Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының



бет11/36
Дата22.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#828
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
ЗАМАНДАСТАРЫ

СЫР ШЕРТЕДІ
ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаты

ЖАҚСЫ ӘКЕ,АЯУЛЫ АНА ШЫРАҒЫ

Адам баласының кей жағдайда тағдыры бір бірімен ұқсастау болып та келе ме деп қаламын.Бұл бәлкім заманы бірдің амалы бір деген ұғымға әкеліп саятыны бар. Туғанына жүз жыл толғалы отырған соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері Қонақбай Назаровтың соңында қалған ұл-қыздары мен барша ұрпақтары ниет қойғанынан кейін осы бір ойға берілдім. Ең әуелі осы кітапты шығаруды қолға алғандардың ниетіне ризашылығымды білдіремін.

Біздің аға ұрпақ өкілдерінің қай-қайсысы болса да бір-бір кітапқа кейіпкер бола алар еді. Кешегі жиырмасыншы ғасырдың аласапыраны да, қуғын-сүргіні де, жан алысып,жан беріскен майданы да, қырғын соғысы да, адамзат баласын талай бір сынға салғаны да болды. Мұның бәрін сол кешегі коммунистік иделеогия жарқын болашақ, коммунизм құру үшін жасап жатқандықтарымен ақтап бақты.Әрине, адамзат жаралғаннан бері жақсы өмір мен жарқын болашақ үшін талпынып, тіпті сол үшін жанталасты күн кешуде. Міне, біздің әкелеріміз де сол жақсы өмір мен жайлы тұрмысты өзім болмаса да, өзім көрмесем де кейінгі ұрпақтарым көрер деген оймен, біз үшін ашықты да, тарықты да, замана керуенінің кермек дәмін татып, кеуделерін оққа да тосты.Соның бәрі біз үшін еді!

Дүрбелеңі мен егес--қайшылықтары, аштығы мен тоқтығы, дауласуы мен жауласы, қиқуы мен қуғыны, ұраны мен ұр да жығы, алдауы мен арбауы, жақсылығы мен жаңсақтығы да қатар жүрген Кеңестік дәуірдің бар игілігі мен ізгілігін де, зардабы мен зауалын да көре білген біздің әкелеріміз бен аналарымызға біз енді қандай бір құрмет көрсете білсек те жарасар еді. Олар бұған әбден лайықты болатын!

Сол қалың елі мен өз ұрпақтары бүгінгі күні ұлықтап, ардақтап отырған Қонақбай Назаров пен оның жан жары Шолпан анамыз да құрметтің биігіне көтеріліп отыр. Және де бұл құрметтің жөні басқа! Олар өз тіршіліктерінде өз айналасы мен ортасының, өз елінің сыйы мен сыяпатынан, құрметі мен ілтипатынан кем де болмаған көрінеді.Ал, енді мезгілің жетіп, бұл дүниеден қайтып кеткеніңнен кейін кейінгілер еске алып жатса етті. Және де бұл арада сол кейінгілерге өзіңді ұмыттырмайтын ұрпағың болсын деңіз! Өз кіндігіңнен жалғанған ұрпақтарыңмен жер бетінде жалғасып жатар ғұмыр болады. Сол ғұмырлы мәңгілік өмір Қонақбай әке мен Шолпан ана Назаровтарға бұйырған екен!

Бәлкім,біздің бәріміздің де әкелеріміз бен аналарымыз да осындай болған шығар?! Бәлкім, біздің бәріміз де өз әкелеріміз бен аналарымызды сағынып та жүрген болармыз?!

Мен киелі де қасиетті Көкшеде туып, өстім. Иә, кәдімгі Көкшетау! Абылайға қоныс болған, Шоқанға бесік болып әлдилеген, сал Біржанға ән салдырған, сері Ақанның ғашық жүрегін ән болып тербеген, Үкілі Ыбырайдың көкірегін аққу құстың үнімен сызылтып та сұңқылдатқан, қайран да, қайран Құлагердің шабысын көрген Көкшетау елінің бір перзенті менің де осы Назаровтар әулетімен құда-жекжат болып табысқаныма шүкіршілік қыламын.

Көкшетаудағы туған құдам Кәрекең, Кәрібай Ерішевтің екінші ұлы Рашит үйленбекші болып, Ақтөбеге жол тарттық. Бұл 2009 жыл болатын. Сырттай сұрастыра жүріп білгеніміз үлкен әулет дейді. Болып, толып отырған жағдайлары да бар дегенді естідік. Жан жақты, ағайын-туыс, тумалары да біраз бар, былайша айтқанда өскен, өнген, өркендеген деседі. Оның үстіне салты мен дәстүрінде де бірқыдыру өзгешеліктері бар Ақтөбемен бұрын-соңды құда болып көрмеген біз үшін бұл сапар үлкен сын болатын. Сонымен сәтті күні Ақтөбеде тұратын Талғат Қонақбайұлы Назаровтың шаңырағына ат басын тіредік. Міне, сол бір танысып-біліскен сәтіміз, құдай қалап, құдалыққа, енді келіп сол құдалығымыз ойы да тойы да бір, ниеті мен көңілі де бір, ықыласы мен ыстық құшағы да бір тумалыққа ұласып кетті.

Әсіресе, Назаровтар әулетінің бүгінгі ұрпақтарының ұйымшылдықтары, ағайындардың бірін бірі сыйлай білетіндіктері, қыздарының қара шаңыраққа деген жанашырлықтары, күйеулерінің сыпайылықтары,келіндерінің өзара татулықтары мен инабаттылықтары бірден байқалып тұрды. Осының өзінен-ақ бұл әулеттің әу бастан ақылды да парасатты әке орнықтырып кеткен орыны мен өнегесі, ұлағатты ана қалыптастырып кеткен кісіліктері мен кішіліктері бар екендігін де аңдадық. Назаровтар әулетінің ұрпақтары, құда-құдағиларымыз Жалғас пен Роза, Гүлжан мен Болаш, Елнұры мен Иманғали, Света мен Ғали, Болат пен Майра, Роза мен Дәрібек, Қонақбай аға ұрпақтарының нағашылары Қойшыбекпен жақынырақ танысып, білісіп, сыр ашысқалы, осы бір абзал жандардың «жақсыда жаттық жоқ» қасиеттерін тани түстік те, сүйсіндік. «Ұлық болсаң кішік бол» деген осы екен-ау деп ойладық. Енді қазір бір бірімізді көрген сәтте құшағымыз жайылып, ардақты бір ағайын тумаларымызды көргендей мәре-сәре болып жатамыз.

Өз көңіліме ерекше бір жылылық құйған және де айырықша сүйсінткен ел жақсысы Шындәулет аға мен Дәметкен Алдияровтар болды. Жүріс-тұрыстарында әлдебір зиялылық бар. Жарасымды қалыптарымен шаршы топтың алдына шыға қалса, бүгінгінің қариялары осындай болса етті деген бір ойдың да оралары бар.

Шынайы риза көңіл бүгін бір ақтарылғысы бар. Ақжарма көңілмен айтар болсам, біз Назаровтар әулетімен құда болғалы Талғат Қонақбайұлының достары мен жолдастарына да шын сүйсінетіндігімізді әрдайым айтып жүреміз. Осы күні достықта адалдық пен шынайылық қалды ма деп алаңдап жүргенімде Талғат пен Сәуленің достарын көріп, танығалы, «е, достықтың қанаты әлі қайырылмаған екен ғой» деген ойға бекінгенім де бар-ды.

Міне, енді сол бір құда болып табысқан күндеріміздің соңында айтылған ән мен жарқылдаған ақжарма көңілдер, артыңа қарай--қарай қол былғар қыймастық пен ыстық құшақтарға сыя да қоймас сыйластық қалып барады. Қонақбай әке бұл әулеттің бүгінгі ырысы мен құтын өзінің адал ниетімен, қажырлы еңбегімен, майдан даласындағы ерлігімен дарытып кетті. Шолпан ана бұл әулетке бүгінгі тіршіліктің мәңгі сөнбес шырағын жағып, мәңгі жиналмас берекелі дастарханын қалдырып, сонысын өз келіндеріне аманаттап кетті. Ендеше ел тілеуін тілеген құт дарыған Назаровтар әулетінің шамшырағы мәңгі жарқырап, осы бір шырайлы шаңырақтың шырағы мәңгі жанып тұрсын деп тілейік!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет