Асқорыту органдары. Ас қорыту жүйесі ауыз
қуысынан
басталады. Тілдің түбінен жұтқыншақ, одан өңеш
басталады. Кейбір құстардың өңешінде азықты уақытша
сақтайтын жөне аздап қорытылатын кеңейген бөлімі болады,
оны жемсау деп атайды. Көгершіндер осы жемсауының ішкі
қабатынан «сүт» деп аталатын майлы бөртпе
тәр
ізді зат
бөліп, онымен балапандарын қоректендіреді. Өңеш
қабырғасы жұқа безді қарынға ашылады. Безді қарынның
ішінде қоректік заттарды қорытатын ас қорыту шырыны
болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап
шығарады. Бұдан қоректік заттар қабырғасы қалың етті
қарынға барып түседі. Қарынның ішкі беті мүйізденген
қабыршақпен қапталған. Қарында қоректік ірі заттар
механикалық өзгеріске ұшырайды. Бұған қарында болатын,
қүстың
әд
ейі жұтқан ұсақ тастары
әс
ер етеді. Етті қарыннан
қоректік зат аш ішектің басталар жері 12 елі ішекке түседі.
Он екі елі ішектің орамында ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек
пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен
ажырату қиын [62].