Байланысты: Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ
Митохондрияның электрондық микросуреті. 1 — сыртқы мембрана, 2 — ішкі мембрана, 3 — кристалар,
4 — митохондрияның матриксі (Ю.И.Афанасьев бойынша).
3 Тапсырма. Препарат.
Мысық
жұлынының
жүйке
жасушаларындағы Гольджи аппаратын тауып суретін салу.
Бояу: К. Гольджи әдісі бойынша күміспен импрегнациялау.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы ядро маңында Гольджи
аппаратының торлы құрылымы жақсы кӛрінетін жүйке жасушасын
таңдап алу. Үлкен ұлғайтқышпен қарап, бірнеше жасушаның суретін
салу. Жүйке жасушасының ақшыл домалақ ядросына кӛңіл аудару.
Ядроның ортасында жақсы боялған ядрошықтардың орналасқаны
кӛрінеді. Цитоплазмада, ядро маңында орналасқан қара жіпшелер,
46
ілгектер мен таяқша тәрізді болып келген аппарат Гольджиді белгілеңдер.
Гольджи аппараты жасушада белоктарды (оларды кӛмірсулармен,
фосфаттармен және сульфаттармен байланыстырады) модификациялау,
жасуша
мембранасының
қалыптасуы,
лизосомалардың
түзілуі
функцияларын орындайды.