Практикалық бөлім:
1 – жаттығу: Тордың параметрлері мен сипаттамаларын анықтау.
Құрал – жабдықтар: Саңылауы бар спектрометр, дифракциялық тор, жасыл светофильтр
(), жарықтандырғыш.
Жарықтандырғышты қосып және светофильтрді спектрометрдің саңылауы мен оның ортасына орналастырып, анық дифракциялық картинаны шығарып аламаз. Содан кейін вертикаль сызықтық жарықталғанға дейін спектрометрдің трубасын нөлінші ретті спектрге дейін айналдырып, дөңгелек шкаланың көмегімен құралдың нөлін белгілейді. Бұл жағдайжа шкалада 0 болуы қажет. Кейіннен дифракция бұрышын есептеу осы нөлдік қалыптан жүзеге асырылады.
Трубаны оңға және солға қарай айналдырып, бірінші ретті спектрдің жасыл сызығын табады да, бұрышты есептейді. Трубаны осы бағытта айналдыра отырып, осы сызықты екінші ретті спектрде және т.с.с. табады. Сонымен бірге нөлдік қалыптан қарама-қарсы бағытта трубаны айналдырып, тағы сондай өлшеулерді жүзеге асырады.
Нәтижелерді кестеге енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |