макрофагтар
деп атаған. Моноциттер трофикалық
функция да атқарады.
Моноциттер сүйек кемігінде
монобластардан
түзіліп, бірден қанға
шығады, онда 2-4 тәулік тіршілік етіп, ұлпаларға ӛтіп, бірқатар
ӛзгерістерге
ұшырап,
пісіп
жетіліп,
макрофагтарға
айналады.
Макрофагтар қандағы ең ірі жасушалар, олардың ядросы сопақша немесе
дӛңгелек болып келеді (4- сурет В). Ұлпаларға ӛткен макрофагтар бірнеше ай
тіршілік етеді. Макрофагтар ұлпада резидентті немесе ауыспалы жасушалар
түзуі мүмкін. Резидентті жасушалар бүкіл тіршілігін белгілі бір ұлпада
ӛткізсе, ауыспалы жасушалар тұрақты түрде бір ұлпадан екінші ұлпаға кӛшіп
отырады. Ағзаның әртүрлі ұлпаларында резидентті макрофагтардың
аталулары әртүрлі. Мысалы, бауырда – купфер жасушалары деп аталса,
сүйекте – остеокластар, мида – микрогиалді жасушалар деп аталады.
Қандағы
моноциттер әртүрлі ферменттерді және реттеуші
молекулаларды синтездейді. Ал, реттеуші молекулалар қабыну реакциясын
дамытуға қабілетті болуы мүмкін немесе керісінше тежеуі мүмкін. Қабыну
реакциясының дамуы немесе тежелу қажеттілігі ағзаның қолдауымен
анықталады, моноциттер тек ғана бұйрықты орындайды.
Сонымен қатар, моноциттер жараның жазылып кетуіне қатысып,
жазылу процесін қарқындатуға үлес қосады және жүйке талшықтарының
қалпына келуіне, сүйек ұлпаларының ӛсуіне мүмкіндік туғызады. Ұлпадағы
макрофагтар қорғау қызметін атқаруға бейімделген: ауру қоздырғыш
агенттерді фагоцитоздайды, вирустардың кӛбеюін тежейді.
124
Достарыңызбен бөлісу: |