бөліп қарастыруды міндет етеді, бұл сөздің нақты мағынасынан
грамматикалық мәнін бұзып, белгілерді абстракциялау болып
табылады.
Келесі мәселе: бұл берілген орфограмма қандай сөз
табына жататынын анықтау. Мұнда да біз талдау арқылы
жұмыс
істейміз, бірақ талдау басқа көзқарас бойынша
жүргізіледі. Оқушы сөздің морфологиялық құрылымы туралы
білімі бойынша анықталады. Оны синтездейді. Яғни ізделініп
отырған орфограмма сөз соңында тұрғандықтан, оқушы оны
бірден «жалғауға» жатқыза алады.
Бірақ кез-келген соңғы
дыбыс грамматикалық мағынада жалғау бола алмайды. Бұл
жағдайда оқушы талдаудың бұл дыбыс септелгенде
өзгеретіндігін анықтауға көмектесетін әдісін есіне түсіруі
қажет. Егер өзгерсе, бұл
жалғау
деген сөз. Оқушы жағдайды
жалпы категорияға жатқызады, яғни топтайды. Кейінірек
оқушыда мынадай мәселе туындайды. Ол жалғауды дұрыс
жалғау не өзгерту қажет екенін есіне түсіруі қажет. Талдау
мақсаты – септеу типін анықтау. Бұл үшін
келесідей тәсілді
қолдану қажет: «
сыбызғыны»
сөзін атау септігіне қою қажет.
Бұл сөзде сөз белгілерін талдау және абстракциялау жүргізілді:
оқушы соңғы дыбысты анықтайды, осы белгілерді топтау
арқылы ол мынадай тұжырым жасайды. Ол септелуі мен жағын
анықтайды, берілген сөздің дұрыс жазылуы туралы
синтетикалық ой тұжырымына келеді. Бұл үдеріс мынадай
белгілермен сипатталады:
Бірінші, барлық тапсырманы жеке-жеке бөліктерге бөлу,
екіншіден, бұл
тапсырмаларды бірізділікпен, кезек-кезегімен
орындау, үшіншіден, бұл тапсырмаларды бұрынғы оқу
тәжірибесі негізінде шешу(есте сақтау ролі), төртіншіден,
ойлау іс-әрекеті бағытының өзгеруі оның жалпы сипаты –
аналитико-синтетикалық талдау, олар оқушы пікірі, абстракция,
топтауды қамтиды. Оқушыға осы сияқты орфографияны
игеруге тән, қиын тапсырмаларды шешуде,
олар өздерінің
ойлау барысын жоспарлайды, оның кезектілігін білмейді, сөздің
қажетті белгілерін бөліп қарастыру әдістерін білу, орфограмма
сипаты туралы тұжырымдарға келу, қорытынды жасау.
Қорыта келгенде, тыныс белгіні дұрыс қоюға жаттықтыру
психологиялық негіздерге, яғни ойлау амалдарына талдау,
салыстыру, жалпылау, индукциялық, дедукциялық, анализ,
синтез т.б. әдіс-тәсілдерді басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: