Жанар Таласпаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Тұғыры биік тұлға
Білім және ғылым саласына өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші-әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Серғалиев 1938 жылдың 17 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Октябрь (қазіргі Шал ақын) ауданына қарасты Жаңажол ауылында дүниеге келген. Өнегесі мол білікті ұстазымыз көзі тірі болса, үстіміздегі жылы 80 жасқа толар еді.
Мырзатай Серғалиев еліміздің солтүстік өңірінен шыққан алғашқы және жалғыз тіл білімі саласының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылым-дарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі және білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одақтарының мүшесі, қоғам қайраткері, Шал ақын ауданының құрметті азаматы болды. Ол Орталық сайлау комиссиясы жанындағы лингвистикалық комиссияның мүшесі ретінде 1998, 2005 жылдары ел Президенттігіне үміткерлерден мемлекеттік тілді білу дәрежесін анықтайтын емтихан алуға қатынасты.
Ғалымның ғылыми зерттеушілік ауқымы кең әрі жан-жақты. Ол тілдің синтаксис, сти-листика, грамматика, тіл мәдениеті, лексикография салаларында құнды еңбекгер жазды. Көптеген көркем әңгімелер мен аудармалардың, эсселер мен естеліктердің, әзілі бар мөлтек әңгімелердің де авторы, шебер тілді жазушы бола білді. Ғалымның көркем әдебиеттің стиліне, баспасөз бен теледидардың тіліне ерекше назар аударып, сөз мәдениетін сақтауды үнемі сын елегінен өткізіп отыруын ана тілінің жанашыры болды деп қабылдаған жөн. Қазақ сөзінің көркемдік қуатын тануда өзіндік қолтаңбасы бар ға-лымдарымыздың бірегейі Мырзатай Серғалиев республикамызға ғана емес, одан тыс-қары жерлергеде танымал.
Әдеби-сын саласы бойынша оның "Уақыт және қаламгер", "Сөзстан", "Кең өріс", "Сөз сарасы", "Ой ернегі", "Өнеге" деп аталатын еңбектері мазмұнымен, үлгі-өнегесімен құн-ды. Аталған еңбектерінде уақыт талабына сай, қазіргі қазақ әдебиетінің келелі мәсе-лелерін қарастыра келе, Б.Майлиң М.Әуезов.Ғ.Мүсірепов, І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, О.Бөкей, З.Шашкиң С.Шаймерденов, М.Қаратаев сияқты тағы да басқа әдебиет саң-лақтарының сөз қолданыстарындағы стильдік ерекшеліктерін айқындай түседі. М.Сер-ғалиев көркем аудармамен де айналысты. Ол Л.Камад К.Вирх, М.Зараб, В.Валаж, қазақ оқырмандарына таныстырды.
Тіл мен әдебиет тізгінін қатар ұстаған филолог ғалым лексикография саласына да біраз еңбек сіңірген "Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі" (1996 ж.) сөйлеу тілінің нормасын аса ұқыптылықпен сақтап, қолдануға үйретсе, "Орысша-қазақша сөздік" пен "Қазақша-орысша сөздігі" (2004 ж.) оқырман қауымының жиі пайдаланатын сездіктеріне айналып отыр. Мырзатай Серғалиев қаламынан 700-ге тарта ғылыми жұмыс жазылып шықты.
Арқа төсінде алғаш рет қазақ тілі мамандығы бойынша диссертациялық ғылыми кеңес ашты. Көп жылдар бойы Қазақстанның іргелі оқу орындарында қызмет атқарып, қаншама жастың жоғары білім алып, еліміздің белді де белгілі азаматы болуына өз ықпалын тигізді. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушыларының ғылыми әлеуетінің өсуіне өз әсерін тигізді. Мырзатай Серғалиұлы туған жеріндегі шәкірттерінің ғалымдар қатарынан орын алып, кандидаттық диссертацияларын қорғауға үлкен көмегін көрсетті. Атап айтсақ, А.Махметова "Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы тұрақты тіркестері", А.Исмагулова "Ғабит Мүсірепов публицистикасының тілі" тақырыбындағы кандидаттық диссертацияларын Мырзатай Серғалиевтің жетекшілігімен жазды. Ол Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары мен студенттеріне көп жылдар бойы дәріс оқып, ғылым магистрлерін даярлауға да жәрдемін тигізді.
Филология ғылымы саласында өзіндік үлкен мектеп қалыптастырып, қазақ тілінің сиқырлы сырына, құпия әлеміне жас ғалымдардың талай буынын жетеледі. Оның жетекшілігімен жүзге жуық кандидаттық, ондаған докторлық диссертация қорғалды.
Ұстазымыздың тағылымын көріп, өнегесі мол әңгімелерін тыңдап, әр салада жазған құнды еңбектерінен мол рухани қазына алған шәкірттері бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті қызмет істеп жүр. Қолданыста жиі кездесетін терминдер мен сөздердің бірталайы
Мемтерминкомның бекіткеніне қарамастан, әртүрлі айтылып, жазылып жүргеніне де талай қынжылыс білдірген. Эстетикалық ұстанымға сәйкес термин сөздер мүмкіндігінше қысқа айтылып, жазылуға тиіс. Сөздердің айтылуында да жағымдылық қасиет болу керек. Кейбір реттерде терминдердің жарыса қолданылатын жайлары да кездөсіп қалатындығына көңіл аудартады. Яғни, бірде жинақы, бірде шұбалаңқы нұсқасы жұмсалады. Олардың жинақы нұсқасы тілге жеңіл болады деген. Мысалы, жүргіншілер және жаяу жүргіншілер. Осы екеуінің, әрине, жүргіншілер нұсқасы дүрыс, себебі жүргінші болған соң олардың жаяу жүретіндіктері белгілі. Стипендияны да шәкіртақы деп кез келген жағдайда аудара бермеу керек екендігін көрсетеді. Себебі стипендияны көрнекті ғалымдар, өнер адамдары алады. Футбол мен аяқдоп терминдерінің қатар қолданылып жүргені қисынсыз. Футболды сол халықаралық термин ретінде қалдырған жөн дейді. Жол қозғалысы емес, жолдағы қозғалыс. Балуандық тарих емес, балуандар тарихы. Сол сияқты ғылыми-практикалық конференция дегенді қазір ғылыми-тәжірибелік конференция деп аударып жүрміз. Бүл ретте практика дегеннің өзі теорияның іс жүзінде іске асуы, ал тәжіри-беде теориялық жайларды сыннан өткізу, байқау деген сияқты уақытша құбылыстар аңғарылады. Сондықтан тиісті теориялық шараны ғылыми-практикалық конференция деп қалыптасқан түрінен ауытқымағанымыз жөн екендігін ескертеді. Байқағанымдай, ғалым сөздің небір нәзік иірімдерін қалт жібермей, мағынасына сай жұмсауға шақырады.
Төраға, төрайым сөздерінің маңында әлі күнге дейін бірауызды пікірге келе алмай жүргеніміз шындық дей келіп, ағаны айымға ауыстырудың қажеттілігінің шамалы екен-дігін айтады. Негізінен термин жасауда эмоцияның араласы болмауы керек екендігіне тоқтала келіп, қызметкердің жыныс ерекшелігіне қарамастаң аға оқытушы, аға тәрбиеші, аға лейтенант сияқты қалыптасып қалған атақтар мен лауазымдарды қайта жаңғыртып өзгерте берудің қажеті жоқ дейді. Жалпы тіл мәдениеті жолындағы күресте ұсақ-түйек мәселе болмайтынын ескере жүргеніміз абзал деген ғалымның сөзін үнемі жадымызда сақтағанымыз дұрыс.
Қысқасы, ұлт тілінің баюына тікелей әсер ететін термин шығармашылығына байыппен қарап, аса сақ болуға кеңес береді. Міне, осылай бірнеше салада жемісті еңбек сіңірген Мырзатай Серғалиұлының сан қырлылығына тәнті боласыз.
Ғалымның адамгершілігі, адал жүрегі, сыпайы мінезі мен жоғары мәдениеттілігі - шә-кірттеріне үлгі-өнеге боларлық ерекше қасиеттөрінің бірі. Ғылымның қия жолында не-бір қиындықтар мен кедергілерді бастан кешірсе де, тынымсыз еңбегі мен қайтпас қанатының арқасында еліміздің ірі қайраткерлерінің бірегейіне айналды.
Отандастары мен замандастары Мырзатай Серғалиевті ұлттық зиялы қауымның тамаша өкілдерінің бірі, адами биік мәдениет иесі, ғылымға да, білім беру ісіне де кіршіксіз адал, парасатты азамат деп білді. Ғалым-ұстазымыз Қазақстанның жоғары мектебі жүйесінде озық әдістеме, тағылымды дәстүр қалыптастырды. Ғылымда да, ұстаздық қызметте де талайға үлгі-өнеге болатын Мырзатай Серғалиұлының қазақ тіл білімі тарихында өзіне тиісті орны бар.
Қазақ елінің солтүстік өңірі -ұлтымыздың тілі мен әдебиетінде, мәдениетінде өз орнын алған талай дарынды дүниеге әкелген киелі жер. Елі үшін еңбек етіп, маңдай терін төккен азаматын ардақтап, көкке кетерген, төрінен орын берген қазақ халқының ұрпағы екені-мізді ескере отырып, Мырзатай Серғалиев сияқты туған елдің тұғыры биік тұлғасын ұлықтау елдігіміздің белгісі болып табылатыны сөзсіз. Осыған орай, қаламыздың кө-шелерінің біріне саналы ғұмырын білім мен ғылымға арнаған Мырзатай Серғалиүлының есімін беру туралы игі бастаманы жерлестеріміз қолдайды деген ойдамыз.
// Қызылжар нұры. - 2018. - 16 наурыз.
Достарыңызбен бөлісу: |