Жаратылыстану және математика



бет6/61
Дата10.06.2017
өлшемі6,82 Mb.
#19032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

Дәрістің мазмұны:


  1. Фундаментальды әсерлесулер. Ядроның құрылысы, сипаттамалары.

  2. Радиактивтілік ыдырау заңы. Ығысу ережелері.

  3. Массалық сан. Байланыс энергиясы.

Әдебиет: (8) §VI.2 .1 550 бет


(9) §15.1, 15.2 283-293 бет

(3) §ІІІ. 6 290-294бет



СОБӨЖ мазмұны: №2 бақылау жұмысы

Әдебиет: (8) §212 338 бет



СӨЖ мазмұны:

Атом ядросы. Радиактивтілік бойынша есептер шығару


Кредиттік сағат саны 3 (зертханалық сабақ №14)

Тақырып: Жасалған жұмыстар бойынша есеп.

Жұмысты орындау және нәтижелерін есептеу.



СОБӨЖ мазмұны

Жасалған жұмыстар бойынша есеп



СӨЖ мазмұны:

Зертханалық жұмыс бойынша есеп дайындау


Апта 15

Кредиттік сағат саны 1 (дәріс№ 29)

Тақырып: Ядролық реакциялар.

Дәрістің мазмұны:


1. Ядролық реакциялар және түрлері.

2. Ядроның бөліну реакциясы.

3. Тізбекті ядролық реакциялар.

СОБӨЖ мазмұны: 2 микроэкзамен (рубеждік бақылау)

СӨЖ мазмұны:

Ядролық реакциялар бойынша есептер шығару


Кредиттік сағат саны 2 (дәріс№ 30)

Тақырып: Элементар бөлшектер физикасы.

Дәрістің мазмұны:


  1. Космостық сәулелер.

  2. Элементар бөлшектер классификациясы.

Әдебиет: (8) §269-275 322-325 бет


СОБӨЖ мазмұны:

Жеке тапсырмаларды қабылдау

Рейтингтік қосымша тапсыруларды қабылдау.

СӨЖ мазмұны:

Элементар бөлшектер физикасы бойынша есептер шығару


Кредиттік сағат саны 3 (зертханалық сабақ №15)

Тақырып: Жасалған жұмыстар бойынша есеп

Жұмысты орындау және нәтижелерін есептеу.



СОБӨЖ мазмұны:

Барлық зертханалық жұмыстар бойынша есеп.



СӨЖ мазмұны:

Зертханалық жұмыс бойынша есеп дайындау



1.5. Әдебиеттер тізімі

Оқу әдебиеттері:

Курс бойынша негізгі әдебиетер тізімі:

  1. Қойшыбаев Н. Шарықбаев А.О. “Физика. Механика, молекулалық физика және жылу. ”І том, А. 2001

  2. Архангельский М.М. “Курс физики. Механика”.М, “Просвещение”,1980.

  3. Қойшыбаев Н. Шарықбаев А.О. “Физика. Электродинамика, оптика, атом және атом ядросы” ІІ том, А. 2001

  4. Абдуллаев. “Жалпы физика курсы” А.

  5. Арызханов.Б. “Физика” А. “Мектеп”, 1988

  6. Рымкевич. А.П. “Физика есептерінің жинағы.” А. “Рауан”, 1992

  7. Галякевич. Б.К, Болсун А.И. “Физика в экзаменационных задачах”

  8. Трофимова Т.И. Курс физики М. Высшая школа 1990

Қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. Яворский Б. Детлаф А. “Физика” М. “Дрофа”, 2003.

  2. Ситников. В.И. “Краткий курс физики” М. “Флинта”, “Наука”. 1999

11. Савельев И.В. “Курс общей физики” М. І,ІІ том

12. Иродов И.Е. “Основные законы механики” М., Наука, 1978.

13.Александров Н.В.,Яшкин А.Я. “Курс общей физики. Механика”М., 1978.

14.Сивухин Д.В. “Общий курс физики.” М., Просвещение, 1979.

15.Зигман Г.А. “Курс общей физики” т.1. М., Высшая школа, 1969.

16.Цедрик М.С. сб. задач по общей физике М., Просвещение, 1978.

17.Волькенштейн В.С. сб. задач по общей физике М., Просвещение, 1974.

3. Физика пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыстың түрлері

Орындалу ұзақтығы

Тексеру формасы

Тапсыру мерзімі

Балдар

максимум

айыппұл

1

2

3

4

5

6

1

№1 Жеке тапсырма «Механика және молекулалық физика» бөлімі бойынша есептер шығару

1 апта

Жазбаша есеп

6-апта

100%

-1

Уақытылы тапсырмағаны үшін



2

№2 Жеке тапсырма «Электр және магнетизм» тақырыптары бойынша есептер шығару

1 апта

Жазбаша есеп

15 апта

100%

-1

Уақытылы тапсырмағаны үшін



3

1. Айналмалы қозғалыстың сипаттамалары.

2. Инерциалды емес санақ жүйесі. Кариолис күші тақырыптары бойынша жазбаша жұмыс




50 минут

ауызша және жазбаша жауап

1 апта

100%

-0,5

уақытылы тапсырмағаны үшін



4

«Қатты дене деформациясы» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс

50 минут

ауызша және жазбаша жауап

2 апта

100%

-0,5

уақытылы тапсырмағаны үшін



5

1.Сұйық қабаттарының арасындағы ішкі үйкеліс. Стокс формуласы.

2. Механикалық толқындар. Доплер құбылысы. тақырыптары бойынша жазбаша жұмыс




50 минут

ауызша және жазбаша жауап

3 апта

100%

-0,5

уақытылы тапсырмағаны үшін



6

Карно циклі Газдардағы тасымалдау құбылыстары тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс


50 минут

ауызша және жазбаша жауап

4 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

7

1. Фаза. І және ІІ текті фазалық ауысулар.

2. Булану, қайнау құбылыстары.

3. Кристалдар және оның түрлері. Сублимация және кристалдану.

4. Аморфты денелер.

5. Қатты денелердің сызықтық ұлғаюы.

тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.



50 минут

ауызша және жазбаша жауап

5 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

8

«Вакумдегі кейбір электростатикалық өрістерді есептеу үшін қолдану» тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.


50 минут

ауызша және жазбаша жауап

6 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

9

Кирхгоф ережелері тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.

50 минут

ауызша және жазбаша жауап

8 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

10

Заттардың магниттік қасиеттері. Холл эффектісі. тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.



50 минут

ауызша және жазбаша жауап

9 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

11

1.Жарық дисперсиясы.

2.Жарықтың жұтылуы мен шашырауы.

тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.



50 минут

ауызша және жазбаша жауап

10 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

12

“Комптон эффектісі” тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.



50 минут

ауызша және жазбаша жауап

12 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

13

1. Спектр және олардың түрлері.

2. Франк және Герц тәжірибелері.

тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс.


50 минут

ауызша және жазбаша жауап

13 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

14

    1. Жартылай өткізгішті диодтар.

2.Транзисторлар тақырыптары бойынша жазбаша жұмыс.


50 минут

ауызша және жазбаша жауап

14 апта

100%

-0,5 уақытылы тапсырмағаны үшін

15

Механика және молекулалық физика, термодинамика бөлімдерібойынша №1 колоквиум

50 минут

жазбаша жауап

7 апта

100%

-1 уақытылы тапсырмағаны үшін

16

Электр, оптика және атом, атом ядросы бөлімдері бойынша №2 колоквиум

50 минут

жазбаша жауап

14 апта

100%

-1 уақытылы тапсырмағаны үшін

17

Берілген тақырып бойынша реферат дайындап, қорғау

50 минут

ауызша және жазбаша жауап

5,15 апта

100%

-1 уақытылы тапсырмағаны үшін


4. Физика пәнінің оқу-әдістемелік қамтылу картасы.

Физика кафедрасы Тьютор Джумашева А.А.

Пән –физика. Кредит саны – 3



Әдебиет атауы







Барлығы










Кітапха

нада


кафедрада

Студент

тердің қамтылу пайызы



Элек

тронды түрі



1

Александров Н.В., Яшкин А.Я. “Курс общей физики. Механика”

10

жоқ

100%

жоқ

2

Архангельский М.М. “Курс физики”

5

жоқ

100%

жоқ

3

Ақылбеков Ә. “Физика”

20

жоқ

100%

жоқ

4

Абдуллаев Ж. “Жалпы физика курсы”

20

жоқ

100%

жоқ

5

Арызханов Б.С. “Физика курсы”

15

жоқ

100%

жоқ




Савельев И.В.

“Жалпы физика курсы”



45

жоқ

100%

жоқ




Фриш С.Э.,

Тиморева А.В. “Жалпы физика курсы” І том



11

жоқ

100%

жоқ




Волкенштейн В.С. “Сборник задач по общему курсу физики”

30

жоқ

100%

жоқ




Цедрик М.С. “Сборник задач по общему курсу физики”

97

жоқ

100%

жоқ




Иванов Б.Н.

“Законы физики”



5

жоқ

100%

жоқ




Трофимова Т.И.

“Курс физики”



15

жоқ

100%

жоқ




Яворский Б.М.,

Детлаф А.А., “Справочник по физике”



20

жоқ

100%

жоқ




Рымкевич А.П. Фізика есептерінің жинағы

20

жоқ

100%

жоқ

5. Дәрістің мазмұны

Дәріс №1

Тақырыбы: Материялық нүктенің кинематикасы

Мақсаты: Механикалық қозғалысты сипаттау, түрлері мен теңдеулерін қарастыру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Кеңістік пен уақыт қасиеттері туралы Материялық нүкте туралы түсінік. Санақ жүйесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. Ұзындық пен уақыттың эталоны. Халықаралық санақ жүйесі(СИ).Қозғалыс заңдылығы,траектория, жол, орын ауыстыру. Жылдамдық пен үдеу векторлары. Қозғалыстың тәуелсіздік принципі. Тангенциал және нормал үдеу. Бір қалыпты және бірқалыпты айнымалы түзу сызықты қозғалыстар

Дәріс №2

Тақырыбы: Материялық нүктенің динамикасы.

Мақсаты: Механикалық қозғалыстың болу себептерін қарастыру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Ньютонның бірінші заңы. Күш. Әсер етуші күштердің тәуелсіздік принципі. Фундаментальдық өзара әсерлесулер. Масса. Ньютонның екінші заңы. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Ньютонның үшінші заңы. Күштер табиғаты.

Дәріс №3

Тақырыбы: Энергияның және импульстың сақталу заңдары.

Мақсаты: Энергияның және импульстың сақталу заңдарын қорытып шығару.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Күш жұмысы және қуат. Кинетикалық энергия.Консервативтік және консервативтік емес күштер. Потенциялдық энергия. Потенциялдық нергия мен күш арасындағы байланыс. Потенциялды күш өрісіндегі материялық нүктенің толық энергиясының сақталуы. Материялық нуктелер жүйесі. Сыртқы және ішкі күштер. Тұйық жүйе. Жүйенің қозғалысы. Массалар центрі. Массалар центрінің қозғалысы. Импульстің сақталу заңы,оның салдары.Реактивтік қозғалыс, Мещерский және Циолковский теңдеулері. Материялық нүктелер жүйесінің энергиясы

Дәріс №4

Тақырыбы: Қатты дене динамикасы.

Мақсаты: Импульс моментінің сақталу заңын, Штейнер теоремасын қорытып шығару.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Қатты денені материялық нүктелер жүйесі ретінде қарастыру. Абсолют қатты дене. Қатты дененің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы. Материялық нүктенің импульс моменті,күш моменті, инерция момнеті. Центрлік күш әсер еткндегі материялық нүктенің импульс моментінің сақталуы.Лездік айналу осьтері. Еркіндік дәрежелері туралы түсінік. Бекітілген ості айналу,айналу осіне қатысты күш моменті.Қос күш, қос күштің моменті. Қатты дененің инерция моменті мен импульс моменті. Қатты дене үшін Ньютонның екінші заңы (моменттер теңдеуі). Штейнер теоремасы. Айналыстағы қатты дененің кинетикалық энергиясы. Қатты дененің импульс моментінің сақталу заңы және одан шығатын салдарлар.
Дәріс №5

Тақырыбы: Гидродинамика.

Мақсаты: Сұйықтардың қозғалысын, динамикасын қарастыру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны.

Сұйықтар мен газдар механикасы. Сұйық пен гваздағы қысым. Қысымды өлшну. Тыныштық күйдегі сұйықтар мен газдардағы қысымның үлесуі. Паскаль заңы. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары.

Идеал сұйық. Сорғы ағысының үздіксіздік теңдеуі. Идеал сұйық үшін Бернулли теңдеуі және оның салдарлары. Торричелли формуласы. Шаптырманың (струя) реакциясы.

Тұтқыр сұйықтың қозғалысы.Ішкі (тұтқыр)үйкеліс.Ламинарлық және турбулент- тік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықтар мен газдардағы денелердің қозғалысы. Стокс формуласы. Маңдайлық кедергі күші, ұшақ қанатының көтергіш күші. Магнус эффектісі.



Дәріс №6

Тақырыбы: Механикалық тербелістер.

Мақсаты: Механикалық тербелістің түрлерімен және теңдеулерімен таныстыру..

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Тербелмелі қозғалыс. Гармониялық тербелістер.Тербелістің амплитудасы,жиілігі және фазасы.Гармониялық тербелмелі қозғалыстағы ығысу, жылдамдық және үдеу. Сызықтық және бұрыштық кинематикалар арасындағы байланыс, векторлық диаграммалар. Бірдей және әр түрлі жиілігі бар бір бағыттағы гармониялық тербелістерді қосу. Лиссажу фигуралары.

Дәріс №7

Тақырыбы: Молекула – кинетикалық теория. Газ заңдары.

Мақсаты: МКТ – ның негізгі теңдеуін қорыту және газ заңдарын, изопроцестерді меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі қағидалары. Идеал газ. Қысым. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуін қорытып шығару. .Молярлық және меншікті шамалар. Термометрлік дене және термометрлік шама. Температура. Температураның тәжірибелік және абсолюттік шкалалары.Термометрлер. Температураның Кельвин шкаласы. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Идеал газдың ішкі энергиясы. Энергияның еркіндік дәрежелеріне байланысты үлесу заңы. Изопроцестер. Газ молекулаларының жылдамдықтары, газ молекулаларының жылдамдықтарына байланысты таралуы. Максвелдік таралуды қорытып шығару.

Дәріс №8

Тақырыбы: Термодинамика заңдары

Мақсаты: Термодинамиканың негізгі бастамаларымен таныстыру, адиаббаттық және политроптық процестерді меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Термодинамиканың міндеттері. Жұмыс пен жылуды денелер арасындағы энергия алмасу ретінде қарастыру. Термодинамикалық тепе-теңдік және термодинамиканың бірінші бастамасы. Күй функциялары. Процесс функциялары. Газдардың жылу сыйымдылығы. Классикалық теорияның тәжірибеден ауытқуы. Жылу сыйымдылығының кванттық теориясы жөніндегі түсініктер. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцес- терге қолдану. Политропты процесс.

Термодинамиканың екінші бастамасы. Қайтымды және қайтымсыз процестер. Циклді процестер. Цикл кезіндегі жұмыс. Пайдалы әсер коэффиценті. Жылулық және суытқыш машиналар. Карно циклі. Карно теоремесы. Термодинамиканың екінші бастамасы. Келтірілген жылу мөлшері. Энтропия туралы түсінік. Идеал газ процестеріндегі өзгерістерін есептеу. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық мағынасы. Әлемдік дүниенің жылулық сөнуі. Нернст теоремасы. Абсолюттік нөл температураға жетудің мүмкін еместігі.


Дәріс №9

Тақырыбы: Нақты газдар.

Мақсаты: Нақты газдардың қасиеттерін, оларда өтетін процестерді молекулалық құрылымы тұрғысынан түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Нақты газдар. Газдар қасиеттерінің идеал газ моделінен ауытқуы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі және оны талдау. Ван-дер-Ваальс изотермаларын талқылау. Тәжірибелік изотермалар. Газ күйінен сұйыққа өту. Кризистік күй. Қос фазалық күй аймағы. Қаныққан бу. Ылғалдылық.

Дәріс №10

Тақырыбы: Сұйықтар және олардың қасиеттері.

Мақсаты: Сұйықтар қасиеттерін, оларда өтетін процестерді молекулалық құрылымы тұрғысынан түсіндіру.

Сұйықтар. Сұйық күйдің ерекшеліктері. Сұйықтардың құрылымы және олардың қасиеттері. Беттік керілу. Қос сұйықтың және сұйық пен қатты дене шекараларындағы тепе-теңдік шарттары. Ла-Плас формуласы. Капилярлық құбылыстар. Сұйықтың булануы және қайнауы. Бу-сұйық жүйесінің қасиеттері. Асыра қыздырылған сұйық. Сұйық ерітінділер. Ерігіштік. Еру жылуы. Идеал ерітінділер. Осмоттық қысым. Раул заңы. Генри заңы. Сұйықтардағы тасымалдау құбылыстарының

ерекшеліктері.

Дәріс №11

Тақырыбы: Электростатика.

Мақсаты: Зарядталған денелердің әсерлесуін өріс теориясы тұрғысынан түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Электрдің атомистік тұрғыдағы табиғаты. Заряд. Зарядтың сақталу заңы. Зарядтардың өзара әсерлесуі. Кулон заңы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі. Электр өрісі. Өріс кернеулігі. Кернеулік векторы сызықтарының ағыны. Суперпозиция принципі. Диполь өрісі. Остроградский-Гаусс теоремасы және оны симметриялы денелердің өрісін есептеуге қолдану.Өріс күшінің тасымалдау барысында атқаратын жұмысы. Кернеулік векторының циркуляциясы. Потенциал. Нүктелік заряд пен зарядтар жүйесінің өріс потенциялы.кейбір электр статикалық өрістердің потенциалы. Эквипотенциалдық беттер. Потенциал градиенті және оның өріс кернеулігімен байланысы. Электрон зарядын тәжірибе жүзінде анықтау.



Дәріс №12

Тақырыбы: Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер.

Мақсаты: Зарядталған денелердің әсерлесуін өріс теориясы тұрғысынан түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Электр өрісіндегі өткізгіштер. Зарядтардың өткізгіште орналасуы. Өткізгіштің бетіндегі электр өрісі және оның зарядтардың беттік тығыздығымен байланысы. Әсерлесу арқылы электрлену. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Полярлы және полярсыз диэлектриктер. Диэлектриктер поляризациясы.



Дәріс №13

Тақырыбы: Электр сиымдылық. Электр өріс энергиясы.

Мақсаты: Зарядталған денелердің әсерлесуін өріс теориясы тұрғысынан түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Өткізгіштердің электр сыйымдылығы. Жазық, сфералық жжәне цилиндр тәріздес конденсаторлар. Конденсаторлардың өзара байланысуы.

Электростатикалық өрістің энергиясы. Жылжымайтын нүктелік зарятар жүйесінің энегиясы. Заряталған өткізгіштің және зарядталған конденсатордың энергиясы.

Дәріс №14

Тақырыбы: Тұрақты ток.

Мақсаты: Тұрақты токтың болу шарттарын, негізгі сипаттамаларын, Ом заңын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Зарядтардың электр өрісіндегі қозғалысы. Электр тогы. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Сыртқы күштер. Электр қозғаушы күш.Электр қозғаушы күші бар және тұйық тізбек үшін Ом заңы. Тармақталған тізбектер. Кирхгов ережелері. Тұрақты ток тізбегінің жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы және оның дифференциалдық үлгісі. Қатты денелердің электрлік қасиеттеріне байланысты классификациясы. Металдардағы токтың табиғаты. Кедергінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіш туралы түсінік. Классикалық теорияның қайшылықтары. Жартылай өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі. Қоспалы өткізгіштік. Вольта заңы. Термоэлектрлік құбылыстар. Жартылай өткізгіш диод және транзистор.

Электронның металдан шығу жұмысы, Термоэлектрондық эмиссия және оның іс жүзінде қолданылуы. Металл емес қатты денелердің электрондық, иондық және аралас өткізгіштігі.

Дәріс №16

Тақырыбы: Электролиттердегі және металдардағы электр тогы.

Мақсаты: Электролиттердегі электр тогының пайда болуын және электролиз заңдарын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Электролиттік диссоцияция. Эликтролиттер өткізгіштігі. Эликтролиттер үшін Ом заңы. Эликтролиз. Фарадей заңдары. Ион зарядын анықтау. Эликтролизді техникада қолдану. Гальваникалық элементтер. Аккумулятрлар. Металдар өткізгіштігінің классикалық теориясы. Асқын өткізгіштік туралы түсінік. Классикалық теорияның қиындықтары. Шала өткізгіштердің меншікті өткізгіштігі. Қоспалы өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар. Шала өткізгіштер өткізгіштігінің температураға тәуелділігі. Термоэлектрлік құбылыстар. Шала өткізгіш контактыларындағы құбылыстар. Шала өткізгішті диод пен транзистор. Электронның металдан шығу жұмысы. Термоэлектрондық эмиссия, оның іс жүзінде қолданылуы.

Дәріс №16

Тақырыбы: Тұрақты токтың магнит өрісі.

Мақсаты: Магнит өрісінің пайда болуын және әсер ету заңдарын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Магнит өрісі. Электр тогының магнит өрісі. Токтардың өзара әсерлесуі. Ампер заңы. Ортаның магниттік өтімділігі. Екі параллель токтардың өзара әсерлесуі. Индукция және магнит өрісінің кернеулігі. Магнит ағыны. Био – Савар – Лаплас заңы. Түзу токтың магнит өрісі. Шеңберлі токтың магнит өрісі. Толық ток заңы.

Магнит өрәсіндегі тогы бар өткізгіш орам. Орамның магниттік моменті. Магнит қрісіндегі электр тогына әсер етуші күш. Лоренц күші. Бөлшектің меншікті зарядын анықтау. Томсон тәжірибесі.



Дәріс №17

Тақырыбы: Электромагниттік индукция.

Мақсаты: ЭМИ заңын, өздік индукцияны қорытып түсіндіру

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: ЭМИ заңы, Фарадей тәжірибелері. Индукциялық ток. Индукциялық ЭҚК. Ленц ережесі. Индуктивтілік. Магнит индукциясының ағыны. Өздік индукция. Электромагниттік өріс. Құйынды электр өрісі.

Дәріс №18

Тақырыбы: Айнымалы ток

Мақсаты: Айнымалы ток сипаттайтын шамаларды енгізу және Ом заңы.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Айнымалы ток. Еріксіз электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Актив, индуктивтілік, сиымдылық кедергі. Томсон формуласы. Кернеудің, токкүшінің әсерлік мәні.

Электрлік тербелістер. Айнымалы электр қозғаушы күшін алу. ток тізбегінлегі кедергі, индуктивтік және сиымдылық. Айнымалы тоқ тізбегіне арналған Ом заңы.



Дәріс №19

Тақырыбы: Геометриялық оптика заңдары.

Мақсаты: Жарықтың таралу, шағылу және сыну, толық шағылу заңдарын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Фотометрия. Фотометрияның негізгі ұғымдары. Жарық шамаларының бірліктері. Көріну функциясы. Жарықтың техникалық және энергетикалық шамаларының арасындағы байланыс. Жарық шамаларын өлшеу әдістері. Геометриялық оптиканың негізгі қағидалары мен заңдары. Негізгі анықтамалар. Ферма принципі. Жарықтың сфералық бетте сынуы. Үлкейту. Центрленген оптикалық жүйелер. Жарықтың линзада сынуы. Жұқа линзаның фокус аралығы. Жұқа линзадағы кескін. Электромагниттік толқындардың заттармен әсерлесуі. Ортаның электрлік және оптикалық қасиеттері. Электр диполінің жарық шығаруы. Екі диэлектрик ортаны бөлуші электромагниттік толқынның шағылуы мен сынуы. Френель формуласының салдары.

Дәріс №20

Тақырыбы: Жарық интерференциясы.

Мақсаты: Жарық толқындарының қосылуын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Жарық интерференциясы. Тербелістер мен толқындардың когеренттілігі.Жарық интеференциясын бақылау әдістері. Монохроматты емес жарықтың интерференциясы.Оптикалық жарық жолы. Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы. Интерференциялдық құралдар. Интерфереция әдісімен геометриялық өлшеулер жүргізу.



Дәріс №21

Тақырыбы: Жарық дифракциясы.

Мақсаты: Жарық дифракциясын, дисперциясын, жұтылуы және шашырауын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Фредельдің зоналар әдісі. Зоналық пластинка. Френель әдісін қарапайым дифракциялық құбылысқа пайдалану. Бір саңылаудағы дифракция. Екі саңылаудағы дифракция. Дифракциялық торлар. Фазалық торлар. Рентген сәулелерінің дифракциясы. Рентген сәулелерінің толқын ұзындығын анықтау.

Жарық дисперциясы, жұтылуы және шашырауы. Жарық дисперциясы. Жарық дисперциясын бақылау әдістері. Жарықтың фазалық және топтық жылдамдықтары. Дисперция теңдеуі. Қалыпты дисперция. Аномальды дисперция. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың шашырауы. Жарықтың біртекті емес ортадан өтуі. Жарықтың молекулалық шашырауы. Жарықтың молекулалық шашырау спетрлері.
Дәріс №22

Тақырыбы: Жарық поляризациясы.

Мақсаты: Жарық поляризациясын, Малюс заңын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Жасанды және поляризацияланған жарық. Поляпизаторлар. Анализаторлар. Малюс заңын. Сәуленің екі ретті сынуы.
Дәріс №23

Тақырыбы: Арнаулы салыстырмалық теориясы.

Мақсаты: АСТ постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Эйнштейн постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Масса мен энергия арасындағы байланыс. Салыстырмалық теориясының постулаттары. Лоренц түрлендірулерінің салдарлары. Релятивтік құбылыстар. Релятивтік механикадағы жылдамдықтарды қосылу ережесі. Релятивтік динамиканың негізгі заңы. Масса мен энергиялық өзара байланысы.
Дәріс №24

Тақырыбы: Кванттық оптика.

Мақсаты: Жарықтың әсерін, фотоэффект құбылысын түсіндіру.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Жарықтың әсері. Фотоэлектрлік эффект. Сыртқы фотоэффект. Эйнштейн формуласы. Жарықтың кванттық қасиеттері. Ішкі фотоэффект және фотогальваникалық эффект. Фотоэффект құбылысын пайдалану. Комптон заңы. Комптон құбылысының теориясы. Жарық қысымын тәжірибе жүзінде бақылау. Негізгі фотохимиялық заңдар. Фотографияның негіздері.
Дәріс №25

Тақырыбы: Атом. Бор постулаттары.

Мақсаты: Атом құрылысын Бордың постулаттары негізінде меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Атом туралы кванттық түсініктер. Атом және молекулалар. Атомның периодтық қасиеттері. α-бөлшектердің шашырауы туралы Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық – ядролық моделі. Резерфорд өрнегі.

Энергия деңгейлері және оларды қоздыру әдістері. Шағылысу және жұтылу спектрлерінің жалпы сипаттамасы. Спектрлердің түрлері. Бор постулаттары. Атомның энергетикалық деңгейлері.

Дәріс №26

Тақырыбы: Сутегі атомының Бор теориясы.

Мақсаты: Сутегі атом құрылысын Бордың теориясы негізінде меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Сутегі атомы туралы Бор теориясы. Сутегі тәріздес атомдардың спектрлік сериясы. Франк – Герц тәжірибесі. Бор теориясының қайшылықтары.

Курпускулалық – толқындық дуализм. Жарық пен бөлшектердің корпускулалық – толқындық табиғаты. Луи де Броиль болжамы..

Дәріс №27

Тақырыбы: Қатты дене физикасы

Мақсаты: Металдардағы және жартылай өткізгіштердегі электр тогын зоналық теориясы негізінде меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Зоналық теория. Жартылай өткізгіштер.

Екі металл контактісі. Шала өткізгіштер өткізгіштігінің температураға тәуелділігі. Термоэлектрлік құбылыстар. Шала өткізгіш контактыларындағы құбылыстар. Шала өткізгішті диод пен транзистор. Электронның металдан шығу жұмысы. Термоэлектрондық эмиссия, оның іс жүзінде қолданылуы.



Дәріс №28

Тақырыбы: Атом ядросы. Радиоактивтілік.

Мақсаты: Атом ядросының құрылысын, радиактивтілікті меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны: Атом ядросының физикасы. Ядро-өзара әсерлесуші протон-нейтрон бөлшектерінің жүйесі. Ядроның электр заряды. Массалық сан. Изотоптпр мен изобаралар. Ядроның құрылуы. Массаның ақауы. Ядроның байланыс энегиясы. Ядролық күштер. Ядроның орнықтылығы. Атом ядросының моделдері. Табиғи және жасанды радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің ыдырау заңы. Жартылай ыдырау периоды. Радиоактивтілік қатары. Ығысу ережесі.Радиоактивті изотоптардың қолданылуы. Элементар бөлшектер физикасы. Қарапайым бөлшектер туралы негізгі мағлұматтар. Электрондық, күшті және әлсіз әсерлесулер.

Дәріс №29

Тақырыбы: Ядролық реакциялар.

Мақсаты: ядролық реакциялардың теориясын меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Ядролық реакция түрлері. Дейтрондар қатысқан реакция. Нейтрон қатысқан реакция. Ауыр ядролардың бөліну реакциясы. Нейтрондардың көбею коэффициенті. Бөліну тізбекті реакциясы. Атом ядросының синтезделу реакциясы. Синтездік басқарылу проблемалары. Элементар бөлшектер.


Дәріс №30

Тақырыбы: Элементар бөлшектер физикасы.

Мақсаты: Элементар бөлшектер физикасын меңгерту.

Негізгі сұрақтар мен мазмұны:

Элементар бөлшектер физикасы. Космостық сәулелер.Элементар бөлшектер классификациясы. Лептондар. Мезондар. Кварктар. Фермиондар мен базондар. Фатондар. Бариондар. Элементар бөлшектер үшін сақталу заңдары.




6. Практикалық сабақтар жоспары- қарастырылмаған

7. Осы пән оқыту әдістемесі бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар: ПОӘК-нің тарауларды мұқият талқылау, пәннің ерекшеліктері бойынша, қолданатын оқу әдістері, әдебиет және интернетпен жұмыс жасау бойынша әдістемелік ұсыныстар, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, зертханалық сабақтарының нұқауларының қажеттілігі бойынша тапсырмаларды міндетті түрде орындау бойынша нұсқаулар, білімді бағалау жөніндегі мәліметтер, бағалау критериялары, сонымен қатар негізгі бақылау түрлері және дайындау материялдары бойынша нұсқаулар.

СОӨЖ сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

Апта 1

СОБӨЖ мазмұны:

  1. Бірқалыпты, бірқалыпсыз және айнымалы қозғалысқа есептер шығару.

  2. Шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару.

Тексеру сұрақтары:

1) Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы.

2) Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс. Оны сипаттайтын кинематикалық шамалар.

3) Түзу сызықты бірқалыпты айнымалы қозғалыс. Оны сипаттайтын кинематикалық шамалар.

4) Түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпты айнымалы қозғалыстардың жылдамдықтарының, жүрген жолдарының, үдеулерінің уақытқа тәуелділектерінің графиктері.

5) Материалдық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Бұрыштық жылдамдық. Бұрыштық үдеу. Нормаль және тангенциаль үдеулер.

Әдебиет: (1) §І.2,3,4 17-27 бет

(2) §IV.1,3,4,5 67,78-82бет, §VII. 5 128 бет

Волькенштейн В.С. сб. задач по общей физике М., Просвещение, 1974.


  1. №1.4, 1.9, 1.16, 1.18, 1.22

  2. №1.45, 1.47, 1,48, 1.56, 1.57

СӨЖ мазмұны:

Материалдық нүкте кинематикасы бойынша есептер шығару

Рымкевич. А.П. “Физика есептерінің жинағы.” А. “Рауан”, 1992

1)№ 23,24,85,86,90,95,100


СОБӨЖ мазмұны:

1. Айналмалы және ілгерілмелі қозғалыстың сипаттамалары.

2. Инерциалды емес санақ жүйесі. Кариолис күші.

Тексеру сұрақтары:


  1. Абсолют қатты дене. Оның ілгерілмелі және айналмалы қозғалыстарының ерекшеліктері.

  2. Инерциалдық емес санақ жүйесі. Корриолис күші.

Әдебиет: (1) §І.2,3,4 17-27 бет

(2) §IV.1,3,4,5 67,78-82бет, §VII. 5 128 бет

(8)§27. 1,2,5. 46 -50бет, §І 6-11. 30-43 бет.


  1. §ІІ 1-8. 18-44 бет, §ІІІ 1-9. 48-65 бет.

(5) §1,2 6-8 бет

СӨЖ мазмұны:

Материалдық нүкте динамикасы бойынша есептер шығару



Тексеру сұрақтары:

  1. Инерциалдық санақ жүйесі.

  2. Ауырлық күші. Салмақ. Үйкеліс күші. Серпімділік күші.

  3. Денеге бір уақытта бірнеше күштер әсер еткенде үдеу беретін күшті қалай табады?

Волькенштейн В.С. сб. задач по общей физике М., Просвещение, 1974.

№2.3, 2.4, 2.15, 2.19, 2.20, 2.26, 2.31, 2.33



СОБӨЖ мазмұны:

  1. Ньютон заңдарына есептер шығару.

  2. Күштерді проекциялауға есептер шығару.

Тексеру сұрақтары:

    1. Ньютонның заңдары.

    2. Тең әсерлі күшті анықтау ережелері.

    3. Күштердің координата осьтеріндегі проекциялары қалай табылады?

Волькенштейн В.С. сб. задач по общей физике М., Просвещение, 1974.

№ 2.1, 2.5, 2.13, 2.14, 2.18, 2.24, 2.25, 2.34, 2.35



СӨЖ мазмұны:

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге дайындалу



Апта 2

СОБӨЖ мазмұны:

1.. Механикалық энергияның сақталу заңына есептер шығару.

2. Соққы. Импульстың сақталу заңына есептер шығару.

Тексеру сұрақтары:


  1. Кинетикалық энергия дегеніміз не?

  2. Потенциалдық энергия дегеніміз не?

  3. Тұйықталған жүйенің механикалық энергиясының сақталу заңы.

  4. Импульс. Импульстің сақталу заңы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет