Жаратылыстану және математика



бет45/61
Дата10.06.2017
өлшемі6,82 Mb.
#19032
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61
-сурет. Линзаларды қосу.
Бессель әдісімен жинағыш линзаның және пайда болған жүйенің фокустық қашықтығын анықтауға болады, ал шашыратқаш линзаның фокустық қашықтығын солар арқылы табуға болады. Линзаларды тығыздап қосқан кезде олардың оптикалық күштері қосылады:

(8)

Бұл формуладан екінші линзаның фокустық қашықтығын табуға болады:



(8а)

Жарықталынатын нәрсені зерттеу үшін гелий-неонды лазермен жарықтандырылатын екі өлшемді дифракциялық тор (МОЛ-1) қолданылады. Дифракция әсерінен лазерлік ағын тордан кейін көптеген жинақсыз сәулелерге жіктеліп, олар экранда крест тәрізді жарық дақтары болып орналасады.




8-сурет. Қондырғының сыртқы көрінісі.

Қондырғы 8-суретте көрсетілген. Лазер (1) дифракциялық торды (2) жарықтандырады. Торды лазерлік сәулемен жарықтандырғанда торда пайда болатын дақ жарықтандырылған «нәрсе» ролін атқарады. «Нәрседен» таралатын сәулелерді линза немесе линзалар жүйесі (3) экранға (4) дақ-кескін түрінде түсіреді. Қондырғы элементтерінің барлығы оптикалық орындыққа (5) орналастырылады.

Тор және линзалар оптикалық орындықтағы стерженьге орын ауыстыратындай етіп қондырылады. Экран арнайы рейтерде бекітілген. Оптикалық орындықтағы элементтердің күйін метрлік шкаламен (өлшеуіш лента) өлшеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет