23
1.3 Жасушалар қҧрылымдарының жалпы морфологиясы және жасуша аралық байланыстар Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарлар, ӛсімдіктер мен
балдырлар жасушаларының ұйымдасу құрылымдары мен
мембранасының құрамындағы компоненттерді және жасуша аралық
байланыстарды тани білуді үйрету.
Сабақтың сҧрақтары: 1.
Жасушаның анықтамасы, құрылыс ерекшеліктері
. 2.
Жасушаға дейінгі құрылымдардың түрлері.
3.
Жасуша теориясының қағидалары және оның негізін
салушылар.
4.
Биологиялық мембрана туралы түсінік.
5.
Жасуша арлық байланыстар түрлері.
6.
Жасуша мембранасының тасымалдау қызметі.
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген
сұрақтарға ауызша жауап алу, тесттік бақылау жүргізу және тӛменде
берілген тапсырмаларды орындау.
Жасуша - тірі ағзалар құрылымының ең қарапайым бӛлігі, олардың
құрылысы мен тіршілігінің негізін құрайды. Тіршілікті жасуша
тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасуша ӛз алдына жеке организм ретінде (бактерияда, қарапайымдарда,
кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе кӛп клеткалы
жануарлар мен ӛсімдіктер ұлпаларының құрамында кездеседі.
«Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыс -
танушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Клетканың диаметрі 0,1 – 0,25
мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы)
дейін жетеді.
Адам организмі - миллиардтаған жасушалардан құралған, ӛздгінен
реттеліп, жаңарып тұратын біртұтас күрделі жүйе. Ағзаның даму
үдерісінде жасушалар мен жасуша аралық заттар - ұлпаларға, мүшелерге,
мүшелер жүйесіне және біртұтас ағзаға бірігеді.
Жасуша - тіршіліктің негізгі бірлік ӛлшемі. Барлық тірі ағзалардың
денесі (вирустан басқасы) жасушадан тұратыны мәлім. Жасушаның
құрылысы электронды микроскоптың кӛмегімен терең зерттелген.
Электронды
микроскоппен жасуша
құрылымдарының
ӛте
ұсақ
бӛлшектеріне дейін анық кӛруге болады.
24
Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым
цитология (гр.
kytos - жасуша,
logos - ғылым).
Тiрi ағзаларды құрылымына қарай