Жаратылыстану-математика факультеті Химия және география кафедрасы



бет1/3
Дата11.02.2018
өлшемі0,69 Mb.
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

№1 басылым 25.02.2015 ж.



Ф Р 042-1.02-2015-01

Зертханалық сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар








Жаратылыстану-математика факультеті

Химия және география кафедрасы



«ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ХИМИЯСЫ»

пәні бойынша зертханалық сабақтарға

әдістемелік нұсқаулар

5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге

Семей

2016
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Сапакова А.К., б.ғ.к., доцент м.а. _____________« 01 » 09 2016 ж.
5В011200 – «Химия» мамандығы бойынша оқитын студенттерге «Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәні бойынша зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

2 КЕЛІСІЛДІ

Әдістемелік нұсқаулар «Химия және география» кафедрасының отырысында қарастырылды

Хаттама «_01__» ____09____ 2016__ жыл, № 1


Кафедра меңгерушісі ______________Ибраева Л.С.
Әдістемелік нұсқаулар жаратылыстану-математика факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында оқу процесіне қолдануға ұсынылған

Хаттама «__07__» ___09_______ 2016___ жыл, № 1


Төраға __________________________Ерменова Б.О.

Мазмұны

1. Кіріспе

2. Зертханалық сабақтардың мазмұны

3. Әдебиет және интернет-ресурстар



Кіріспе
«Периодтық жүйе элементтерінің химиясы» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін базалық пәндер блогының таңдаулы компоненті болып табылады (БП-ТК).

Зертханалық сабақтарды орындау мақсаты

Элементтердің жіктелуін және олардың қосылыстарының алынуы мен қасиеттерән оқып білу.


Зертханалық сабақтарды орындау нәтижесінде студенттер білу керек:

білу:

  • периодтық заңды қолдану арқылы периодтық жүйенің құрылымы мен атом ішіндегі электрондар таруының арасындағы байланыстың себебін, Паули принципін және Хунд пен Клечковский ережелерімен қолданып, периодтық жүйеде орналасуын қарастырып әртүрлі элементтің электрондық конфигурациясын жазу, элементтердің қасиеттерінің периодтар бойынша өзгеруін теориялық түсіндіруін және s, p, d, f – элементтердің (жалпы қасиеттері мен өзгешеліктерін) білу;

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы элементтерімен танысу;

  • негізгі топша элементтерінің жалпы сипаттамасын білу;

  • ауыспалы элементтердің химиясын білу;

орындай алу:

  • периодтық жүйенің негізгі және қосымша топшасындағы орналасқан элементтер қасиеттерінің периодты өзгеруіне, қосылыстарының қасиеттеріне, олардың қолдану саласына назар аудару және қорытынды жасау білу.

  • элементтердің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, алу жолдарының жалпы принциптерін, өндіріспен байланысын;

  • тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруінің;

дағдысының болуы:

  • элементтер химиясының негізгі тараулары бойынша берілген типтік есептердің шығару әдістемесінің жалпы әдістемелік нұсқауларын;

  • есеп нәтижелерін іс жүзінде алынған эксперименталды мәліметтермен салыстыруды түсіну тиіс



2. Зертханалық сабақтардың мазмұны
Зертханалық сабақ № 1
Тақырыбы: Сутегі. Сутегінің асқын тотығы.

Жұмыстың мақсаты: Сутегі және сутегінің асқын тотығының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.

Құралдар мен химиялық ыдыстар. 1) Оттегімен толтырылған газометр. 2) Сутегі алу үшін жиналған Кипп аппараты. 3) Металдық штатив. 4) Тығыны бар сынауықтар. 5) Цилиндрлар. 6) Кристаллизатор. 8) Химиялық стакандар. 9) Шыны пластинкалар. 10) Сынауқтар.

Реактивтер. 1) Мырыш. 2) Алюминий. 3) Күкірт қышқылы H2SO4 (1:5). 4) 10% натрий гидроксиді NaOH. 5) Калий перманганаты KMnO4 (0,1 н.). 6) Мыс (ІІ) оксиді CuO.

Жұмыстың барысы:

Сутегімен жұмыс істеу ережесі

Құралдан бөлініп жатқан сутегінінің тазалығын анықтамай жағуға болмайды, себебі құрал жарылу мүмкін.


  1. ҚЫШҚЫЛДЫҢ МЕТАЛМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ НӘТИЖЕСІНДЕ СУТЕГІН АЛУ

Шыны түтігі бар тығын мен сынауқтан тұратын құралды жинау. Сынауққа бірнеше мырыш түйіршіктерін салу керек, оның үстінен сынауқтың 1/3 бөлігіне сұйытылған күкірт қышқылын құйу. Сынауқты тығыз тығынмен жабу және сынауқты штативта тік бекіту керек. Газдың бөлінгенің байқау. Түтіктен бөлініп жатқан сутегі құрамында ауа қоспасы жоқ екеніне қөз жеткізу. Ол үшін газөткізгіш түтікке түбі жоғарыға қаратылған сынауқты төнкеріп орналастыру, жарты минут өткен соң сынауқты алып горелканың жалынына әкелу керек. Егер сынауқта таза сутегі болса, онда ол тыныш жанады (жану кезінде әлсіз дыбыс естіледі). Егер сутегі бар сынауқта ауа қоспасы болса, онда аздаған жарылыс болады. Мұндай жағдайда сутегі тазалығын анықтауды қайталау керек. Құралдан таза сутегі бөлініп жатқанына көз жеткізген соң, оны жағуға болады.

Сутегі жалынында құрғак сынауқты орналастыру керек. Сутегі жану нәтижесінде қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуін жаз.




  1. МЕТАЛДЫ СІЛТІМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІРУ НӘТИЖЕСІНДЕ СУТЕГІН АЛУ.

Бірінші тәжірибеде қолданған құралдың сынауғына алюминий үнтағын салып, оның үстіне 2-3 мл натрий гидроксиді ертіндісін құйу. Газдың білінгенің бақылау. Егер реакция баяу жүрсе, онда сынауқты қыздыру керек. Сынауқты түтігі бар тығынмен жауып, бөлініп жатқан газдың тазалығын анытаған соң жағу керек. Реакция теңдеуін жаз.



  1. МЫС (ІІ) ОКСИДІН СУТЕГІМЕН ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ.

Кипп аппарытынан, штативта орнатылған құрғақ сынауқтан тұратын құралды жинау. Сынауққа аз мөлшерде мыс (ІІ) оксидін салып қөлденең штативта бекіту керек. Кипп аппаратынан бөлініп жатқан сутегінің тазалығын тексерген соң, газөткізгіш түтікті сынауққа орнатып мыс оксидінен сутегін жіберу керек (алдында бөлме температурасында, сосын қыздыру барысында). Өзгерістерді байқап, түсініктеме беру қажет. Реакция теңдеулерін жаз.


  1. АТОМАРЛЫ СУТЕГІМЕН (БӨЛІНУ КЕЗІНДЕ) КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫН ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРУ.

Сұйытылған күкірт қышқылының ерітіндісіне бірнеше тамшы калий перманганатының ерітіндісін қос және қоспаны екі сынауққа құйып ал. Біреуіне мырыш түйіршігін сал, ал басқасына Кипп аппаратынан сутегін жібер. Сынауқтағы ерітінді түсінің өзгеруіне назар аударып, түсініктеме бер.

Атомарлы сутегімен калий перманганатының тотықсыздандыру реакциясының теңдеуі:

2KMnO4+10H+3H2SO4→2MnSO4+K2SO4+8H2O
Тақырыпты бекіту:


  1. Сутектің периодтық жүйеде бірінші және жетінші негізгі топшаларда орналасуы неліктен?

  2. Сутек табиғатта қандай қосылыстар түрінде таралған, оның физикалық қасиеттері қандай?

  3. Сутектің химиялық қасиеттері қандай?

  4. Сутекті зертханада және өнеркәсіпте алу реакцияларының теңдеулерін жазыңыз?

  5. Су табиғатта қайда кездеседі және оның қандай маңызы бар?

  6. Судың молекуласының пішіні және физикалық қасиеттері қандай?

  7. Судың химиялық қасиеттері қандай?



Зертханалық сабақ № 2
Тақырыбы: Хлор және хлорсутегі. Хлодың оттекті қосылыстары.

Жұмыстың мақсаты: Хлор және хлорсутегі, хлодың оттекті қосылыстарының алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.

Құралдар мен химиялық ыдыстар. 1)Хлорды алу үшін арналған құрал (Вюрц колбасы, тамшылатқыш сүзгі, екі жүгіш склянкалар, стакан). 2) Сутегі алу үшін жиналған Кипп аппараты. 3) Металдық штатив. 4)Хлорды жинауға арналған крышкалары бар банкалар. 5) Цилиндрлар. 6) Кристаллизатор. 8) Химиялық стакандар. 9) Шыны пластинкалар. 10) Сынауқтар. 11) Заттарды жағуға арналған қасықтар

Реактивтер. 1) Марганец (IV) оксиді MnO2. 2) Калий дихроматы K2Cr2O7. 3) Калий перманганаты KMnO4. 4) Мыс. 5) Темір (ұнтақ). 6) Фосфор (қызыл). 7) Мырыш. 8) Индикаторлық қағаз. 9) Сүзгі қағазы. 10) Тұз қышқылы (коонцентрлі). 11) Күкірт қышқылы (2 н. және концентрлі). 12) Күміс нитраты AgNO3. 13) Индиго. 14) Күлгін сиялар. 15) Күкірт сутегі суы Н2S. 16) Концентрлі NaOH.17) Натрий хлориді.
Жұмыстың барысы:

Барлық галогендермен жұмыстарды тартқыш шкафта орындау керек!

  1. ХЛОРДЫ АЛУ.

а) Үш сынауққа аз мөлшерде келесі заттарды салу: біріншісіне – марганец (IV) оксидін, екіншісіне – калий дихроматын, үшіншісіне – калий перманганатын. Әр бір сынауққа 1 мл концентрлі тұз қышқылын құю керек. Бірінші және екінші сынауқтарды баяу қыздыру. Болып жатқан процестерді бақылау. Бөлініп жатқан газды түсі (ақ қағаз фонында) және иісі (мұқият болу!) бойынша анықтау.

Реакция теңдеулерін жазу. Осы реакциялардағы электрондардың ауысу схемаларын көрсету. Келтірілген реакцияларда MnO2, K2Cr2O7, KMnO4 қандай міндет атқарады?

б) Сүрет бойынша хлорды алу үшін қолданылатын құралды жинайды.

Колбаға KMnO4, тамшылатқыш сүзгіге концентрлі тұз қышқылын HCl құяды. Аздап сүзгінің кранын ашып Вюрц колбасына тамшылатып концентрлі тұз қышықылын құяды. Бөлініп жатқан газбен 5 банканы толтырып шыны пластинкалармен жабады. Сосудтарды келесі тәжірибелерге сақтап қалады. Жұмысты орындап болған соң газ өткізгіш түтікті концентрлі сілті ерітіндісіне салу керек.



  1. ХЛОРДЫҢ МЕТАЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.

а) Спирт шамының жалынында мысты қатты қыздырып, лезде хлор бар банкаға салады. Не байқалады? Суыған соң банкаға аз мөлшерде суды құйып араластыру керек. Түзілген ерітіндінің түсі қандай? Реакция теңдеуін жазу.

б) Темір қасықта темір ұнтағын қатты қыздырып, хлор бар банкаға (түбіне құмды салады) себеді. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.

в) Металдық натрийдің кішкентай бөлшегін кесіп алып, керосин қалдықтарынан жою үшін сүзгі қағазбен сүртеді, темір қасықта балқытып хлор бар банкаға салады. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу.

Түзілген хлоридтердің формулаларын жазып, алу жағдайларын салыстыру. Бұл реакцияларда хлор қандай қасиетімен сипатталады?



  1. ХЛОРДЫҢ БЕЙМЕТАЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ.

а) Құрғақ сынауққа хлорды жинайды. Сынауқты тығынмен жабады. Басқа сынауққа сутегін жинайды. Сутегі бар сынауқты төрнкеріп ұстап хлор бар сынауқтың ауызына әкеледі. Газдарды араластырады. Реакциядан кейін сынауққа су құйып араластырады. Түзілген ерітіндіні екіге бөліп, біріншісіне лакмусты құяды, екіншісіне – күміс нитратын. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу.

б) Қасыққа аз мөлшерде фосфорды салып, хлор бар банкаға салады. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтау.



4. ХЛОР СУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

а) Сынауққа 2/3 бөлігіне су құяды және хлорды жібереді. Түзілген хлор суының түсі мен иісін анықтау.

б) Үш сынауққа аз мөлшерде келесі заттар ерітіндісін құяды: 1 – индиго; 2 – фуксин; 3 – күлгін сиямен боялған суды. Әр біріне бірнеше тамшы хлор суын құяды. Не байқалады? Байқауларды жазу.

в) Екі сынауққа хлор суын құяды: 1 – бірнеше тамшы сілті ерітіндісін, 2 – күкірт сутегі суын қосады. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазу.



5. ХЛОРСУТЕГІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

Вюрц колбасына 15-20 г натрий хлоридін салады. Тамшылатқыш сүзгіге концентрлі күкірт қышқылын құяды. Газөткізгіш түтікті хлорсутегін жинауға арналған құрғақ колбаға түсіреді, колбаның ауызын мақтамен жабады. Тамшылатқыш сүзгінің кранын ашып күкірт қышқылын құяды. Не байқалады? Реакцияны тездету үшін колбаны баяу қыздырады. Мақта үстінде туман пайда болған соң реакцияны тоқтатады. Мақтаны алып тастап, колбаны шыны пластинкамен жауып суы бар кристаллизаторға төнкереді, су астында пластинканы алып тастайды. Болып жатқан құбылыстарды түсіндіру. Хлорсутегінің суда ерігіштігі қандай? Колбаны шыны пластинкамен жауып су астынан шығару керек. Түзілген ерітіндіні 4 сынауққа бөледі: 1 – индикатор қағазбен тексереді, 2 – мырышты, 3 – кальций оксидін, 4 – кальций карбонатын қосады. Байқауларды жазу. Реакция теңдеулерін жазу.



  1. ЖАВЕЛЬ СУЫН АЛУ.

а) Сынауққа сұйытылған сілті ерітіндісін құйып мұздай суға қояды және бірнеше минут ерітіндіден хлорды өткізеді. Неге тәжірибиені суыту барысында жүргізеді? Реакция теңдеуін жазу.

б) Сұйытылған NaCl ерітіндісінің электролизін жүргізу. Ол үшін NaCl ерітіндісі бар стаканды мұздай суы бар басқа үлкен стаканға орнатады. Тұз ерітіндісіне платиналық немесе көмір электродтарды батырады және бірнеше минут тұрақты электр тоғын өткізеді. Неге электролизді суыту барысында және диафрагмасыз жүргізеді? Реакция теңдеулерін жазу.



7. ЖАВЕЛЬ СУЫНЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ.

а) Индиго немесе фуксин ерітіндісіне аз мөлшерде жавель суын қосу. Не байқалады? Түсіндірме беру. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрлерінде жазу.

б) Қышқылданған индиго ерітіндісіне жавель суын қосу. Реакция жылдамдығына орта қалай әсер етеді? Реакциялардың механизмін түсіндіру.

в) Марганец (ІІ) сульфаты ерітіндісіне жавель суының аз көлемін қосу. Не байқалады? Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазғанда келесіні ескеру қажет Мn2+ реакция барысында MnO2 айналады.



8. ХЛОРЛАУ ҚЫШҚЫЛДЫҢ ТОТЫҚТЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ.

Екі сынауққа бірдей көлемде KClO3 мен KI ерітінділерін құяды. Өзгерістер байқалама? Сосын сынауқтың біреуіне H2SO4 ерітіндісін қосады. Не байқалады? Екі сынауқтағы ерітінділердің түсін салыстыру. Реакция теңдеулерін жазу және тәжірибиенің нәтижелерін түсіндіру.



Тақырыпты бекіту:

  1. Жетінші негізгі топша элементтерінің валенттіліктері қанша болады және олар химиялық қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  2. Периодтық жүйеде жетінші негізгі топша элементтерінің қасиеттері жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді?

  3. Фтордың физикалық қасиеттерін айтып, оның химиялық қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеуін жаз.

  4. Хлор табиғатта қандай қосылыстар түрінде таралған? Хлордың физикалық қасиеттерін айтып, молекуласының түзілу схемасын сызып көрсет.

  5. Хлордың химиялық қасиеттері қандай?

  6. Зертханада және өнеркәсіпте хлор алуға қажетті барлық реакциялардың теңдеулерін жаз?

  7. Хлорсутек пен тұз қышқылының физикалық қасиеттері қандай? Тұз қышқылының химиялық қасиеттері?

  8. Тұз қышқылын зертханада және өнеркәсіпте қандай тәсілдермен алады?

  9. Хлордың оттекті қосылыстары?

Зертханалық сабақ № 3
Тақырыбы: Бром, йод және олардың қосылыстары.

Жұмыстың мақсаты: Бром, йод және олардың қосылыстарының алу жолдарын, қасиеттерін оқып білу.

Құралдар мен химиялық ыдыстар. 1)Хлорды алу үшін арналған құрал (Вюрц колбасы, тамшылатқыш сүзгі, екі жүгіш склянкалар, стакан). 2) Сутегі алу үшін жиналған Кипп аппараты. 3) Металдық штатив. 4)Хлорды жинауға арналған крышкалары бар банкалар. 5) Цилиндрлар. 6) Кристаллизатор. 8) Химиялық стакандар. 9) Шыны пластинкалар. 10) Сынауқтар. 11) Заттарды жағуға арналған қасықтар

Реактивтер. 1) Марганец (IV) оксиді MnO2. 2) Калий дихроматы K2Cr2O7. 3) Калий перманганаты KMnO4. 4) Мыс. 5) Темір (ұнтақ). 6) Фосфор (қызыл). 7) Мырыш. 8) Индикаторлық қағаз. 9) Сүзгі қағазы. 10) Тұз қышқылы (коонцентрлі). 11) Күкірт қышқылы (2 н. және концентрлі). 12) Күміс нитраты AgNO3. 13) Индиго. 14) Күлгін сиялар. 15) Күкірт сутегі суы Н2S. 16) Концентрлі NaOH.17) Натрий хлориді.

Жұмыстың барысы:

  1. БРОМ МЕН ИОДТЫ АЛУ.

а) KBr бірнеше кристаллдарын MnO2 ұнтағымен араластырып сынауққа салады және концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын қосып қыздырады. Бөлініп жатқан бромның түсі мен иісіне назар аудару. Реакция теңдеуін жазу.

б) KI бірнеше кристаллдарын MnO2 ұнтағымен араластырып сынауққа салады және концентрлі күкірт қышқылының бірнеше тамшысын қосып қыздырады. Бөлініп жатқан иодтың түсі мен иісіне назар аудару. Реакция теңдеуін жазу.

Келтірілген реакцияларда MnO2 қандай міндетті атқарады?

в) KBr ерітіндісіне жаңа дайындалған хлор суын қосады. Ерітіндінің түсі қандай заттың болуымен байланысты? Ерітіндіге 1 мл бензолды қосады және сынауқты қатты шайқайды. Ерітіндінің және бензолдың түсін анықтау. Бромның суда және органикалық еріткіштегі ерігіштігін салыстыру. Реакция теңдеуін жазу.

г) Екі сынауққа 2-3 мл калий иодидінің ерітіндісін құяды, біреуіне тамшылатып жаңа дайындалған хлор суын құяды, ал екіншісіне – бром суын. Не байқалады? Әр бір сынауққа 1 мл ден бензол қосып қатты шайқайды. Не болады? Түсіндірме беру. Реакция теңдеулерін жазу.

2. БРОМНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

а) Сынауққа 2-3 мл бром суын құяды, оның түсін анықтайды және аздап қыздырады. Не байқалады?

б) Индиго ерітіндісіне бром суын құяды. Не байқалады?

в) Сынауққа 5 мл бром суына магний ұнтағын қосады және шайқайды. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеулерін жазу.

г) Күкірт сутегі ерітіндісіне тамшылатып бром суын қосады және ерітіндіні қатты шайқайды. Байқауларды жазу. Реакция теңдеуін құрастыру.

3. ИОДТЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

а) Құрғақ сынауққа йодтың кристалдарын салады. Сынауқтың түбін аздап қыздырады да ауада суытады. Түсінің өзгерісіне назар аударады.

б) Сынауққа бірнеше йодтың кристалдарын салады, су құйяды және қатты араластырады. Түзілген сұйықтықтың түсіне назар аударады. Йодтың суда ерігіштігі қандай? Йодтың ерімеген кристалдары бар сулы ерітіндіге бірнеше тамшы калий иодидінің ерітіндісін қосады. Байқауларды жазу керек.

в) Йодтың бір кристалына 1-2 мл спиртті қосады. Ерітіндінің түсіне назар аударады.

г) Фарфорлы чашкаға алюминий немесе мырыш пен йодтың қоспасын салады. Қоспаға бірнеше тамшы су қосады. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазу керек (ескерту: су катализатор ролін атқарады).

Тақырыпты бекіту:


  1. Жетінші негізгі топша элементтерінің валенттіліктері қанша болады және олар химиялық қосылыстарда қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?

  2. Периодтық жүйеде жетінші негізгі топша элементтерінің қасиеттері жоғарыдан төмен қарай қалай өзгереді?

  3. Бром мен иодтың физикалық және химиялық қасиеттері қандай?



Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы: Күкірт. Күкіртті сутегі. Сульфидтер.

Жұмыстың мақсаты: Күкірт, күкіртті сутегі және сульфидтер алу жолдарын және қасиеттерін оқып білу.

Құралдар мен химиялық ыдыстар. 1) Металдық штатив. 2) Тығыны бар сынауықтар. 3) Цилиндрлар. 4) Кристаллизатор. 5) Химиялық стакандар. 6) Шыны пластинкалар. 7) Сынауқтар. 8) Кипп аппараты.

Реактивтер мен ерітінділер: Күкірт, темір, мыс, алюминий, темір сульфиді натрий сульфиді, натрий сульфаты, натрий карбонаты, индиатор қағазы, фильтр қағазы. Магний, мырыш, темір, мыс, күкірт көміртек, магний оксиді, фосфор оксиді, натрий хлориді, калий иодиді, мыс сулфаты, натрий сульфаты,глюкоза, индикатор қағазы, мақта, асбет.

Жұмыстың барысы:

  1. ПЛАСТИКАЛЫҚ КҮКІРТТІ АЛУ.

Сынауыққа жартысына дейін черенка күкіртін құю. Сынауық ұстатқышқа бекітіп, ақырындап қыздыру. Күкіртті бақылау.Сары түсті сұйыққа айналады. Күкіртті қайтадан ақырын қыздырып, түсінің өзгеруін байқау. Өзгерістерді түсіндіру. Күкіртті қайнағанша қыздырып, кристализатордағы суық суға құю. Егер бұл кезде күкірт жанып кетсе, сынауықты асбет сеткасымен жауып қою. Пайда болған өнімді судан алып, оның созылғыштығын тексеру. Пайда болған созылғыш күкіртті сабақ соңына дейін сақтап, оның аморфты модификациядан кристалл түріне өзгеруін бақылау үшін бөлме температурасына күкірттің қай модификациясы тұрақты. Өзгерістерді түсіндіру.



  1. КҮКІРТТІ СУТЕГІН АЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ.

Зертханадан күкірт сутек газын алатындай реактвтер жинап алу. Реактивтердің дұрыстығын мұғаліммен тексеріп алу.97- суреттегі құрылғыны жинау. Сынауықты штативке бекітіп, реакцияны жүргізу. Реакция теңдеуін жазу. Газдың бөлінуі қашан активті болады? Оны газөткізгіш түтікпен жағып тексеру. Күкірттің толық жану теңдеуін жазып, күкірттің жанған кездегі пайда болған өнімдерді эксперементалды түрде тексеру. Оны суланған индикатор қағазы және воронка арқылы тексеру. Күкірттің толық жанбауы болады, егер ол судың денемен түйіссе және оттегі жетіспегенде.

Жанып жатқан күкіртсутек жалынына фарфорлы тигельдің қақпағын әкелу. Ондағы пайда болған сары өнімді бақылау. Не түзілді? Күкіртсутектің толық емес жануының теңдеуін жазу. Жану кезіндегі күкіртсутек қандай қасиет термен сипатталады?



  1. КҮКІРТСУТЕГІН АЛУ.

Күкіртсутегінің суллы ерітіндісін дайындау. Ол үшін Кипп аппараты немесе күкіртсутегін жинайтын құрал қажет. Газ өткізгіш трубканы суы бар сынауыққа бірнеше минут өткізу. Алынған ерітіндінің нейтралды лакмуспен тексеру. Лакмус түсі қалай өзгерді? Күкіртті сутегінің диссоцация теңдеуін жазу. Диссоциация константаларын пайдалана отырып, күшіне назар аудару.

  1. КҮКІРТТІ СУТЕГІНІҢ ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТІ.

Бром суына және калий перманганатына және калий дихроматына күкіртті сутек суымен әсер ету. Өзгерістерді бақылау. Реакция теңдеуін жазу.

  1. МЕТАЛЛ СУЛЬФИДТЕРІН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ.

Мырыш, марганец, кадмий, мыстың еритін тұздарымен сульфид тұнбаларын алу, тұнба түсіруші ретінде аммоний сулфидін алу. Пайда болған тұнбалар түсін бақылау. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазу. Тұнбалардың аз мөлшерде алып, оларға тұз қышқылын құю. Қай ерітінді ерітіп, еріп кетті. Ерігіш кестені пайдаланып, ерігіштігін кестені пайдаланып, ерігіштігін жазу.

6. СУЛЬФИДТЕР ГИДРОЛИЗІ.

а) Натрий сульфидінің бірнеше кристалын алып суда еріту. Ерітінді ортасын тексеру. Индикатор түсінің өзгеруін бақылау. Реакция теңдеуін жазу.

б) Алюминий тұзына аммони тұзын қосу.

Сынауықты қыздырып пайда болған тұнбаны фильтрлеп оны ыстық сумен жуу. Эксперименттік жолмен пайда болған тұнбаның алюминий гидрооксиді

екенін дәлелдеу. Реакция теңдеуін жазу.

Тақырыпты бекіту:


  1. Алтыншы негізгі топша элементтерінің электрондық-графикалық формулаларын жазып, олардың қалыпты және қозған күйлеріндегі валенттіоіктерін анықта және химиялық қосылыстардағы тотығу дәрежелерін көрсет.

  2. Күкірт табиғатта қалай тараған? Оның физикалық және химиялық қасиеттері қандай?

  3. Күкіртсутектің физикалық қасиеттерін айтып, молекуласының пішінін сызып көрсет.

  4. Күкіртсутектің химиялық қасиеттері қандай? Алу жолдары?

  5. Күкіртсутек қышқылының қышқылдарға тән қасиеттерін көрсететін реакциялардың теңдеулерін жаз.



Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу