87
4 – сурет. Ҧрықтың жатырда даму тҥрі.
А - 6 апта; Б - 4-5 айлық ҧрық: 1 – эмбрионның денесі (ҧрық); 2 -
амнион; 3 – сары уыз қапшығы; 4 - хорион; 5 - кіндік.
Геккель және Мюллердің бір – біріне байланыссыз қарастырған
биогенетикалық заңында онтогенез филогенездің қысқаша және жылдам
қайталануы болып табылады деген. Филогенез – түрдің тарихи даму
процестерінің толық жиынтығы.
Проэмбрионалдық кезең
Проэмбрионалды немесе проэмбриогенез кезеңі гаметогенезге сәйкес
келеді. Ӛйткені гаметогенезде гаплоидты хромосомалар жиынтығы бар
гаметалар жұмыртқа мен сперматозоид жасушалары пісіп жетіледі.
Жұмыртқа жасушасында кӛптеген информациялар (р–РНҚ, а–РНҚ), сары
уыз, гликоген және майлар жиналады.
Сары уыздың мӛлшеріне және цитоплазмада таралып орналасуына
байланысты жұмыртқа жасушаларын 3 типке бӛледі (5-сурет):
Изолецитальді
жұмыртқада сары уыз аз болып, цитоплазмада
біркелкі таралады. Мысалы: ондай жұмыртқалар тікенекті терілілерге,
тӛменгі сатыдағы хордалыларға (ланцетник), сүтқоректілерге және адамға
тән.
Достарыңызбен бөлісу: