Жаратылыстану-математика



бет5/12
Дата14.05.2017
өлшемі1,55 Mb.
#16244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиет:


И.П.Бабьева, Г.М. Зенова. Биология почв. М., 1989. 289-303 бет.

Ашимхина Т.Я. Эколгический мониторинг. М., 2004. 48-52 бет



ОЖСӨЖ 25: Топырақ микроағзаларының өсімдіктерге токсинді әсерін анықтау

СӨЖ 25: СӨЖ кестесі бойынша жеке тапсырманы орындау
26 кредит сағат

Практикалық сабақ №13:

  1. Топырақ ортасының ластануын биологиялық индикациялау

    1. Топырақ ортасының пестицидтармен ластануы және оны биоиндикациялау

    2. Топырақ ортасының ауыр металдармен ластануы және оны биоиндикациялау

    3. Топырақ ортасының радиоактивті ластануы және оны биоиндикациялау

    4. Топырақ ортасының биологиялық ластануы және оны биоиндикациялау

СМЖӨЖ 26: Топырақ микроағзаларының өсімдіктерге токсинді әсерін анықтау

СӨЖ 26: Жағалаулық және су маңы экожүйелерінің ластануын биоиндикациялау

Әдебиеттер:

Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. М., 1989. 334 бет

Ашимхина Т.Я. Эколгический мониторинг. М., 2004. 48-52 бет

14 апта

27 кредит сағат

14 дәріс



Тақырып: Табиғатты қорғау мақсатындағы биоиндикация. Биоиндикация әдістерінің ауыл шаруашылығында және орман шаруашылығында қолданылуы

Дәрістің мазмұны:

Биоиндикацияның жойылып кету қаупіндегі ағзаларды қорғаудағы маңызы. Нормалау және индикациялық параметрлер. Биоиндикаторлар параметрлерінің өзгерістерінң антропогендік әсер деңгейіне тәуелділігі.

Зиянкес жануарлардың қауырт көбеюін биоиндикациялау. Патогенді ағзалардың жаппай көбеюі

Әдебиет:


Б.В. Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов. Москва, 1964, 311 бет.

ОЖСӨЖ 27: Өсімдік жабынының мониторингі

СӨЖ 27: Коллоквиумге дайындық

28 кредит сағат

Практикалық сабақ №14:

1.Зиянкестердің жаппай көбеюі және оны болжау мүмкіндігі

2. Ценоздық және популяциялық деңгейдегі өзгерістерді индикациялау

3. Антропогендік әсер деңгейіне байланысты биоиндикаторлар параметрлерінің өзгерісінің байланыстылығы



СМЖӨЖ 28: Коллоквиум

СӨЖ 28: Қорықтар мен ландшафттық табиғат ескерткіштерінң табиғаттағы қорғаудағы маңызы.

Әдебиеттер:

  1. Ә.Бейсенова, А.Самақова. Эколгия және табиғатты тиімді пайдалану. А.,2004.323 бет

  2. Интернет жүйелері. /Использование сорных растений в качестве объектов биоиндикации загрязнения среды ./ Жидкова Е. Н., Родионова С. А. // Материалы научно-практической конференции. М., 2002 . 30-31 окт., 2002 . 462, № 1-3 .- С. 74-76 . Рус./


15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтауға және олардың мутагендік қасиеттерін бағалауға арналған негізгі тест-жүйелер.

Дәрістің мазмұны:

Қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтауға және олардың мутагендік қасиеттерін бағалауға арналған негізгі тест-жүйелер. Микроағзалар – қоршаған ортаны ластаушы заттарды анықтауға және олардың мутагендік қасиетін анықтауға арналған тест-жүйелер. Сүтқоректі жануарларды аралық иеленуші ретінде пайдалану арқылы микроағзалардың гендік мутацияларын анықтау Ортаны ластаушылардың адам ағзасы үшін зияндылығын анықтау және баға беру. Ортаны ластаушы заттарды анықтауға арналған өсімдік текті тест-жүйелер


Әдебиет:


Б.В. Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов. Москва, 1964, 311 бет.

ОЖСӨЖ 29: Микроағзалар – ластану индикаторлары

СӨЖ 29: Микротестілеуге дайындық

30 кредит сағат

Практикалық сабақ №15 :

  1. Қоршаған ортаның ластаушы заттардың мутагендігін анықтау жолдары

  2. Адамның ластанған ортасының мутагендігін анықтау және бағалау әдістері

  3. In vitro, in vivo жағдайында тест жүйелерін пайдалану

СМЖӨЖ 30: Микротестілеу

СӨЖ 30: Микротестілеу

Әдебиеттер:

  1. Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. М., 1989. 334 бет

  2. Интернет жүйелері


Негізгі әдебиеттер


  1. Алехин В.В., Кудряшев Л.В., Говорухин В.С. География растений. Москва, 1961, 300-413 бет.

  2. Артомонов В.И. Растения и чистота природы. М.,1986. 174 бет

  3. Ашимхина Т.Я. Экологический мониторинг. М., 2004.

  4. Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов. Москва, 1964.-311 бет.

  5. Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. М., 1989. 334 бет

  6. Семин В.А.. Основы рационального водопользования и охраны водной среды. Москва, 2001.-316 бет.


Қосымша әдебиеттер


  1. В.А.Вронский. Экология (словарь-справочник). Росто-на-Дону, 2002. – 572 бет.

  2. Двороковский М.С. Экология растений. М., 1983.- 188 бет.

  3. Лархер В.Экология растений. М.,1978.-382


3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

СОӨЖ орындалуы

(15 тапсырма)

Сараптау және танымдық қабілетін дамыту


Семинар тақырыбына байланысты

Әр апта сайын СОӨЖ тақырыбы бойынша кестге сәйкес


1,2% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

2

Жеке тапсырма

Талдау және танымдық қабілетін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

3,5,7,11,13 апта

Бір жұмыс

1 % бағаланады

ӨЖСӨЖ-да баяндау

3

Микротестілеу

Студенттер білімін аралық бағалау, қорытындылау,жалпы емтиханға дайындық

Семинар тақырыптарына сәйкес әдебиеттер

7апта және 15 апта

5% әр тестілеу сайын

Тест сұрақтарына жауап беру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Логикалық ойлау қабылетін тексеру

Жалпы әдебиеттерге сәйкес

3, 6, 9, 12, 15 апта (сөздікпен жұмыс)

Бір жұмыс 1% тапсырма санымен бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Тірек конспектілерін құру

Шығармашылық жұмыстану қабілетін арттырып, іздемпаздыққа баулу

Жалпы әдебиеттерге сәйкес

2,6,10,14 апта

Бір жұмыс 2% бағаланады

Жазбаша жұмыстарды, білімдерін тексеру

6

Коллоквиум

Бақылау жұмысы

Семинар тақырыптарына сәйкес әдебиеттер

6,14 апта

Тақырыпқа сәйкес 1,5%

Ауызша әңгімелесу

7

Емтихан

Білімді кешенді тексеру

Жалпы әдеби көздерді пайдалану

15 апта

40 % дейін

Тест

4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кафедра В.В.Иванов атындағы ботаника кафедрасы

Тьютор Жамалиева Л.С.

(аты-жөні)
Пән Биоиндикацияның зерттеу әдістері

(пән атауы)

Кредит саны 2







Әдебиет атауы


Барлығы


ЕскеЕскерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Алехин В.В., Кудряшев Л.В., Говорухин В.С. География растений. Москва, 1961, 300-413 бет.











-





2

В.Н.Артомонов. Растения и чистота природной среды. Москва,1986. - 171

1

-



-





3

Ашихмина Т.Я. Экологический мониторинг. Москва, 200,

3

+




-




4

Бабьева И.П., Зенова Г.М. Биология почв. М., 1989. 334 бет




3




-




5

Б.В. Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов. Москва, 1964, 311 бет.

-


1





-





6

Е.А.Востокова, А.В.Шавырина, С.Г. Ларичева. Справочник по растениям-индикаторам грунтовых вод и почво-грунтов для южных пустынь СССР. Москва, 1962, 107 бет.

-


1




-





7

В.А.Вронский. Экология (словарь-справочник). Росто-на-Дону, 2002. – 572 бет.




2



-





8

Двороковский М.С. Экология растений. М., 1983.- 188 бет




3



-





9

В.Лархер Эколгия растений.М., 1976.- 200-208

-


2



-





10

Семин В.А.. Основы рационального водопльзования и охраны водной среды. Москва, 2001.-316 бет.

-

-

-

-





5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 Дәріс

Тақырыбы: Кіріспе

Дәріс мазмұны:

  1. Биоиндикация пәні. Мақсаты мен міндеттері

  2. Биоиндикацияның қолдану салалары

  3. Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің дамуы мен қазіргі кездегі жағдайы

Мақсаты: Биоиндикация ұғымен, оның зерттеу обьектілерімен танысу

Биоиндикацияның қолдану салаларын анықтау


1. Биоиндикация пәні. Мақсаты мен міндеті.
Биологиялық индикациялау қоршаған ортаның күйін тірі организмдердің реакциясы бойынша анықтау проблемасы – кезек күттірмес мәселе және әлемнің көптеген елдерінде қолға алынған. Биологиялық индикаторлар ретінде микроағзалар, өсімдіктер мен жануарлар пайдаланылуы мүмкін. Дегенмен, бұл антропогендік факторларға төзімділоігі бойынша және солардың мысалында биоиндикация шешетін проблемалар тұрғысында қарағанда, мүлдем өзге ағзалар. Әдетте өсімдіктер қоршаған ортаның шаруашылық әрекеттер, өнеркәсіптің қалдықтары арқылы ластануы нәтижесінде бұзылуының жақсы көрсеткіші болып табылады. Жануарлар физиологиялық жағынан адамға жақын обьект ретінде қызықтырады.

2. Биоиндикацияның қолдану салалары


Биоиндикация мәнін неміс ғалымы Г.Стокер толық анықтаған. Ғалымның пікірінше, биоиндикация мәні келесі ерекшеліктерге негізділеді: 1) ортаның түрлі факторларының әсеріне ұшырап отырған биологиялық лбьектілер мен жүйелердің сипатының өзгерісін бағалау үшін қолданылады; 2) биоиндикация биологиялық қорытындыны анықтауға мүмкіндік береді. «Жер беті экожүйелерінің ластануының биоиндикациясы» ғылыми еңбектер жинақтарына сүйене отырып, көптеген қоршаған орта күйін бағалау әдістерінің жүйедегі өзгерістерді қайтымсыз жағдайда анықтауға мүмкіндік беретінінін көреміз. Ал, биоиндикацияның артықшылығы, өзгерістерді олардың ерте даму кезеңінде алдын-алу, биологиялық жүйенің түрлі деңгейлеріндегі өзгерістерді зерттеу, биоиндикацияның түрлі формаларын бірнеше белгі және түрлі фактор әсері бойынша жіктеу болып табылады.

3. Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің дамуы мен қазіргі кездегі жағдайы

Өсімдік индикаторларын зерттеу тарихы және экологияның соған сәйкес сұрақтары Клементс (1920), Мейенцер (1927), Сэмпсон (1939), С.В.Викторов (1955) еңбектерінде қарастырылады. Үзілмелі мағлұматтар Грин (1909), П.А.Ососков (1900-1913), О.Линстова (1929), А.П.Виноградов (1954) және т.б. еңбектерінде келтіріледі.

Өсімдік индикаторлары туралы ілім өсімдік экология мен географиясының дамуымен тығыз байланысты.

Алғаш рет өсімдіктердің өсуінің экологиялық сипаттамасын антика дәуірінің ғалымдары берді. Көптеген экологиялық мағлұматтар Феофраст еңбектерінде кездеседі (б.з.д. 327-287 ж.ж.).

Өсімдік жабынының құрамы мен күйі туралы мағлұматтар ежелден ауыл шаруашылығында жердің өнімділігін арттыру мақсатында бақыланды. Бұл салада Катон (б.з.д. 234-149 ж.ж.), Плиний (б.з.д. 23-79 ж.ж.) еңбектерін қарастыруға болады.

Антика дәуірінің ғалымдары тұщы су көздерін іздеу барысында өсімдік жабынының маңызы туралы: «жоғарыда көрсетілген жыныстардағы су белгілері: жіңішке, қамыс, қоға, тальник, витекс, прутняк және өзге өсімдіктер болып табылады» жазғын.

Өсімдік экологиясы мен географиясын зерттеу ХҮІІ – ХҮІІІ ғ.ғ. жаңа өсімдік жабынының экологиялық байланыстылығы туралы мағлұматтарды: Трагус, Кордус, Ломоносов енгізді.

Ботаникалық география мен эколгия бөліміндегі түрлі жұмыстар ХІХ ғ басталды.

Ботаникалық географияның негізін қалаушы А.Гумбольдт өсімдік жабынының таралуының зоналық-климаттық таралуын негіздеді. Ботаникалық-географиялық мәліметтер нәтижесінде Гризебах (1872) климат картасы мен олардың жіктеуіне көмектесті. А.Де Кандоль (1874) өсімдік жабынына және климатқа байланысты бес климаттық зонаны: мегатерм, ксерофит, мезотерм, микротерм, хекистотермді бөліп көрсетті. Бұл зерттеулер ХХ ғ. климатты табиғи жіктеуге негіз болды.

ХІХ ғ. басында өсімдіктердің түрлі тау жыныстарына байланыстылығы анықталды. Алғаш тау жыныстарының өсімдік-индикаторларының схемасын А.Карпинский (1841) жасады. ХІХ ғ. ортасында және соңында өсімдіктердің ізбестен өзге: доломитке, серпентитке, гранитке, сазға, құмға байланыстылығы туралы мәліметтер алынды.

Өсімдік индикаторлары туралы ілімнің негізін қалаушы Ф.И.Рупрех (1866) болып табылады. Ол өзінің геоботаникалық зерттеулерінде «өсімдік жабынының қасиеті оның жынысына байланысты» деп көрсетті.

Америкада алғаш рет топырақты зерттеу барысында өсімдік индикаторларына көңіл аударған Хильгард (1860) болды.

Топырақты эксперименттік зерттеу және өсімдік физиолгиясын бірге ХІХ ғ. аяғында өсімдікте кейбір химиялық элементтердің жинақталуы туралы мағлұматтар пайда болды (Виноградов, 1954). Өсімдік индикаторлары туралы ілімінің әрі дамуы ХІХ ғ. аяғындағы ірі географиялық зерттеулерге негізделді. Ландшафттың түрлі элементтері арасындағы өзара байланысты зерттеу нәтижесінде В.В.Докучаев «топырақ пен онда өсетін өсімдік ағзаларының тұрақты қатынасы туралы заң» қабылданды (1951).


Бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Биоиндикация ілімінің зерттеу обьектісі қандай?

  2. Биоиндикаторлар дегеніміз не?

  3. Биоиндикацияның зерттеу, қолдану салалары?

  4. Биоиндикация ілімінің даму тарихының негізін қалаушы ғалымдар?

  5. Өсімдіктер туралы ілімнің дамуына үлес қосқан ғалымдар?

Қолданылған әдебиеттер:

Сущность и значение биоиндикационных исследований ./ Дымова Т. В., Фокин Д. Ю. // Материалы конференции. - Астрахань, 2002 . 9-10 окт., 2002 . С. 123-124 . Рус.; рез. англ.

Алехин В.В., Кудряшев Л.В., Говорухин В.С. География растений. Москва, 1961, 300-413 бет.

Ашимхина Т.Я. Экологический мониторинг. М., 2004.

2 Дәріс



Тақырыбы: Биоиндикацияның экологиялық негіздері

Дәріс мазмұны:

Түрлі ағзалардың толеранттылық диапазоны. Эврибионттық және стенобионттық түрлер. Биоиндикация ұғымы. Биоиндикаторлар. Ортаның антропогендік факторларын биоиндикациялауда қолданылатын салыстыру стандарттары. Арнайы (спецификалық) және арнайы емес (спецификалық емес) биоиндикация



Мақсаты: Биоиндикацияда қолданылатын негізгі әдістермен және тәсілдермен танысып, олардың айырмашылықтарын, маңыздылығын анықтау.
Адаптация ұғымы
Жануарлар және өсімдіктер тіршілік жағдайында үздіксіз өзгеріп отыратын көптеген факторларға бейімделуі қажет. Экологиялық факторлардың кеңістікте және уақытта дамуы астрологиялық, геологиялық процестерге байланысты.

Ағзаның тірі қалуын қамтамасыз ететін белгілер табиғи сұрыптау әсерінен баяу күшейіп, қажетті жағдайға максимальді бейімделушілікті қалыптастырады. Бейімделушілік клетка, ұлпа, тіпті тірі ағза деңгейінде жүзеге асып, оның пішніне, өлшеміне, ағзалардың қатынасына және т.б. әсер етеді. Ағза эволюция және табиғи сұрыптау процесі барысында тұқымқуалаған бекітіліген ерекшеліктерді тудырып, қалыптасқан орта жағдайына сай келуін қамтамасыз етеді, яғни адаптация жүзеге асады.

Адаптация – ағзаның (түрдің) ортаға бейімделуі, тірі табиғаттың негізгі қасиеті. Кез-келген тірі ағзаның тіршілік ету ортасы, бір жағынан тірі ағзаның тіршілік ету ортасы, бір жағынан көптеген ұрпақтар бойы баяу өзгереді, ал екінші жағынан ағзаға түрлі талаптар деңгейін бөліп көрсетеді.
Стресс ұғымы
«Стресс» ұғымы медицинаға және физиологияға ХХ 30-жылдары Галье енгізген болатын. Ол орталық жоғаролаған талабына адам ағзасының ерекше реакциясы дей отырып, оған «бейімделушілік синдромы» деп анықтама берді. Бұл анықтама түрлі себептерден туындағын және алуан түрлі жүйелердің бейімделушілік механизмін сипаттайтын стресс түріне қолдануға ыңғайлы.

Стресс жануарлар да, адамда да жүйке және гуморальді жүйе арқылы ортаның қойған талаптарына бейімделу үшін жүзеге асыратын арнайы емес нейрогуморальді ағза реакциясы болып табылады. Стресс күйі – барлық тірі ағзалардың көбеюін реттейтін маңызды фактоорлар, яғни популяция санын реттеуші фактор болып табылады. Стресстің бірнеше фазасы бар.

Биоиндикация ұғымы
Қоршаған орта туралы мәліметті химиялық әдіс арқылы не болмаса биологиялық обьектілердің күйін бағалау арқылы алуға болады. Тіршілік ортасының абиотикалық және биотикалық факторларын биологиялық жүйе көмегімен анықтау әдісі биоиндикация деп аталады.

Биологиялық жүйелердің өзгерісі көп жағдайда антропогендік факторлар әсерінен туындағандықтан «биоиндикация» ұғымын келесі бағыта талқылауға болады: «Биоиндикация – бұл биологиялық және экологиялық маңызды антропогендік күш түсуді, оның тірі ағзаға және олардың қауымдастықтарына реакциясы арқылы табу және анықтау» (Криволуцский, Тихомирова, 1987).


Биоиндикатор ұғымы

Ортаны бағалауда биологиялық әдістерді қолдану қандай да болмасын әсер түріне сезімтал жауап беретін жануарлар мен өсімдіктерді бөлуді қажет етеді. Тіршілік қызметі белгілі бір орта факторларымен өзгеруі оны бағалауда қолдануға мүмкіндік беретін ағзалар немесе ағза қауымдастықтары биоиндикаторлар деп аталады.



Бақылауға арналған әдебиеттер:

  1. Стресс дегеніміз не?

  2. Адаптация дегеніміз не?

  3. Биоиндткатор дегеніміз не?

  4. Биоиндикация дегеніміз не?

Қолданылған әдебиеттер:

Артомонов В.И. Растения и чистота природы. М.,1986. 174 бет

Ашимхина Т.Я. Экологический мониторинг. М., 2004.

Виноградов Б.В. Растительные индикаторы и их использование при изучении природных ресурсов. Москва, 1964.-311 бет.


3 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет