Жапырақтар Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету. Қажетті құралдар



бет2/8
Дата13.05.2024
өлшемі2,86 Mb.
#202073
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
қызықты тапсырма, практика

«Суреттерді құрастыр»
Мақсаты: Талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастарының заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту
Шарты: Балаларға кез-келген кесілген суреттер таратылады да, осы суреттерден бүтін суреттер құрастыру керектілігі түсіндіріледі
Көрнекілігі: әр түрлі суреттер: жемістердің,көкөністердің немесе ойыншықтардың суреттері
«Жемістерді жина»
Мақсаты: Қалыпты көлемдегі заттарды берілген үлгіге қарай көз мөлшермен анықтауды дамыту
Шарты: Тәрбиеші балаларға алма ілінген ағашты көрсетіп: - «Балалар кішкентай алмаларды кішкентай кәрзеңкеге,орташаны орташа кәрзеңкеге, ал үлкен алмаларды үлкен кәрзеңкеге салуларың керек» -деп ортаға 3 баланы шығарады,алмаларды үзуді тапсырады.Ойын аяқталған соң алмалар қайтадан орнына ілініп, ойын әрі қарай жалғасады
Көрнекілігі : 3-түрлі көлемдегі үлкен,орташа,кішкентай,
3-кәрзеңке үлкен,орташа,кішкентай,
картоннан қырқылған алма және алма ілінген ағаштар
«Көп және біреу»
Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру. Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер. Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.
«Сиқырлы қапшық»
Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар. Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
Вагондарға дөңгелек таңдау
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет