Жұмыстың бағыты:
Құрал жабдықтар: Аббе рефрактометрі, УРЛ-1 , мақта,
дистиляцияланған су, құмшекер, пипетка,
ертінділер әзірлеуге арналған пробиркалар.
жаттығу: Рефрактометрдің нөль –пунктін тексеру.
Рефрактометрдің нөл- пункті дистиляцияланған су бойынша былайша жүзеге асады:
1) Жарық түсу призмасын қайырып көтеріп өлшеуіш және жарық түсу призмаларының беттерін дистиляцияланған су немесе эфирмен шайып, таза мақтамен құрғатып сүртеміз.
2) Өлшеуіш призманың жазықтығына пипеткамен дистиляцияланған судың бір – екі тамшысын тамызып, жарық түсу призмасымен жабамыз.
3) Құрылымды іске қосып жарық көзін бұрып, жарықты үстіңгі призманың тесігіне бағыттаймыз (сырғыма сәуле әдісі).
4) Окулярдың орынаулстыру құлағын айналдырып көру жазықтығына жарық көлеңкесін енгіземіз.
5) Дисперсиялық лимбінң құлағын айналдырып жарық – көленке шекарасының тұрлі – түстілігін жоямыз. Дисперсиялық лимбінің бөлікиерінің санын жазамыз.
6) Окулярды айналдырып көрністі айқындаймыз және жарық – көлеңкенің максималь контрастысын шығарып аламыз.
7) Окулярды орындаулстыру арқылы жарық – көлеңке шекарасын – остердің қиылысу ортасына келтіреміз де, шкаладағы шаманы есептейміз. Егер есептелген сыну көрсеткіші пD- 1,33299 және құрғақ заттар шкаласы 0 % концентрация болса6 онда нөл пункт дұрыс қойылған. Олай болған жағдайда келесі жұмыс үшін нөл пунктке түзетуді ескерген жөн.
Барлық өлшеулерді кем дегенде бес рет қайталаңыздар және нәтижелерді кестеге енгізіңіздер.
жаттығу: Дисперсия коэффициентінің ертіндідегі қант концентрациясынан байланысын зерттеу.
Бөлек ыдыста / пробиркада/ 10-15 мл қант ерітіндісінің дистиляцияланған судағы 20-30% концетрациясын дайындаймыз және Z кем дегенде 5 қайтара дисперсиялық лимб бойынша анықтаймыз.
Орташа дисперсия / / шамасын мына формула бойынша анықтаймыз:
= A + B
Достарыңызбен бөлісу: |