Құралдар мен жабдықтар: ток көзі, вольтметр, амперметр (0-2 А), реостат
Қысқаша теория
Ток көзінен (гальвани элементінен, аккумулятордан немесе генератордан) және кедергісі R резистордан тұратын қарапайым толық (тұйық) тізбекті қарастырайық (1-сурет). Ток көзінің ЭҚК және кедергісі r. Тізбектің R сыртқы кедергісінен ажырату үшін әдетте, ток көзінің кедергісін ішкі r кедергі деп атайды. Генераторда r – орамалардың кедергісі, ал гальвани элементінде – электролит ерітіндісі мен электродтардың кедергісі.
Сан мәні тізбектің ішкі және сыртқы бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең шаманы ток көзінің ЭҚК деп атайды. Әдетте, тұйық тізбек үшін Ом заңын мына түрде жазады:
(1)
Толық тізбектегі ток күші тізбектің ЭҚК-нің толық кедергісіне қатынасына тең. Мұндағы r- ток көзінің ішкі кедергісі, R – тізбектің сыртқы бөлігінің кедергісі. (1) формуладан -ні тапсақ:
(2)
болады, мұндағы - ток көзінің полюстеріндегі кернеу, - ток көзінің ішкі кернеуі, демек,
(3)
ұмтылғанда яғни тізбекте ток жоқ болғанда ЭҚК-і ток көзінің полюстеріндегі кернеуге тең. (3) формуладан ток көзінің ішкі кедергісін есептейтін формула шығарып алуға болады: