Жамбыл облысы


Құрылыс, қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы



бет3/4
Дата04.01.2022
өлшемі80,34 Kb.
#109189
1   2   3   4
Байланысты:
в МОН насчет кап ремонта

Құрылыс, қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы

Ағымдағы жылы Байзақ ауданында жалпы құны 2 550 375 мың теңгеге 26 жоба іске асырылуда, оның ішінде: - мәдениет саласында 3 жоба, спорт саласында 2 жоба, білім саласында - 2 жоба, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым 9 жоба, ауыл шаруашылығы саласында 1 жоба, әкімшілік ғимараттарды күрделі және ағымды жөндеу-126 791 мың теңгеге 9 жоба.

Бұдан бөлек, 10 мектепке күрделі жөндеу және 37 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары мен модульді санитарлық тораптарды орнату жоспарланған.

Ауданда іске асырылып жатқан нысандарды зерделеу барысында бірқатар кемшіліктер анықталып отыр.

Атап айтқанда, ағымдағы жылы 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс «Қостөбе ауылында орта мектепке жанама спортзал, мәжіліс залы және 3 оқу бөлмелерінің құрылысы» (Тапсырысшы: «Байзақ ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі», мердігер: «Тараз Ирригация» ЖШС, техикалық қадағалаушы: «АдиСан» ЖШС, авторлық қадағалаушы: «Күмбез Тас» ЖШС) нысанының жоспарланған мерзімде аяқталмау қаупі бар. Ауыл тұрғындарының арызы бойынша және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес мектептің акт залын бөлек салу бойынша жоба әлі күнге дейін әзірленбеген. Зерделеу барысында анықталғандай, нысанды мектептің қазіргі қазандығына қосылу көзделген, алайда, қазандықтың қуаттылығы жапсарлас құрылысқа толық жетуіне күмәндік келтіруде. Осы себепті, жобаға қосымша қазандық қарастыру қажеттігін ескертеміз.

Сондай-ақ, жоспарланған 37 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары мен модульді санитарлық тораптардың 31 нысанда жұмыстар аяқталмаған немесе


78 %-ға орындалмаған.

Осыған орай, «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына сәйкес тиісті қадағалау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуді талап етеміз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет