Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады.
Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады.
Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін.
Таблеткаларды екі - үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.
Асқынуы.
1.Тромбоэмболия. Эстрагендер қан плазмасын ұйыту факторларына ( VІІ- фактор, шамалы бауырға ) әсер етуне байланысты оның концентрациясын көбейтеді. Оральді контрацепцияны қолданғанның алғашқы 10 күнінен кейін қан құрамында антитромбин ІІІ төмендейді. Сондықтан КОК – ты көп қолданғанда беткей және терең веналардың тромбозы болуы ғажап емес.
2. Жүрек – тамыр жүйесінің аурулары. Әйелдердің жүрек тамыр жүйесі немесе цереброваскулярлы аурулары кезінде КОК – ты қолдану өлім қаупін 4 – 5 рет жоғарлатады.
КОК – ты ұзақ қолданғандықтан миокард инфарктісі, жүректің ишемиялық аурулары т.б болады .
Жүрек тамыр жүйесі ауруларынан болатын сырқаттылықты және өлім қауіпін азайту үшін, құрамында 50 мкг эстрогені бар препаратты қолданады.
Әйелдің жасы, шылым шегуі, алькогольді ішімдіктерге әуестенуі кезінде КОК - ты қолданғандықтан миокард инфарктісінен болатын өлім қаупін жоғарлатады.
3. Гипертензия. КОК құрамына кіретін гормон әсерінен АҚ жоғарылайды.
Препаратты алғаш рет қолданғанда және басқа түрге ауыстырғанда АҚ - ны міндетті түрде өлшеу керек.
4. Аменорея. Бұл КОК – ты ұзақ уақыт қабылдағанда және оны тоқтатқанда болады. Ол 0,2 - 3,1 %. Әйелдерде КОК – ты қабылдауды тоқтатқан соң оның алдында менструальді цикл бұзылулары болса, аменорея 35 – 56 % құрайды. Егер аменорея КОК – тың әсерінен болмаса, гипофиз аденомасын жоққа шығармау керек. Бұл ісік 5 жыл немесе одан көп жылдар аралығын дамиды. Мұндай жағдай бір жылда жүз мың әйел ішінен үш әйелде кездеседі екен.
д. Узақ уақыт қолдану.
- Әр екі – үш жыл өткен сайын препараттарға үзіліс жасап отыру тиіс. Мұндай үзілістер асқынулардың алдын алады. Бірақ, үзіліс кезінде орынсыз жүктілі болу жиілігі өте жоғары.
Ж.Эфективтілігі. Комбинирленген оральді контрацепция нәтижелігі жоғары, тиімді,қайтымды болатын әдіс. Дұрыс қолданса оның нәтижелігі 100 % жетеді.