мағыналық, интонациялық және тыныс белгілерін мағынасы
мен қызметіне сай оқу ұстанымдарын басшылыққа алғаны
жөн. Сол сияқты оқушылар да осы ұстанымдарды саналы
түсініп, оларды басшылыққа алатын болса, қазақ
пунктуациясынан білімі терең, дағдысы берік болады.
Кейбір зерттеушілер [38,34] пунктуацияны оқыту
ұстанымдарының қатарына жазу үдерісінде тыныс белгісін
қойып отыру, тыныс белгілеріне саналы түсініп, оларды
шығармашылық жұмыстарда қолдана білу ұстанымдарын
атайды. Біз бұл пікірді қолдай алмаймыз, өйткені тыныс
белгілер грамматикалық, мағыналық, интонациялық
ұстанымдарға сүйенгенде де саналықпен атқарылады.
Тыныс белгілеріне саналы түсініп, оларды белгілі бір
жүйемен шығармашылық жұмыстарда қолдана білу де жеке
пунктуациялық ұстаным бола алмайды. Өйткені тыныс
белгілері қойылмай жазылған кез келген мәтіннің тыныс
белгілерін дұрыс қоя алатын оқушылар өз шығармашылық
жұмыстарында да тыныс белгісін дұрыс қоя алады. Шынына
келсек, оқушыларға қазақ пунктуациясынан дағды беруге
арналған
дағдыландыру
жұмыстары
оқушының
шығармашылық жұмысынан әлдеқайда күрделі болмақ. Ол
грамматикалық теорияларға, анықтама мен ережелерді
игергенде ғана нәтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: