«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Физика есептерінің классификациясы



бет31/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Физика есептерінің классификациясы

Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; шешу тәсіліне қарай классификациялауға болады (2- кесте).


Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартты түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика, электродинамика т.б. болып бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді. Жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады.
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір тараудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайталанған кезде, оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жауап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді.
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқушымен жұмыс істеген кезде, олимпиядаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұрақ-есептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мұндай бөліну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет