Барыс – Бәкіров.
Содан кейін не десең де Маратқа
Тапсырмаңды орындайды әр уақта.
Табыс – Ережепова:
Батыл емес дей алмайсың Маратты,
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Жатыс – Өтегенова.
Жаман баға болған
емес Маратта,
Оның күші ынта, жігер, талапта.
Шығыс – Мырзабаева.
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Көмектес – Алдабекова.
Міне осындай жақсы бала Маратпен.
Қатар түспей жүргендер де бар әттең!
Басқарушы: – Тақпақ «Одағай». Қазақ тілінде Одағай деген оқшау
сөз бар. Ол бүгінгі мәжілісте өз міндеттерін,
айтып жатқан сөйлем
мүшелеріне бағынбай, оқшауланып, жеке-дара бір түрлі
мінез көрсетіп
тұрады. Сол сияқтылар оқушылар арасында да бар. Қазіргі орындалатын
тақпақ сол оқушыны тәртіпсіздігін айтып бетіне басады.
Бұл тақпақ былай орындалады:
Бір оқушы тәртіпсіздік жасаған болып ортаға шығарылып қойылады.
Оның салы мойнына кетіп, сүмірейіп тұрады. Тақпақ айтатын оқушы қасына
келіп, оған жекіп ұрса тақпағын айтады.
Жаңа сен мектептің ішінде,
Асыр сап ойнадың болғандай күшіңде.
Кезекші ағайды көрмедің,
Басқаға сен ерікті бермедің.
Сабақтан қайтарда тағы да,
Кірісіп ойынның қамына.
Бұрымын
жұлқылап көп қыздың
Бостан-бос уақытты өткіздің.
Намысың қайда еді, батыр-ай!
Бір күннің ішінде, япыр-ай!
Геройы боларлық мысқылдың,
Қаншама одағай іс қылдың.
Басқарушы:
– қазір алдарыңызға Зат есім өзінің жалпы есімімен
шығады. Олар бір-бірінен сұрау арқылы өздерінің кім екенін білмекші.
Сіздер де біліп алыңыздар.
Бұл былай орындалады.
Зат есім мен жалпы есім болып екі оқушы шығады. Зат есім жалпы
есімге сұрау қояды. Жалпы есім жауап береді.
Зат есім:
166