Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет137/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

ӛте жоғары.
 
Бір қабатты куб тәрізді эпителий
организмде сирек кездеседі, үш 
ұрықтық жапрақшалардың бәрінен дамиды. Ол аналық жыныс безін 
қаптайды, бүйректің жұмсақ затының жинаушы түтіктерін, бездердің ұсақ 
ӛзектерін (бауырдың, ұйқы безінің, сілекей бездерінің) астарлап тұрады. 
Қалқанша безінде де байқалады. Бүйрек каналшықтары эпителийінің 
апикальді бетінде микробүрлер болады және жасушаларының кӛлемі 
бірдей, ядросы цитоплазманың ортасында орналасады.
 
Бір қабатты призма тәрізді эпителий - 
сирек кездесетін эпителийдің 
түрі, энтодермадан және мезодермадан пайда болады. Оның негізгі 
функциясы — ылғал беттерді қорғау. Бұл кезде секрет бӛлу немесе сіңіру 
қызметтерін атқармайды. 
 
Осы эпителийдің барлық жасушалары біріне-бірі ұқсас. Кейбір бездердің 
ӛзектерінде кездеседі. Кӛпшілік жағдайда бір қабатты цилиндр тәрізді 
эпителий ӛзгеріске ұшырап, корғау қызметімен бірге секрет бӛлу және сіңіру 
функцияларын да атқарады. Секреторлық және сіңіруші жасушалардан 
тұратын бір қабатты цилиндр тәрізді эпителий ішекті астарлайды. 
Сондықтан оны ішек эпителийі деп атайды. Ішектің түрлі бӛлімдеріндегі 
эпителиальді жасушалардың құрылысы бірдей емес, жалпы алғанда оларды 
екі топқа бӛлуге болады: 
 
1. Ішек қуысындағы қорытылған ӛнімдердің сіңуін қамтамасыз ететін 
 
жасушалар.
 
2. Шырыш бӛлетін (бокал тәрізді жасушалар) секреторлық жасушалар.
 
Ішек эпителийінің сіңіруші жасушаларын жарық микроскопымен 
қарағанда сызылған жұқа қабатпен қапталғанын кӛруге болады. Осы 
белгісіне қарап, оны щеткалық кӛмкерме деп атаған. Бұл құрылымдардың
плазмалемма ӛсінділерінен түзілгенін электрондық микроскоп арқылы 
анықтаған. Әрбір ӛсіндінің ені 0,1—0,2 мкм, ал ұзыңдығы 1—3 мкм, осы 
ультромикроскопиялық құрылымдар 
микробҥрлер
деп аталады. Бір 
жасушадағы микробүрлердің саны мен биіктігі ауытқымалы. Эмбриондық 
жасушаларда микробүрлер аз. Жіктелу процесі кезінде микробүрлердің 
саны артады. Олар ішек эпителийінің сіңіру беткейлігін 25—30 есе 


105 
арттырады. Ішек қабырғасындағы ас қорытудан жиналған түрлі заттар 
адсорбцияланып, пиноцитоз арқылы жасушаның цитоплазмасына түседі.
 
Қоректі заттарды сіңіруге қатыса отырып, бұл эпителий ас қорыту 
жолындағы бактериялардың ағза ішіне ӛтуіне кедергі болады. Сонымен 
бірге, осы ұлпа ішектің қабырғасын ас қорыту ферменттерінің қорытушы 
әсерінен қорғайды. Ащы және тоқ ішектердің эпителиальді астарының бір 
қабатты цилиндр тәрізді жасушалары арасында, жасушаларды 
механикалық және химиялық зақымдардан қорғайтын, шырыш бӛлетін бір 
жасушалы бездер болып есептелетін кӛптеген бокал тәрізді жасушалар 
кездеседі. Ішек эпителийінің жасушалары мен базальдық мембрананың 
арасындағы байланыс жеңіл үзіледі. Ас қорыту жолының үздіксіз қозғалысы 
мен эпителийдің үдемелі жұмысы жасушаларды тез тоздыратындықтан, 
олар түлеп отырады. Ішек эпителийінің құрамында кӛбеюге қабілетті шала 
жіктелген жасушалар болады, олар крипталарда орналасқан. Бӛліну 
нәтижесінде пайда болған жас жасушалар, түлеген жасушалардың орнын 
басады. Ішек эпителийінің барлық жасушалары 30—36 сағаттың ішінде 
жаңарып отырады.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет