42
Гистологиялық препараттарды темір
гемотоксилинмен бояу әдісін
ашқаннан кейін, жасуша орталығы центросома,
немесе центросфера деп
аталатын жұмыр массаның ортасында орналасқан екі хромофильді
денешіктерден – центриольдардан тұратыны анықталды. Центриольдің
диаметрі 0,1-0,5 мкм, ұзындығы 0,3-0,6
мкм цилиндр тәрізді денешік,
қабырғасы бір-біріне параллель орналасқан микротүтікшелердің 9
триплетінен тұрады. Әртүрлі жасушалардағы түтікшелердің саны
тұрақты. Центриольдің микротүтікшелер жүйесінің формуласы 9+0
немесе (9х3)+ 0.
Интерфазалық жасушада бір-біріне перпендикуляр орналасқан екі
центриоль болады. Әрбір жеке центриольді құрылымсыз немесе жіңішке
талшықты матрикс қоршап тұрады.
Центриольдер кірпікшелер мен талшықтардың
негізінде орналасып
базальді денешіктерді құрады және бӛлініп жатқан жасушаларда бӛліну
ұршығын қалыптастыру функциясын атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: