Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет43/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a

Грамматикалық-тілдік жаттығyлар
оқу тапсырмаларының негізінен
жазба түрде орындалуын қажет етеді. Бұл жаттығулар арқылы оқушы
синтаксистің грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді
баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу,
орфография ережелерін меңгереді. 
Грамматикалық-тілдік жаттығу деңгейінде сөз ерекше танымдық
ізденісті қажет ететін тілдік құбылыс ретінде оқушының алдына қойылады.
Оқушыға ауызша сөйленген мәтіннен немесе жазбаша сөйлем немесе
мәтіннен сөзді ажыратып танудан бастаған мұғалім біртіндеп енді сол сөздің
адамның тұтас ойын құраудағы қызметін, тұтастан бөлшекке және бөлшектен
тұтасқа қарай талдаулар түрін жүргізе отырып танытады. 
Сөйтіп, оқушының өз ойын білдіруде сөйлемді саналылықлен, біліммен
қарайтын дағды қалыптастыру жолы басталады. Осы жолдың жалғасын енді
мұғалім сөйлемнің айтылу мақсатына, құрамына қарай бөліну
заңдылықтарына қарай шеберлікпен сәйкестендіре білуі керек. 
Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орыңдау барысында оқушылар
мынадай ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді: 
85
Синтаксисін 
дамыта 
оқыту 
жаттығулар
ы
Грамматикалық
тілдік
Танымдық
Тіл дамыту
Тыныс белгілерді
игерту


- сөйлемге байланысты тілдік қозғалыстар мен өзгерістерді бақылайды;
- сөйлемнің айтылу мақсаты мен құрылымына қарай бөліну қасиеті
анықтау үшін тілдік бақылаулар жүргізеді; 
- сөйлем құрауға қатысатын сөздердің тіркесімдік табиғатын тану
мақсатында пінктуациялық талдау жасайды; 
- сөйлемге тыныс белгілік талдау жасайды. 
Тіл дамыту жаттығулары.
Н.Құрманова оқушының тілі дамуы
барысына ұжым боп назар аудару керектігі туралы айта келе, грамматикалық
бірлікті оқыта отырып. оқушылардың тілін дамыту мақсаты екі арна арқылы
жүргізілуі тиіс деп көрсетеді. Олар: 
Тілден - сөйлеуге қарай. 
Сөйлеуден - тілге қарай [57]. 
Тілден сөйлеуге қарай үйрету жолын ұстанғанда, синтаксис жүйесінің
ішкі тақырыптарын меңгерту сабақтарынан тіл дамыту жұмыстары
ажыратылмай жүргізіледі. Ал сөйлеуден тілге қарай жүру схемасы бойынша
арнайы тіл дамыту сабақтары өткізіліп, онда «мәтін», «стилистика», «стиль»
сөйлеу тілдерінің формалары деген ұғымдармен тығыз байланыс
ұсталынады. Тілдік құралдардың барлығы өзінің шынайы қызметін, болмыс-
табиғаты синтаксис деңгейінде айқын көрсете алатындығы игертіледі.
Мысалы:
1) өтініш айту, талап қою, пайымдау, келіспеушілік, өзі туралы. болған
оқиғалар туралы әңгімелеу, онда тыныс белгілердің қойылуына назар аудару.
2) Сұрақ-жауапқа құрылған тіл дамыту жаттығуларды тыныс
белгілермен байланыстыу.
3) Сурет бойынша әңгіме құрастыру. 
1) Құстарға қамқорлық жасаушы бала туралы әңгімеле. Суретте: ағашта
ілулі тұрған жемшар, жем шашып тұрған бал, ұшып жүрген торғайлар. 
2) Суретке қара. Әрқайсысының мазмұнына лайық сөйлемдерді
төмендегі мәтіннен таңдап ал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет