Жаратылыстану-математика


Географиялық таулық белдеу-



бет52/54
Дата21.07.2020
өлшемі359,5 Kb.
#63632
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
3.Географиялық таулық белдеу- территориялық табиғат кешендерінің азональдық көрінісі.Таулардың географиялық орындарына, биіктеріне байланысты тізбектеледі.мысалы, Тянь-Шань тауларынан тау етегіне шөлден бастап аса биік тау басындағы көп жылдық мұзды табиғат зоналарына дейінгі территориялық табиғат кешендерін жіктеуге болады.Бұлардың қалыптасулары таулардың биіктіктері артқан сайын жылу мен ылғал баланстары қатынастарының өзгеруіне байланысты болып келеді.

4.Ландшафт- құрамдық, құрылымдық бөліктерінің баламалары қайталанбайтын нақтылы территориялық табиғат кешені.

5. Қатқылдар-шөлдердегі өзен атыраулары мен қара сулы жайылымдарда түзілетін жерлер. Бұлар жазбаларында жер беті қабыршақтанып кетеді. Өсіміктерден тек кермек қана өседі.

6. Қоныс- ландшафтылардың құрылымдық бөлігін құрайтын территориялық табиғат кешені.

7.Қорықтар- табиғат ресурстары халық шаруашылығы айналымына қосылмайтын жерлер.Қорықтарда территориялық табиғат кешендерінің құрамдық және құрылымдық бөліктерінің табиғи тепе теңдік адам әрекетінен бұзылмау жағы ұдайы қадағаланып отырады.

8.Қорықшалар- табиғат ресурстары халық шаруашылығы айналымына ғылыми бағдарлама бойынша ғана қосылатын жерлер.

9. Сор- шөлейт және шөлді жерлерде жиі кездесетін территориялық табиғат кешені.

10.Сортаң- топырақ құрамында суға тез ерігіш тұздары бар жер. Ол көбінесе сол жерлердің «жайылуы»- шайылуы және бұзылуы нәтижесінде түзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет