Синтездеу кезеңі (S)
- жасушаның тұқым қуалау материалы - ДНҚ
молекуласының екі еселенуімен сипатталады. ДНҚ редупликациясы
жартылай консервативті әдіс бойынша жүреді. Бұл кезде ДНҚ тізбектері
бір бірінен ажырап, әр қайсысының жанында комплементарлы
принциппен жаңа тізбектер синтезделеді. Мұның нәтижесінде ӛзара ұқсас
қос биоспираль қалыптасады. Аналық ДНҚ молекулаларына
комплементарлы бұл ДНҚ молекулалары хромосоманың ұзына бойында
бір уақытта емес (асинхронды) жеке фрагменттер немесе репликон
түрінде бір хромосоманың әр түрлі аймақтарында, сонымен бірге
әртүрлі хромосомаларда түзіле бастайды. Соңынан, сол фрагменттер
(репликондар) бір біріне жалғанып, тұтас бір молекуланы құрайды.
Синтездік кезеңнің соңында жасушадағы тұқым қуалау материалының
мӛлшері екі есе артады (2n 4c). Бұл кезеңде сонымен қатар, РНҚ мен
ақуыз синтезі қарқынды жүреді, ал гистонардың мӛлшері екі есе артады.
Соның нәтижесінде әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Бұл кезеңнің
ұзақтылығы 3-6 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |