Жаратылыстану ғылымдары факультеті


I - II сыныптарда - 1 сағат



бет3/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,62 Mb.
#9875
1   2   3

I - II сыныптарда - 1 сағат;

III - IV сыныптарда - 1,5;

У - VIII сыныптарда - 2 сағат;

IX - Х сыныптарда - 2,5 - 3 сағат.

Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.

Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнде-лікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата-аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыруы тиіс.

Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол. Оқушылардың өзіндік жұмыстары оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.

Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.

Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады : сыртқы және ішкі белсенділік.

Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжіри-белік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мими-касы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.

Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.

Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (творчестволық т.б. белсенділік) түрлері болады.

Соңғысы оқушының жоғарғы саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың   жас   ерекшеліктеріне   және   психикалық   даму   дәрежесіне   қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды : қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

1. мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

2. жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

3. мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

4. оған әсер ететін мотивтер т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысы міндетті түрде мұғалімнің басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р. Г. Лемберг, М. Н. Скаткин, В. А. Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі - олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өздік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиеттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орын-дауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе лабораториялық бақылау жұмыс-тарын өткізуі (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.

Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық (творчестволық) типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Сөйтіп бұл жағдайда белгілі дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.

Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) пайдалана отырып өздік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор.

Мұғалім оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшелік-терін білгені жөн. Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:

1. оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;

2. жоспарға сәйкес амал-тәсілдерді қолдана білу;

3. өз әрекетінің барысын бақылап отыру.

Егер оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.

Профессор Р. Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыста-рын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:


  1. оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

  2. жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

  3. жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы. өзіндік Жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:

    • жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • оқушылардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру.

Н . К. Крупская 1934 ж. жазған ''өздігінен білім алумен шұғылданушы-ның есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді:

өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библио-графиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы - кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

       Алғашқы кездерде тәжірибелі адамдардан, кітапхана-шылардан кеңес, консультациялар алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Н. К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ .

Оқушылардың өздігінен білім алу әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде . Жоғары сынып оқушыларына арналған еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру (НОТ) сабақтары, кітапхана сабақтары, библиографиялық конкурстар , саяси тақырыптарға арналған факультативтер, саяси клубтар, оқушылардың қызығулары бойынша ұйымдас-тырылған үйірмелер, арнайы семинарлар мен лекторий-лер, ой еңбегінің мәдениетін жетілдіру университеті, кон-сультациялық бюролар, жас мұғалімдер үшін ''өздігінен білім алу мектебі'' т.б. жұмыстар. Мұндағы көзделген мақсат - оқушылардың өздігінен білім алуға қызықтыру және бұл жұмысқа қажетті нақты қарапайым дағдыларды қалыптастырып, дербес білім алу мәдениетін арттыру.

Бұл жұмыста жоғары сынып оқушыларын өз жұмысын жоспарлауға, уақытты дұрыс (үнемдеп) пайда-лануға, өзіне қолайлы күн режимін белгілеуге үйретудің маңызы зор. Сол сияқты оқығанын конспектілеуге, тыңда-ғанын жазып алуға, өзіне керек хабарларды іздеуге, библиографиялық және анықтама материалдарды пайда-лануға кітаппен, каталогпен жұмыс істеуге арнайы дайын-дау және үйрету мектептің өте маңызды міндеті болып табылады.

Ол үшін мектеп оқушыларына арнап ''Кітап оқу мәдениетінің негіздері'' атты факультативтік сабақ ұйымдастырудың да маңызы ерекше.

В. А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыла-сымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді. Егер адам өз өмірінде екі мыңдай кітап оқитын болса, соның жарты-сын балалық және жасөспірім шақта оқуға тиісті дейді . Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу - газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.

Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив - білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы




Ботникадан оқушылардың білімін тексеру және баға қою

Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды, бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды. Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады



Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана жұмылдыра алады.

Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын) немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады.

Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы сыныпты дайындауға мүмкіндік береді.

Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып, білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет.

Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып табылады.

Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса; нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап, жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады.

Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен сайболып бірақ,

А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым ағаттықтар жіберілсе, немесе

Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе

В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық қорытындылай алмаса, «4» қойылады.

Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және түсінетіндігі байқалса, бірақ:

А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып, материалды үстірт баяндаса, немесе

Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе

В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе

Г) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе

Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе, өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады.

Егер оқушы:

А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін білмейтіндігі байқалса немесе

Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе

В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде жауап қайтара алмайтын болса, немесе

Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады.

Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, «1» қойылады.

Тәжірибелік әдіс.

1. Тәжірибе биологияны оқыту әдісі ретінде.

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.



Тәжірибелік әдіс. Оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнекілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оның ұйымдастырушылық қабілеттілігін талап етеді.

Өткізілген сабақтың нәтижесі де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.

Тәжірибелік сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады.


  1. Оқытушы түсінік береді. Бұл кезең жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойлануы.

  2. Көрсету. Бұл кезең нұсқау береді.

  3. Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде екі-үш оқушы берілген жұмысты орындайды, алқалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген қателіктеріне ескертулер жасайды.

  4. Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әр бір оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқытушының назары жұмысты нашар орындаушыға көп бағытталады.

  5. Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты дұрыс пайдалана білуіне, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті бағасын береді.

Мектептегі оқытуда оқу пәнінің көлемін бекітумен қатар және сабаққа қажетті материалдарды іріктеуде оқыту әдістерінің маңызы зор. Оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алынған оқыту әдісі сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұндай әдістер ой мен түсінікті дамытуға және білімді жақсы меңгеруге ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбиелік әсер береді. «Метод в самом общем значении — способ достижения цели, определенным образом упорядоченная деятельность».

Тәжірибелік әдістерге: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары жатады.

Тәжірибелік әдістер-оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.

Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп, оқу тәжірибелерін жүргізеді.

Оқытудың зертханалық тәсілін негізінен биология, химия, физика пәндерінде жиі қолданылады. Аталған пәндердің мазмұны зертханалық жұмыстарды қажет етеді.

Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.

Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.



Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.

Өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.

Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі,Үшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды

Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылардың әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.

Тәжірибелік әдістерді қолдану оқушылардың рецепторлары мен эффекторларының белсенді іскерлігімен, сонымен қатар олардың жалпы жұмыс белсенділігінің дамуына байланысты.

Тәжірибелік әдістердің тапсырмаларын орындаудың оқыту-тәрбиелеу қатынасында маңызы зор. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушылар бұрын алған білімдерін қолданады. Сол кезде оқушылардың ойлары механикалық емес, білімге негізделе дамиды. Дәл осы жағдайда тәжірибелік әдістер білімнің қайнар көзі болады. Алайда бұл әдістерді қолдану оқытушыдан ойластырылып ұйымдастырылған сабақты талап етеді. Себебі, оқушылардың жұмысына жетекшілік ету өте ауыр.

Тәжірибелік әдістердің түрлеріне жататындар:


  • табиғи объектілерді тану және анықтау жұмыстары;

  • құбылыстарды байқау және тіркеу;

  • тәжірибені өткізу(сұрақты тәжірибе арқылы шешу).

Осылайша біз тәжірибенің оқыту әдісіндегі орнын анықтадық.
2.2. Биологиялық тәжірибелер.

Тәжірибе Эксперимент проводится в искусственно созданных услови­ях, причем из сложною комплекса многообразных естественных влияний на организм отбирается и выясняется воздействие лишь отдельных изолированных факторов.

Тәжірибе көп жағдайда физиологиялық процестерді зерттеу үшін өткізіледі. Тәжірибе ұзақ және қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Қысқа мерзімді тәжірибелерге мысал ретінде ботаника сабақтарында жүргізілетін тұқымның құрамын анықтау, топырақтың физикалық қасиеті, жапырақта крахмалдың түзілуі және т.б. жатады. Қарапайым жеңіл тәжірибелерді оқушылар үйде орындайды. Оларға тұқымның өнуі, жапырақтан судың булануы жатады. Адам физиологиясы курсындағы қысқа мерзімді тәжірибелерге сілекейдің және асқазан сөлінің бөлінуін атап кетуге болады. Биологиялық тәжірибелер ұзақ мерзімді талап етеді, сондықтан сабақта оны толығымен орындамайды, тек оның қойылуы мен қорытындысын көрсетеді.

Жалпы биология бойынша әртүрлі экологиялық факторлардың ағзаларға әсерін анықтау үшін, жануарларды будандастыру үшін ұзақ мерзімді тәжірибелер қойылады (лабораториялық тышқандар, алтынтүстес хомяктар, көгершіндер).

Тәжірибелік жұмыстарды оқушылар сабақтан тыс (жеке немесе топтасып) тірі табиғат бұрышында немесе мектептің оқу-тәжірибелік участкесінде өткізеді.

Тәжірибенің көпшілік алуан түрі оқу-тәжірибелік учаскеде өтеді. Олар негізінен ұзақ болады және барлық вегетациялық кезеңді алады, яғни бүкіл жаз бойы.

Оқушылар алдына тәжірибенің және бақылаудың қорытындыларын салыстыру арқылы сұрақтар және тапсырмалар қойылады (тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктер немесе жануарлар бірдей жағдайға қойылады, тек сынаққа алынған біреуінен басқасы). Тәжірибе кезінде бақылауларды нақты өлшеу арқылы өткізеді. Әсіресе, бақылаулардың және тәжірибелердің қорытындыларын арнайы кестелерге дұрыс тіркеудің маңызы зор. Себебі, бұл кестелер тәжірибелік және бақылаулық өсімдіктердің дамуы мен өнімділігінің көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік береді. Тәжірибелерді қою оқушыларды ойының тәртіптілігіне, нақтылыққа, мәдениеттілікке, зерттеулердегі сенімділік пен шынайылыққа үйрету керек.

Оқушылар тәжірибе қоюға үйде және тірі табиғат бұрышында қарапайым тәжірибелер қоюдан үйренеді. Сол арқылы мектеп оқу-тәжірибесіндегі күрделі де, ұзақ тәжірибелерге дайындалады.

Жануарларға қойылған ұзақ мерзімді тәжірибелер мен бақылаулар олардың қылықтарына байланысты. Омыртқалылардың шартты рефлекстеріне жүргізілген бақылаулары алуан түрлі. Бұл жұмыстарды да сабақтан тыс өткізсе, қорытындыларын сабақта қолданады.

Әр тәжірибелік әдістер (анықтау және тану жұмыстары, бақылау жүргізу, құбылыстарды тіркеу, тәжірибе қою) бірнеше сатылардан өтеді.

Тәжірибелік жұмыстардың сатылары:

1. Жұмыстың мақсатын айқындайтын сұрақ;

2. Техникалық және ұйымдастырушылық нұсқау;

3. Жұмыстың орындалуы (анықталуы, бақылау, тәжірибе қою);

4. Нәтижелерді тіркеу (жұмыстың орындалуымен қатар жүреді);

5. Қойылған сұраққа жауап беретін қорытындылар;

6. Сабақта өз жұмысының нәтижесі жөнінде хабарлау немесе есеп беру.

Оқушылардың іс-тәжірибелік жұмыстары белгілі жағдайда деректермен расталса мазмұнына қарай дедуктивті құрылуы мүмкін немесе жалпы пікір ретінде қорытынды жасалса, яғни индуктивті құрылуы мүмкін. Өсімдіктер мен жануарларды және олардың мүшелерін тану дедуктивті құрылады. Тәжірибе-әрқашанда индуктивті; Анықтау және бақылау бойынша жұмыстар келесі тіркеумен индуктивті және дедуктивті болуы мүмкін.

Тәжірибеде кез-келген әдістер тәсілдермен оқыту арқылы жүзеге асады. Әдістемелік тәсілдер-оқыту үрдісіндегі мұғалім мен оқушылардың бөлек әрекеттерін көрсететін әдістердің элементтері. Олар логикалық, ұйымдастырылған және техникалық сипатта болуы мүмкін.

Әрбір тәжірибелік жұмыстардың түрлерінде алдын-ала зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік және бекітуші түсініктерді ажырта білу керек.

Біріншісі оқушыларға сұрақты меңгергенге дейін беріледі. Оқушылар жұмыс барысын қойылған тапсырмалар арқылы орындайды. Жұмыстың қорытындылары сабақта көрсетіліп, талқыланады.

Екіншілері сұрақты меңгергеннен жүргізіледі және оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолданады.

Биологияны оқыту әдістемесінде жұмыстардың күрделенуінен және оқушылардың өздігінен жұмыс істеулерінің жоғарылауынан тәжірибелік әдістер түрі өзгеріп, дами түседі. Дұрыс өткізілген тәжірибелік жұмыстар оқушылардан логикалық талдауларды жасауды талап етеді: ұқсастық пен айырмашылықты көрсету, классификация, қорытынды, ойшақорытындылау.

Мысалы, IX сыныпта оқушыларға екі жұмыс берілді:



  1. әртүрлі объектілердегі өзгергіштік құбылыстарымен танысу

  2. өзгергіштік себебін ұсыну.

IX сынып оқушысына не істеу керек

Бірінші жұмыс–өзгергіштік құбылысы

Екінші жұмыс – өзгергіштіктің себебі

1. Объектке және оның мүшелеріне сипаттама беру

1.Қоршаған ортасына байланысты объектілер арасындағы айырмашылықты құру

2. Объектіні және оның мүшелерін салыстыру(өлшеу, санау және т.б.)

2.Олардың кешенінен әсер ететін негізгі факторларды бөлу.

3.Ұқсастығы мен айырмашылығын құру

3. Өздігінен басқа мысалдарды таңдап алу.

4. Қорытындысын гербарий немесе коллекция түрінде тіркеу.

4. Нәтижелерін кесте түрінде тіркеу: қысқа хабарлама жасау және үйден баяндама дайындау.

5. Өздігінен басқа әдісті таңдап алу

5. Тәжірибелерді тірі табиғат бұрышында қою.

Тәжірибелік жұмыстар оқушылардың ойлары мен дағдыларын тек жұмысты дұрыс жоспарлап, оны өткізгенде ғана дамыта алады. Сондықтан оқушыларды уақыт өте келе қысқа мерзімдіден ұзағыраққа, техникалық бойынша жеңілдеуінен және ұйымдастырушылық жағынан күрделілігіне және ұзағырағына үйрету керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет