Жануарлар экологиясы



Pdf көрінісі
бет62/139
Дата16.10.2023
өлшемі12,6 Mb.
#185679
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139
Байланысты:
жануарлар экологиясы

Ы/е /огт
ягни тіршілік нысаны (тіршілік 
үлгісі) деген атауды алгаш 1884 жьшы даниялык галым Е.Варминг 
гыльгмга енгізіп, бүл атауды бейімделушілік қасиетіне байланысты 
мағынада қолдануды үсынды.
XX гасырдың басьгаан бастап тіршілік нысаны туралы ілімнің 
өркендеу өрісі кеңейіп, даниялық ботаник ғалым Кристен Раункиер 
(ЯаипЗаег, 1907) өсімдіктерді тіршілік нысаны бойынша экологиялык 
топтарға жіктеді. К.Раункиердің бүл үсынысы ғылыми терен 
зерттеулерге негізделгендіктен зерттеушілер біртүтас қоддады және 
кеңінен қолданды. Бүдан кейін Г.Гамс (1918) өсімдіктер мен 
жануарларды тіршілік ететін ортасы мен биоценозда орналасқан 
беддеулік қабатына (ярус) карай тіршілік нысанына жіктеу ж\гйесін 
жинақтап үсьгады.
XX ғасырдың екінші жартысында И.Г.Серебряков (1962) 
тіршілік нысаны аркылы биоэкологиялық жіктеудің кешенді жүйесін 
қүрастырды. Бүл жүйеде ол өсімдіктерді агаш, бүта, қүрлыктағы 
шөптесін өсімдіктер, суда өсетін шоптесін өсімдіктер деген төрт 
бөлікке жіктеп, бүлардың әрбіреуін тіршілік нысанының баскадай 
негізгі ерекшеліктеріне сәйкес тип, класс, класс тармагы, топтар т.с.с. 
тармақтап жіктеу жүйесін қүрастырды. Бүл жүйе қазіргі кезде 
өсімдіктер әлемінің биоэкологиялық зерттеу жүмыстарында жиі 
қолданылады. 
*
Жануарларды морфологиялық, экологиялық, мінез —күлықтық 
үқсастығына қарай тіршілік нысанының топтарына бөлу жуйесін 
алғаш К. Фридерикс (1930) қүрастырды. Шыгу тегі түрғысынан 
эртүрлі топқа жататын, туыстығы жоқ жануарларды ғана емес, 
даральщ 
дамуының 
эртүрлі 
сатысындағы 
жануарларды 
да 
морфологиялық ұқсастығына негіздеп тіршілік нысанының бір 
тобына, біріктіріп жіктегені бұл жүйенің негізгі жетістігі еді. Тірішілік 
нысаны туралы орыс ғалымдарының еңбегі XX гасырдың 30 
жылдарынан бастап жарық көре бастады. Белгілі эколог ғалым
104


Д.Н.Кашкаров (1933, 
1938) 
: «жануарлардың морфологиялық 
ұқсастығы мен тіршілік нысанынан олардың гіршілік ортасының 
сипатын айнадан көргендей айқын ажыратып білуге болады» деп 
дәріптеді. Сондай-ақ 
Д.Н.Кашкаров (1944) жануарларды сыртқы 
ортаның эртүрлі факторларына бейімделуіне негіздеп тіршілік 
нысанына жіктеудің бірнеше жүйесін жасап үсынды. Жануарларды ол 
климатқа бейімделу түргысынан жылы канды, салқын қанды деген 
екі үлкен топқа бөледі де, оның эрбірін иерархиялық кіші топтарга 
жіктейді. Тіршілік ететін ортасы және соган байланысты қозгалу 
ерекшелігіне қарай жүзетін, қазатын, үшатын, жер бетілік, агашта 
тіршілк ететін т.б. топтарга бөліп, эрбір топты тагы да кіші топтарға
жіктейді.
А.Н.Формозов (1929, 1956, 1964) қозғалыс ерекшелігіне сәйкес 
сүтқоректілерді: 
1
) жер бетінде жүрушілер; 
2
) жер қазушылар; 3) 
агашта тіршілік етушілер; 4) ауада тіршілік етушілер; 5) суда тіршілк 
етушілер деген бейімдік топтарға бөлуді үсынды.
Тіршілік нысанын зерттеу саласына энтомолог ғалымдардың 
косқан үлесі мол. Атап айтсақ төменгі сатыдағы жэндіктердің тіршілік 
нысанын зерттеуге Гизин (1960), С.К.Стебаева (1970), толық емес 
пішін өзгерісімен (гемиметабола) дамитын жәндіктердің тіршілік 
нысанын зерттеуде В.П.Уваров (Ііүагоу, 1938), ГЛ . Бей-биенко (1950) 
жэне Л.Л. Мищенко (1951), О.А.Чернова (1952), М. Н. Нарзикулов
(1970), И. В. Стебаевтар елеулі еңбек сіңірді. Толық пішін өзгерісімен 
дамитын (голометабола) жәндіктердің дернэсілдерінің тіршілік 
нысанын зерттеп, оларды экологиялық топтарға жіктеудің ғылыми 
теориялык негізін қалауда М.С.Гиляров (1942, 1949), А.М.І ерасимов 
(1952), Ю.Б.Дизер (1954), И.Х.Шарова (1957, 1960, 1976, 1982), 
Н.П.Кривошейна (1959), С.И.Келейникова (1963, 1969) қатарлы 
энтомолог галымдардың еңбектері үлкен үлес қосты. Толық пішін 
өзгерісімен 
дамитын 
ересек 
жэндіктердің 
тіршілк 
нысанын
Г.С.Медведев (1961, 1970), В.Г.Мордкович (1970, 1977), И.В.Стебаев
(1971), Г.А.Мазохин-Поршняковтар (1952, 1954) зерттеп оларды, 
морфоэкологиялык топтарға жүйеледі. Тіршілік нысаны туралы 
теориялық багытты жетілдіруге Ф.Н.Правдин (1971), М.С.Гиляров 
(1957, 1970), Д.А.Криволуцкийлердің зерттеулері маңызды рөл
атқарды.
Жануарлардың тіршілік нысанының түсініктемесі ретінде 
бірнеше мысал келтірейік. Мысалы, мүхиттьщ терең суында еркін 
жүзіп бірге тіршілік ететін теңіз жебесі, кальмар, бараккуда балык, 
түлен және ерте заманда теңізде тіршілік еткен ихтиозавр, бесеуін 
салыстырып корсек, олардың барлыгының сыртқы пішіні сүңгуір
105


қайық тәріздес екенін көреміз. Олардың кай-қайсы жылдам жүзетін 
жыртқыш жануарлар. Судың тығыздыгы ауадан 800 есе артык екенін 
еске алсақ, қысымы мол терең суда жылдам жүзу оңайга түспейтіні 
айқын. Жылдам жүзіп қорегін ұстап жеуге бөгет жасаушы судың 
кедергісін азайту талабының эсерінен бұлардың барлыгының денесі
сүңгуір тэріздес болганы 
белгілі. Олардың сыртқы пішіні,
жыртқыштық мінезі, жылдам қозгалысы, жемін құткармай ұстауга 
бейімделгендігі жэне қармауышы барлыгы терең суда жыртқыштык 
жасап тіршілік етуге бэрі де бірдей бейімделгенінің 
белгісі. Ал 
систематикалык тұргьщан алып карасақ, оларда ешбір туыстастык 
жоқ: теңіз жебесі - қылтан жақтылар типіне, кальмар - былқылдак 
денелілер типіне, барракуда — балықгар класына, ихтиозавр —
бауырымен жоргалаушылар класына, түлен - сүткоректілер класына
жатады.
15-сурет. Сүңгуір пішінді гидробионттар тобының тіршілік 
нысаны: 
1
- жебе (кылтан жақтылар типі); 
2
- кальмар (былкыддак 
денелілер типі); 3 — баррикуда (балықгар класы); 4- ихтиозавр 
(бауырымен жорғалаушылар класы); 5 - түлен (сүтқоректілер класы).
Топырақга тіршілік ететін геобионт жануарлардың пішіні 
жылан немесе құрт тэріздес — жіңіппсе, ұзын жэне жұмыр болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет