В.С. Полосин. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1989 г.
10
2
100
11
Ю.В. Плетнер., Полосин В.С. Практикум по методике преподавания химии. М.: 1981 г
8
80
12
Кузнецова Н.Е. Методика преподавания химии» 1984.
5
2
70
13
Әдістемелік нұсқау. 8-11 сынып. Алматы «Мектеп»2004
Студенттің жеке кітабы
Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі.)
Дәріс № 1 -2 Тақырыбы: Химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні.
Дәріс мақсаты:Химияны оқыту әдістемесін зерттейтін мәселеріне тоқталып, студенттер – болашақ мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне баулу.
Дәрістің мазмұны:
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері.
Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Химияны оқыту әдістемесінің құрылымы мен мазмұны.
Тірек сөздер:Химияны оқыту әдістемесі, мұғалімнің қызметі, химия мектепте.
Химияны оқыту методикасы зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химияның ғасырлар бойы жинаған білім қазынасынан оқушылардың жасына және өткендегі дайындығына сай келетін материалдарды таңдап алады.
Химияны оқыту методикасы – жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие теориясының қағидаларына сүйенеді.
Әдістің мәнін ашу үшін ең алдымен оқытудың мақсатын және мұғалім мен оқушының іс-әрекетін ескереді. Оқыту әдістері дегеніміз – «белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалімнің іс-әрекеті мен оқушы іс-рекетінің үйлесу түрлері, тәсілі».
Оқытудың мақсаттары мен құралдары тұрғысынан алғанда оқыту әдістері «мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын, адамгершілік көзқарас қалыптастыратын құралдары мен тәсілдердің жиынтығы».
Оқытудың мақсаты мазмұнын игеру арқылы жүзеге асады. Оқытудың әдістері, құралдары, іс-әрекеті осы сазмұнды меңгеруге бағытталған. Бұл тұрғыдан қарағанда «химияны оқыту әдістері химия ғылымының мазсұнынмен анықталады, өйткені әдіс дегеніміз – мазсұнның ішкі қозғалысы».
Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады.
Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды. Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі. Жалпы әдіс одан әрі оқушының таным-әрекетінің сипаты бойынша түсіндірме – иллюстративті, іздестіру (эвристикалық) және зерттеу әдістеріне тарамдалады. Бұлардың әрқайсысы білімнің бастауларына (қайнар көзіне), басқаша айтқанда оқыту құралдарына қарай сөз әдістерінің тобы, сөз – көрнекі әдістер тобы және сөз – көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді. Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерге жіктеледі.
Өзін- өзі тексеретін сұрақтар: Педагогикадан алған білімдеріне сүйеніп, орта мектептегі оқу пәндерінің атқаратын қызметін айтып беріңдер.
Химияны оқыту әдістемесін зерттейтін мәселелеріне тоқтал.