Жаратылыстану-математикалық цикл сыныптарында геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану



бет1/2
Дата08.09.2023
өлшемі54,63 Kb.
#180539
  1   2
Байланысты:
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ СЫНЫПТАРЫНДА ГЕОМЕТРИЯНЫ ЕРТЕ ЗЕРТТЕУДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Тест на определение готовности к обучению-2, Методичка. Мясо (электронная версия), 14.-15. 12. 23. Маленький принц. Б-11, КТӘ-11. docx, Гаметогенез, 1. Тарихи-дәстүрлік принцип бойынша жазылған сөздерді белгілеңде-www.emirsaba.org

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЦИКЛ СЫНЫПТАРЫНДА ГЕОМЕТРИЯНЫ ЕРТЕ ЗЕРТТЕУДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Аннотация. Бұл мақалада жаратылыстану-математикалық цикл сыныптарында геометрияны ерте зерттеуде қазіргі заманға сәйкес цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың әдістемелік шарттары қарастырылады. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдеріне көптеген заманауи технологиялардың көмегімен цифрлық білім беру ресурстарын өз беттерінше жасауға және оны тәжірибеде пайдалануға толықтай мүмкіндік пайда болды. Өз кезегінде цифрлық білім беру ресурстары оқу процесінің тиімділігін арттыру процесінде өте маңызды әрі басты рөл атқаруда. Мақаланың зерттеу мақсаты мектептерде геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін талдау. Аталған мақсатқа жету үшін автор мына міндеттерді алға қойды: цифрлық білім беру ресурстарының мәнін, рөлі мен маңыздылығын талдау, геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану ерекшеліктерін айқындау және оларды білім беру жүйесінде қолдануды жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстар даярлау. Мақаланың зерттеу объектісін геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану процесінің негізінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар, ал зерттеу пәнін цифрлық білім беру ресурстары құрайды. Тақырыпты зерттеу барысында талдау, логикалық, анализ, синтез және тағы да басқа зерттеу әдістері қолданылады.
Түйін сөздер: цифрлық білім беру ресурстары, геометрия, платформа, интерактивті оқыту әдісі, LearningApps.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінің жаратылыстану-математикалық цикл сыныптарында геометрияны зерттеу барысында оқушылардың белгілі бір теориялық білім, дағдылар жүйесін ғана емес, сонымен бірге алынған білімді күнделікті өмірде, тәжірибеде пайдалану үшін қажетті құзіреттердің жиынтығын да меңгерулері қажет екендігі анықталды. Осы орайда еліміздегі білім беру жүйесін ақпараттандыру қызметі заманауи цифрлық білім беру ресурстарын жетілдіру және оны тарату процестерімен сипатталды. Жалпы геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану арқылы үй тапсырмаларын бағалау, геометриялық сызбалармен, графиктермен, кестелермен жұмыс жасау және жалпы сабақты өткізу процесі біршама жеңілдей түсті.


Мақала тақырыбын зерттеу барысында жаратылыстану-математикалық цикл сыныптарында геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді әрі пайдалы әдіс-тәсілдермен бірге пайдалану жолдары қарастырылды және тәжірибе нысаны ретінде отыз 7-сынып оқушылары алынды. 7-сынып оқушыларына геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстары интерактивті оқыту әдістерімен қатар қолданылды. Нәтижесінде цифрлық білім беру ресурстарын өзге оқыту әдістерімен, оның ішінде интерактивті оқыту әдістерімен қатар қолданған жағдайда оқушылардың білім алуға деген ынталары бірнеше есе артатындығы анықталды. Тәжірибе жүргізу барысында цифрлық білім беру ресурстарын интерактивті оқыту әдістерімен бірге пайдалану үшін PowerPoint, Kahoot, "Кирилл мен Мефодийдің алгебра және геометрия сабақтары", LearningApps және тағы да басқа замануи көптеген платформалар қолданылды. Аталып өткен әрбір цифрлық білім беру ресурстарының өздеріне ғана тән артықшылықтары мен ерекшеліктері бар екендігін де атап өткен дұрыс.
Зерттеу жұмысының мақсаты 7-сынып оқушыларына геометрия сабағын ерте оқыту барысында цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудың ерекшеліктерін талдау болып табылды. Тәжірибе жүргізудің бірінші кезеңінде "Кирилл мен Мефодийдің алгебра және геометрия сабақтары" мен PowerPoint платформасы арқылы геометриялық тақырыптарға теориялық сабақтар жүргізілді. Екінші кезеңінде LearningApps платформасы арқылы миға шабуыл, кейс, пазл әдістерін қолдана отырып, осы уақытқа дейін алынған теориялық білім мен тәжірибе толықтырылды. Сонымен бірге, GeoGebra платформасы негізінде геометриялық графиктер сызылып, сабақтың көрнекілігін одан әрі арттырды. Ал, тәжірибенің үшінші кезеңінде Kahoot платформасы арқылы оқушылардың осы уақытқа дейін геометрия пәнін оқыту барысында алған білімдері тексерілді. Нәтижесінде оқушылардың 31%-ы жоғары балл, 69%-ы орташа балл иеленді және өте төмен нәтиже көрсеткен оқушы болмады. Жүргізілген тәжірибе негізінде жаратылыстану-математикалық цикл сыныптарында геометрияны ерте зерттеуде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану әрбір оқушы үшін оқу материалдарын өте оңай меңгеруге және қиын пәнді үйренуге деген ынтасының ашылуына мол септігін тигізетіндігі анықталды. Сонымен бірге, оқушылардан бөлек, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану мұғалімдер үшін де өте тиімді екендігі белгілі болды, өйткені аталған оқыту әдісі оларды үнемі ізденіске, шығармашылық пен кәсіби тұрғыдан өсуге, ұдайы дамуға, өзгеруге, алға қарай жетілуге итермелейді.
Осылайша, зерттеу жұмысының нәтижесінде геометрияны ерте оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану өте қажетті әрі маңызды екендігі белгілі болды. Цифрлық білім беру ресурстарын жан-жақты әрі толықтай жоспарлап тәжірибеде пайдалану геометрия сабағының тиімділігін одан әрі арттырып, дәстүрлі білім беру жүйесіне жаңа өзгерістер мен ерекшеліктер алып келетін болады. Жалпы геометрия абстрактылы ғылым болғандықтан оны түсіну мен меңгеру оқушылар үшін бірқатар қиындықтар тудырып, оқытушылар мен білім беру жүйесіне де жаңа мәселелер дайындап беретіндігі белгілі. Сондықтан да, геометрияны ерте оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолдану тәжірибедегі өте маңызды жаңа құрал екендігіне басты назар аударып, оны басқа да әдістермен тиімді қолдану қай кезде де таптырмас шешім болатындығын естен шығармаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет