«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет37/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Ұсынылған әдебиеттер


1.Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. Мұғалімдер мен студенттергеарналғанқұрал. /М.Құдайқұлов; Қ.Жаңабергенов. Алматы, “Рауан”, 2001.
2.Аманқұлов Т.П. Жоғары оқу орындарында физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 -98 б.
3.Аманқұлов Т.П. Физика есептерін шығарудың әдістемесі. Оқу құралы. –Шымкент.: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007 -166 б.
4.Теория и методика обучения в школе: Частные вопросы: Учеб. Пособие для студ. Пед. Вузов / С.Е. Каменецкий, Н.С.Пурышева, Т.И.Носова и др.; Под. Ред. С.Е.Каменецкого. – М.:Издательский центр «Академия», 2000. – 384 с.
10 - ДӘРІС


Тақырыбы: МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕРМОДИНАМИКА
БӨЛІМДЕРІН ОҚЫП-ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕМЕСІ


Мақсаты: Газдарда өтетін барлық процестерді молекула-кинетикалық теория тұрғысынан түсіндіру. Идеал газ және газ заңдарын оқыту әдістемесін беру. Термодинамика негіздерін оқыту әдістемесі: термодинамика негіздерінің құрылымы, «ішкі энергия» және «жылу мөлшері» ұғымдарына ғылыми - әдістемелік талдау жасау, термодинамиканың бірінші заңын оқыту әдістемесін беру
Жоспары: 1. Молекулалық физика бөлімін оқыту әдістемесі.
2. Термодинамика негіздерін оқыту әдістемесі.
Бақылау сұрақтары:
1. Молекулалық физика бөлімін оқытуда мұғалімнің негізгі мақсаты.
2. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары.
3. Газ заңдарын оқыту әдістерінің ерекшеліктері.

  1. Молекулалық физика тарауының мазмұны

«Молекулалық физика» бөлімін оқып үйренудің үлкен білім аларлық маңызы бар. Оқушылардың негізгі мектептің 7-9 сыныптарда алған бастапқы қарапайым мәліметтері (заттың құрылысы және қасиеттері, жылулық құбылыстары және т.б.) бағдарлы мектепте бөлімді оқыту кезінде қайталанады және оқушылар үшін жаңа мәліметтермен толықтырылады. Бұл бөлімде қарастырылатын негізгі ұғымдар мен шамалар – молекуланың өлшемін, жылдамдығын, массасын өлшеудегі әдістер, заттың мөлшері және мольдік масса, оның өлшем бірлігі, бөлшектің концентрациясы, бөлшектің орташа квадраттық жылдамдығы, бөлшектің орташа кинетикалық энергиясы, термодинамикалық жүйе, жылулық тепе-теңдік, күй параметрлері, қысым, көлем, температура, жұмыс, жылу мөлшері, ішкі энергия. Негізінен жоғарғы сыныптағы молекулалық физика бөлімінде газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуімен, термодинамикамен (жылулық құбылыстарды макроскопиялық деңгейде түсіндіретін) және төменгі сыныптарға қарағанда тереңірек газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің қасиеттерімен танысады. Молекулалық физика бөліміндегі құбылыстар: диффузия, жылу сыйымдылық, тұтқырлық, броундық қозғалыс, жылулық тепе-теңдік, заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі. Механика бөлімінен кейін молекулалық физика бөлімін оқудың өзінде үлкен бір мән жатыр. Өйткені бұл бөлімде оқушылар механикадағы қозғалыстан ерекше қозғалыспен танысады.


Молекулалық физика бөлімін оқытуда мұғалімнің негізгі мақсаты – жылулық қозғалыстың механикалық қозғалыстан айырмашылығын түсіндіру кезінде динамика заңдарының қолдану шегін айқындау және де оқушыларды жылулық құбылыстар мен процестерді қарастыратын статистикалық және термодинамикалық әдістермен таныстыру. Бұл екі әдіс бір дененің күйін әр түрлі жолмен түсіндіргендіктен бірін-бірі толықтырады. Осыған байланысты мұғалім температура, ішкі энергия, идеал газ т.б. ұғымдарды термодинамикалық және статистикалық тұрғыдан олардың мазмұнын аша білуі керек. Физиканың қазіргі бағдарламасына сәйкес «Молекулалық физика» тарауын бағдарлы мектепте оқытуға берілген сағат мөлшері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет