Жамбыл орта мектебі жанындағы
«Айгөлек» шағын орталығы
Қош бол,
балабақшамыз!
2021-2022ж
Қош бол, балабақшамыз!
Мақсаты: Мерекені сезіндіру.
Білімділігі: Балалардың мектепке, білімге деген қызығушулықтарын оятып, сүйіспеншілігін, ынтасын талабын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Адамгершілікке, сыйластыққа , ұйымшылдыққа, сүйіспеншілікке,әдемілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Топ безендірілуі:, кілемдер төселу, орындықтар қою, шар ілу, гүлдер қойып тастау алаңды толығымен безендіру.
күй назымбек аға
Тәрбиеші
Өтті қызық көп күндер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі оқушы болатынына сеніміз мол. Кәнекей, кішкентай түлектерімізге тағы да бір қошеметпен қол соғып ортаға шақырайық. Бүгінгі кешіміздің түлектерін таныстырып өтсек.
Тәрбиеші: Сабина
Биязы мінезімен
Түрлі рөлді сомдайды.
Күлімдеген ТАХМИНАНЫ
Барлық досы қолдайды.
тәрбиеші: Аягөз
Спортты жаны сүйеді
Салауатты өмір сүреді.
Бар қоғамдық жұмыстың,
Ортасында жүреді.
АРСЕН топтың жүрегі.
тәрбиеші: Сабина
Сабырлы, жайсаң мінезі
Адалдықты сүйеді.
Бәрі де бәрі сыйлайды
Топтас құрбы АЙШУАҚТЫ
тәрбиеші:Аягөз
Бойында үлкен намыс бар,
Әрқашан алға ұмтылған.
Сегіз қырлы, бір сырлы
Намысшыл жігіт ДІНМҰХАМЕД
тәрбиеші: Сабина
Инабатты сұлу қыз.
Әдемі де түзу қыз.
Достарыңызбен бөлісу: |