Үшінші кезеңде пәнішілік және пәнаралық байланыстар арқылы оқу әрекетінің құрылымын түтастай қалыптастыру. Ол кез келген тапсырманы орындауды қамтамасыз етеді.
Төртінші кезеңде оқу әрекетінің құрылымдық компонентін тұтастықта және әр түрлі оқу пәндерінде оқушылардың өз беттерімен тапсырманы орындауына бағыттау.
Бастауыш сыныптағы жаңа оқу бағдарламасында оқушыларға ”есеп және оның құрамы” туралы түсінік беру талабы қойылып отыр. Бұған дейінгі бастауыш сынып бағдарламасында бұл жағдай орын алмаған еді. Сондықтан есеп және оның құрамы туралы оқушылардың ұғымы күңгірт болатын-ды. Кез келген әрекетке жағымды қатынастарды қалыптастыруда оның мәніне түсіну қажет. Бұл проблеманы шешуде есеп ұғымы негізгі тірек болып саналады. Бұл кезеңде қолданылатын тәсілдер осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Оқушылар алғашқы кезде мұғалімнің басшылығымен ”есеп дегеніміз не?”, және оның құрамды бөліктерімен (сұрақ, белгісіз; шарт белгісіз) танысады.
Оқушылар бірте-бірте өздері есептің құрамды бөліктерінің байланыстылығын байқап, оларды ажыратады. Осы мақсатта оларға екі мәтін ұсынылады. Солар арқыла есеп белгілерін өздері табуға бағытталады. Мысалы, ”Ойланыздаршы, тақтадағы жазылғанды есеп деуге болама?” (Тақтада ”Балаларға барлығы қанша қызыл және жасыл доп сатылып алынған? деген мәтін). Екіншісі - ”сүретте берілген заттың атын жазыңдар (табыңдар). Алманың сүреті салынған.
Оқушыларды ”Есеп дегеніміз сұрақ және шарт немесе белгілі арқылы белгісізді табу” деп өздері қорытындылайтындай жағдайға жеткізу керек. Оқушылардың ”есеп” ұғымын бекіту мақсатында бірінші мәтінді ”есеп” болатындай етіп өзгертіп ұсынуға болады.
Оқушылардың әр түрлі пәндерден орындайтын тапсырмаларының (кең мағынасында) ортақ құрамды бөліктері бар. Мысалы, қазақ (орыс) тілі пәндеріндегі жаттығулар да екі құрамдас бөліктерден (сұрақ, белгісіз, талап; мәтін, шарттан) тұрады. Басқа оқу пәндеріндегі тапсырмаларда (тар мағынасында) екі қүрамдас бөліктеп тұрады. Демек, бастауыш сынып оқушыларына тек қана ”есеп, оның құрамды бөліктері” ғана тұралы түсінік беріп қоймай, ”жаттығу”, ”тапсырма” ұғымы және оның құрамды бөліктері тұралы түсінік беру қажеттілігі туындайды. Мысалы, ”Ойлаңыздаршы, тақтаға жазылғанды жаттығу деуге бола ма?” (Тақтаға 211-жаттығу. Бастауышты тауып, астын сызыңдар). Екіншісі - 212 жаттығу. Зат есімді тауып, астын сызыңыздар. “Асан мектепке бара жатыр. Ол - оқу озаты.“ Бірінші сұрақты (талапты) ”жаттығу” болатындай етіп өзгертіп ұсынуға болады. Болашақ оқу бағдарламаларынан “жаттығу және оның құрамы“ туралы түсінік беру орын алады деген үміттеміз.
Сондай-ақ, бұдан кейін мұғалім оқушыларға оқу міндеті тұралы түсінік беріп, оның нақтылы практикалық міндеттен айырмашылығын көрсетеді.
Әңгіме алдында оқушылардың зейінін тапсырмаларды орындаудан бұрын нақтылы мақсат анықталатынына аударады.
Тапсырманы орындау тек нақты жауаппен (нәтижесімен) шектелсе, оқушы практикалық міндетті шешкен болады. Нақты нәтиже де қажет, бірақ ол жеткіліксіз.
Оқушы тапсырманы орындау барысында нақты нәтижемен қатар, неге үйренетіндігі туралы мақсат қойса, ол - оқу міндеті.
Әңгіме нәтижесінде оқушы кез келген тапсырманы орындау мақсатқа бағытталатынын ұғынуы тиіс.
Оқу міндетін шешу оқудың жеңіл, тиімді (ұтымды), мақсат бағыттылығына ықпал етеді. Әрекет жолын меңгереді. Оны өзге де әрекетте пайдаланады.
Бұл кезеңде оқу және нақты-практикалық міндеттерді ажырата білуі әр түрлі пәндер материалы негізінде түсіндірілген тиімді. (Үшінші бөлімдегі ”Оқу және нақтылы практикалық міндет” тақырыбы, сабақтан үзіндіні қараңыз.)
Оқу және нақтылы-практкалық міндеттерді айыру үшін білім керек, ұсынылған тапсырмадағы басты мәселені біліміне сүйене айыра білу тиіс және табандылық қажет. Табандылық барлық әрекетке тән.
Оқу және нақтылы-практикалық міндеттерді ажырата білуге үйрету үшін төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:
Оқу міндеті туралы түсінік беру;
Нақтылы-практикалық міндет туралы түсінік беру;
Оқу міндеті туралы әңгіме өткізу;
Практикалық міндет туралы әңгіме өткізу;
Ұсынылған міндеттерден оқу міндетін табу және оны дәлелдеу.
Келесі кезеңнің негізі міндеттерінің бірі - оқу әрекетінің қүрылымымен таныстыру. Олардың бір-бірімен байланысты екенін, оқу әрекетінің құрылымын меңгеруде оқушыда жеке тұлғаға тән қасиеттердің қалыптасатынына ерекше көңілін аудару керек. Оқушыларды тапсырманы орындаудың негізгі кезеңдерімен нақтылы мысалдар арқылы таныстырылады.
(3-ші бөлімдегі ”Оқу әрекетінің құрылымы” деген тақырыпты қараңыз.)
Оқу тапсырмаларын орындау кезеңдерінің тізбегі беріледі:
Талдау (белгілі, белгісізді табу);
Мақсат (неге үйренетінін анықтау);
Актуализация (тапсырманы орындауға қажетті ережелерді, заңдарды, іскерлікті еске түсіру);
Жоспарлау (амалдарды орындалу реттілігін анықтау);
Орындау (шешу);
Тексеру (нақтылы нәтижені және тапсырманың орындалу барысын бақылау);
Бағалау (мақсатқа жетті ме, жетпеді ме, орындалу деңгейі).
Әрбір оқушы осы кезеңдердің мәніне түсінуі қажет. Кез келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан (анализден) басталатыны белгілі. Демек, оқушыларды талдауға үйрету - бұл кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі.
Талдауға үйретуде сан алуан тәсілдерді қолдануға болады.
Олар:
Күдік туғызатын тапсырмалар ұсыну;
Құрамында артық белгілісі бар тапсырмаларды орындау;
Шартында ішкі жалпылық пен сыртқы айырмашылығы бар тапсырмаларды орындау;
Құрамы толық емес тапсырмаларды ұсыну;
Құрамы толық тапсырмаларды орындау;
Жарыс ұйымдастыру;
Әңгімелесу;
Ойын түрінде өткізу (бір оқушы - белгілі, екінші оқушы - белгісіз т.б.);
Сұрақтар қою:
Сен тапсырманы неге талдайсың?
Талдаудың қажеті жоқ шығар?
Тапсырманы орындауға бірден кірістің бе?
Таспырманың шартында қате болғанда өзіңе қандай сұрақ қойдың?
Тапсырманы орындауға қандай іскерлік көмектесті?
Дұрыс талдауға жеке басыңның қандай қасиеттері көмектесті?
(3-ші бөлімнің ”Бастауыш сынып оқушыларының талдау іскерлігін қалыптастыру” тақырыбын қараңыз.)
Оқушының тапсырманың құрамы толық болған жағдайда ғана орындауға болады деген қорытындыға келуі тиіс. Дұрыс алғашқы талдау жасау - тапсырманың дұрыс орындалуының бір шарты.
Кез келген міндетті шешуге бағытталған әрекет талдаудан басталады.
Келесі тапсырманы орындау кезеңінде оқушылардың өздері орындайтын жаттығу, тапсырма, есептерінің қандай мақсатпен орындайтындығына бағыттау, мақсат қоя білуге үйрету. Ол үшін оқушыларды мақсатты анықтауға және мақсат қоюға ықпал ететін объективтік шарттарымен таныстырып, оны іс жүзіне асыра білуге дағдыландыру қажет. Оны мұғалім нақтылы оқулық материалдары негізінде үйретеді.
Объективтік шарттар:
Сабақтың тақырыбы;
Өткен материал бойынша оқушының білімі және іскерлігі;
Тапсырма, жаттығу, есеп мазмұны;
Қалыптасқан тәжірибе.
Тапсырманы орындау кезеңінің сақталмауы әрекеттің мәніне ңұқсан келтіреді.
Мұғалім оқушылардың зейінің талдау мен мақсаттың, байланыстылығына аударады, яғни талдау бойынша неше белгісіз (сұрақ, талап) болса, сонша мақсат қойылады.
Оқушылар өздері орындайтын тапсырманың мақсатың меңгергеннен кейін, сабақтың мақсатын анықтауға үйретуге көшуге болады. Сабақтың мақсатын анықтауға жоғарыда айтылған шарттар пайдаланылады.
Оқушыларды тапсырманың, сабақтың мақсатын анықтауға үйретуде әр түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:
1. Сұрақтар қою:
Осы тапсырманы орындағанда неге үйренесің?
Осы тапсырманы орындағанда неге үйрендің?
Бұл тапсырманы неге орындадың?
Бұл тапсырманы саған дейін бірнеше оқушы орындады ғой. Сен неге орындайсың?
Бұл тапсырманы орындау іскерлігі саған неге керек?
Бұл іскерлік қайда кездесуі мүмкін?
Тапсырманың мақсатын мұғалімнің анықтауы.
Тапсырманың мақсатын ұжыммен анықтау.
Тапсырманың мақсатын топпен анықтау.
Тапсырманың мақсатын жұп оқушымен анықтау.
Тапсырманың мақсатын жеке оқушының анықтауы.
Нақтылы-практикалық міндетті оқу міндетіне аудару.
Оқу міндеттін анықтау.
Жаттығу құрастырып, мақсатын анықтау.
Ойын.
Оқу міндетінің практикалық міндеттен айырмашылығы неде?
Үй тапсырмасының мақсатын анықтау.
Науқастанып сабаққа келмеген оқушыға үй тапсырмасының мақсатын оқушылар арқылы түсіндіру.
Сыныпқа жалпы бағыт беру.
Мақсатты түрлендіру (бір тапсырманы орындауда әр түрлі мақсат қою):
сөзді құрамына қарай (морфологиялық) талдау;
сөз топтарына талдау;
дыбыстың (фонетакалық) талдау.
(3-ші бөлімнің ”Сабақ және орындалатын тапсырманың мақсатын анықтауға үйрету” тақырыбын қараңыз.)
Тапсырманы орындалуы келесі кезеңдерінің бірі - актуализация. Қандай да тапсырманы орындауда белгілі бір ереже, заң, нақтылы тәжірибе кажет екеніне оқушылардың зейіні аударылады. Осы мақсатта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар:
Бір ережеге сөздердің тізбегін жалғастыру;
Педагогикалық ситуациялар;
Тапсырманы орындауға қандай өткен материалдар көмектесті.
(3-ші бөлімнің ”Білім, іскерлікті өзектендіру (актуализация) тақырыбын қараңыз.)
Жоғарыда айтылған кезеңдер тапсырманы орындаудың төртінші кезеңіне көшуге мүмкіндік береді. Ол - амалдарды орындаудың жоспарын анықтау. Сондай-ақ, оқушыларды нақтылы мысалдар арқылы амалдарды орындаудың жоспарын жасау талдау, мақсатты белгілеу, актуализацияға тікелей байланысты екенін дәлелдейді. Оқушылардың оқу әрекетін жоспарлау іскерлігін қалыптастыру мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Олар:
Сабақтан тыс әрекетін жоспарлау;
Демалыс күнін жоспарлау;
Шашыранды амалдарды реттілікке келтіру;
Жетіспейтін амалдарды толықтыру;
Жоспарды ұжыммен дайындау;
Жоспарды топпен дайындау;
Жоспарды жеке дайындау;
Тақтаға сабақ жоспарын жазу;
”Бір - күнде - жоспарсыз - емес” ойыны;
Кіріспе әңгіме;
Ұсынылған жоспардан дұрысын табу;
Тақтада тапсырманы орындау реттілігін айтып жазу.
(3-ші бөлімнен ”Iс-әрекетті жоспарлау іскерлігін қалыптастыру” тақырыбын қараңыз.)
Сонымен қатар мұғалім оқушыларды оқу әрекетін тексеру мен бағалау іскерлігін қалыптастыру мақсатын қояды. Оны іс жүзіне асыру мақсатында оқушылардың зейінін бірден негізгі объектіге аударып, тексеру мәніне тоқталады. Әр түрлі пәндердің материалдары бойынша әрбір кезеңнің дер кезінде тексерудің тиімділігіне тоқталады, нақтылы деректермен дәлелдейді. Нәтижесінде ғана тексерудің тиімсіз жағына тоқталады.
Сонымен, тапсырманы орындау барысын бақылап отыру - қатені дер кезінде түзетіп, нәтиженің сапалы, дұрыс болуының негізгі бір шарты екеніне оқушылардың көзін жеткізу. Осы кезенде бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу, әңгіме өткізу тиімді болады. Кездесу, әңгіме өткізу барысында оқушылар өздерінің ата-аналарының қайда және кім болып қызмет істейтіндерін анықтайды. Тексеру, бақылаудың өндірісте алатын орнына тоқтайды, нақтылы кейбір амалдарды орындауда тексеру (бақылауды) жүргізу жолдарын көрсетеді. Оған мектепте үйренетіндіктерін баса айтады.
Мұғалім оқушыларды оқу әрекетін тексеру іскерлігін қалыптастыруда әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Олар:
Ата-аналармен кездесу;
Әңгіме өткізу;
Тксеру (бақылау) мәні туралы түсінік беру;
Бақылау ұйымдастыру;
Дұрыс орындалмаған жаттығу, есеп, тапсырмаларға талдау жасау;
Сұрақтар қою:
а) жаттығу, есеп тапсырманы дұрыс немесе дұрыс емес орындадың ба?
ә) тапсырманы дұрыс орындағанынды қалай тексердің?
тексерулер:
а) ұжымдық тексеру;
ә) өзара тексеру;
б) топтық тексеру;
в) өзін өзі тексеру;
Дұрыс талдау жасадың ба, мақсатын дұрыс анықтадың ба, қажетті өткен материалды еске түсірдің бе, дұрыс жоспар құрдың ба;
Аралық тексеру;
Тапсырманың орындалу барысын тексеру;
Қорытынды тексеру;
Есеп шығарудың ”балама жолын табу”;
Диалог түрінде тексеру;
”Шиеленескен” міндеттерді шешу;
Байымдау шығарма жазу ”менің сабақтағы көмекшілерім”.
(3-ші бөлімнің ”Оқу әрекетін тексеру іскерлігін қалыптастыру” тақырыбын қараңыз.)
Тапсырманы орындаудың келесі кезеңі - бағалау. Баға - алға қойған мақсаттың орындалу не орындалмау көрсеткіші. Оқушының неге үйренгенінің деңгейі.
Оқушының тапсырманы орындау нәтижесін бағалауға үйрету үшін әр тұрлі тәсілдерді қолдануға болады. Олар:
жұмыстың нәтижесін оқушылардың өздерінің бағалауы;
оқушының өзінің және бөгде оқушының орындаған жаттығу, есеп, тапсырмаларын бағалауға ұсыну;
топтық бағалау;
өзара тексеру және бағалау;
ұжымдық бағалау;
мұғалімнің бағалауы;
әр түрлі деңгейде орындалған тапсырманы ұсыну;
әр түрлі деңгейде бағаланған тапсырмаларды ұсыну, пікір айту.
(3-ші бөлімнің ”Оқу әрекетін бағалауға үйрету” тақырыбын қараңыз.)
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасының талаптарының бірі - әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін берілген пәндердегі тапсырмалар, әдетте, қазақ тілінде жаттығу, математикада есеп, басқа пәндерде көпшілік жағдайда тапсырма түрінде беріледі. Демек, жаттығу, есеп, тапсырмаларды орындауға ортақ тәсілдерге үйрету - осы кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі.
Әр түрлі тапсырмаларды орындаудың ортақ тәсілдерін меңгерту ұшін әр тұрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар:
тапсырманы орындаудың әрбір кезеңін ұдайы еске түсіріп отыру;
математикадан есеп шығарғанда, қазақ тілінен жаттығу орындағанда оларға ортақ ұқсастық кездесе ме? Кездессе, оны ата.
Математикадан есеп шығарғанда, қазақ тілінен жаттығу, дүниетанудан тапсырманы орындағанда неден бастайсың?
Математикадан есепті, қазақ тілінен жаттығуды, дүниетанудан тапсырманы талдағанда, осы әр түрлі үш пәнге ортақ сәйкестік бар ма?
Математика, қазақ тілі, еңбек сабағында тапсырманың мақсатын анықтуда, ортақ сәйкестік бар ма?
Оқушылар жауабы: .....
Математикадан есеп, қазақ тілінен жаттығу, еңбек сабағынан тапсырманы орындау жоспарын жасауда ортақ ұқсастық бар ма?
Бар болса, ата.
Оқушылар жауабы:......
Белгілі бір уақыт өткеннен кейін оқушылар жаттығу, есеп, тапрсыманы орындауда белгілі бір амалдар реттілігінің сақталатындығы туралы қорытындыға келеді:
Кез келген жаттығу, есеп, тапсырманы орындау неден басталады?
Кез келген жаттығу, есеп, тапсырманың мақсатын анықтау неге байланысты?
Кез келген жаттығу, есеп, тапсырманы орындауға қажетті өткен материалды еске түсіру неге байланысты?
Әр түрлі пәннен оқу тапсырмаларын орындау кезеңдерін ата?
Оқу тапсырмасын орындау реттілігін қалпына келтіруге байланысты тәсілдерді қолдану:
1) Орындалатын тапсырманың мақсатын анықта.
2) Тапсырманы орындау мақсатына жеттің бе?
3) Белгілі, белгісізді анықта.
4) Орында.
5) Жоспар құру.
6) Тексеру.
7) Тапсырманы орындауға қажетті заң, ережелерді еске түсіру.
8) Ойын, сынау, пікір талас т.б. сан алуап әдіс, тәсіл, форма ретінде түрлендіріп өткізуге болады.
(3-ші бөлімнің ”Тапсырманы орындаудың ортақ тәсілдерін қалыптастыру” тақырыбын қараңыз.)