанын сүйетін азамат болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздер бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермейік,! Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет