Жамбыл облысы, Тараз қаласы №14 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абилова Баян Бәкірқызы



Дата25.12.2016
өлшемі44,48 Kb.
#4537
Жамбыл облысы, Тараз қаласы №14 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Абилова Баян Бәкірқызы

1 Коучинг тақырыбы:

Табысты оқытуға қол жеткізудегі диалогтік оқытудың рөлі.

Мақсаты: Ынтымақтаса жұмыс істеуге ықпал жасау, өз пікірлерін айта алу, идеялармен алмаса алуға үйрету, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу.

Оқу нәтижелері:

1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.

2. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.

3. Диалогтік оқытудың тиімділігіне көз жеткізеді.



Түйінді идеялар: Диалог-оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Диалогті қолдану арқылы мұғалімдер білім сапасына үлкен ықпал ете алады. Оқушыларды оқыту үдерісіне мейлінше тартуға көмектеседі.

Ресурстар: флипчарт, маркер, стикер, слайд, смайлик, магнитті тақта, интерактивті тақта.

Сілтеме: МАН ІІ деңгей, «Тренингтік ойындар мен жаттығулар» әдістемелік құрал, «Коуч-мұғалімнің жұмыс кітабы» біліктілікті арттыру жүйесіндегі мұғалімдерге арналған жұмыс кітабы.

Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

1 минут

Коуч пен коучингке қатысушылар сәлемдеседі.

Топқа бөліну

2 минут

Стикер түстері арқылы топқа бөлінеді.

Психологиялық ахуал.

«Мен кіммін?» ойыны



3 минут

Стикерлерге атақты адамдардың аттарын жазып бір-бірінің шекесіне жапсырады. «Мен кіммін, әншімін бе?» дей отырып, өздерінің кім екенін табады.

Презентация

2 минут

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады

Презентация

2 минут

Мерсердің негіздемесі бойынша диалогтік оқытудың 3 түрі бар

  • Әңгіме-дебат

  • Кумулятивтік

- Зерттеушілік

Ұжымдық жұмыс

10 минут

1-топ:
Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қаланың әуе аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады. Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын. Сонымен қатар қалада көптеген өндіріс орындары мен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде.
- Бұл проблеманы қалай шешуге болады? 
Осы проблемаға қатысты шешу жолын іздейсіздер. Өздеріңіз тапқан шешу жолын көрсетесіздер. 
2-топ:

Ұялы телефон оқушы үшін қажет дүние ме?

Талқылаңыздар.

3-топ:


Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдары. (Постер қорғау)

Сұрақ: Бұлар әңгіменің қай түріне жатады?



Презентация




.   Әңгіме- дебат.

-ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әр қайсысы өз пікірлерінде қалады;

-ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

-қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай»,«Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;

-орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

Кумулятивтік  әңгіме.

-айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;

-әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімдікпен тыңдауы;

-идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді..



Зерттеушілік әңгіме   жүргізілу үстінде:

-әркім ақылға қонымды әңгіме ұсынады;

-әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

- қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

   - қатысушылар  сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді,осылайша әңгімеде дәлелдеме

« көрінеді»

-топағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы-келісімге ұмтылуы)



бейнефильм

2 минут

«Крот и яйцо»

Рөлдік ойын

10 минут

Берілген бір тақырыпты таңдап, «Әңгіме-дебат», «Кумулятивті әңгіме», «Зерттеушілік әңгіме» түрлері бойынша сценарий құрастырып, рөлге түседі.


бағалау

3 минут

Бармақпен әр топ өзара бір-бірін бағалалайды.

Кері байланыс

2 минут

Бүгін не нәрсе үйрендіңіз?

Көңіліңізден шықпаған не болды?



Рефлексия

3 минут

Екі жұлдыз бір тілек


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет