Байланысты: Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ
4 .
Интерференциалық микроскоппен зерттеу. Бұл микроскопта
объектіге түсетін жарық екіге бӛлінеді. Оның біреуі объектіге түссе,
екіншісі
түспейді.
Кейін
екеуі
қайта
қосылып,
объектінің
интерференциалдық бейнесі кӛрінеді. Бұл микроскопта фазалардың
ӛзгеруін ӛлшеп, объектідегі заттардың мӛлшерін санап білуге болады.
5. Поляризациялық микроскоппен зерттеу. Бұл микроскоппен
изоторопиялық құрылымы бар объектілер зерттеледі. Изотропия деп,
объектінің құрамындағы құрылымдардың рет-ретімен қайталанып
орналасуы. Мысалы, кӛлденең-жолақты бұлшық ет талшығындағы А, І
дискілері.
Бұл микроскоптың конденсорының алдына арнайы призма (Николя
призмалары) – поляризатор, ал препарат пен объективтің соңынан
анализатор қойылады. Жарық шоғыры арнайы призмалардың кӛмегімен
екіге
бӛлінеді.
Олар
ӛзара
перпендикулярлы
жазықтықта
поляризацияланған шоғырлар. Жарық сәулелері молекулалары реттеліп
орналасқан құрылымдар арқылы біркелкі ӛтпейді. Егер анализаторды 90
градусқа бұрып қойса, онда қоарланған сәуле шағылысы бар объект
17
күңгірт кӛру аймағында жарық шашқандай болып кӛрінеді. Ол
миофибриллалар мен коллаген талшықтарын анықтауға мүмкіндік береді.