Дәрістің мазмұны:
Сабақ туралы түсінік.
Химия сабақтарының жіктелуі.
Тірек сөздер: Оқу жұмысын ұйымдастыру, сабақ, сабақ типі, сабақтың жіктелуі.
Мектепте оқу жұмысын ұйымдастыру формасы: сабақ , факультатив сабақ , сабақтан тыс жұмыстар.
Сабаққа- лекция , семинар , практикалық сабақ , лабораториялық жұмыс , пән аралық конференция , қоғамдық білім тексеру сабағы. Сабақтан тыс жұмыстарға : химиялық кештер , химиялық иллюзион , КВНХ, химиялық турнир , олимпиада , экскурсия. Бұлар өзара өте тығыз байланысты және мақсаты мен міндеттері ортақ.
Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Қалғандары қосымша түрлері ретінде қабылданған
Сабақ ұғымының негізгі белгілері: оқушылардың тұрақты құрамымен , оқу жоспарына сәйкес жасалған кестесімен өткізіледі.
Оқу уақыты – 45 минут Оқытудың ең кең таралғаны сынып –сабақ жүйесінің негізін қалаған. Ян Ямос Коменский. Бұл жүйе әлі күнге дейін өзінің мәнін жойған жоқ. Кез – келген сабақ: типі , мазмұны , құрылымы , әдістері мен құралдарымен ерекшеленеді. Сабақта білімділік , тәрбиелік , дамытушылық міндетті түрде жүзеге асырылады. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті және өнерді керек етеді. «Сабақ беру – үйреншікті емес , ол үнемі жаңадан – жаңа табатын өнер » - деп жазған Жүсіпбек Аймауытов.
«Сабақ – мұғалім күнбе күн оқушыларға білім , тәрбие беретін және жан – жақты дамытатын оқу – тәрбие процесінің негізгі саласы » -В А Сухамлинский.
Кейбір оқулықтарда ұйымдастыру әдісіне байланысты мына сабақтың түрлерін бөледі:
1. Дәстүрлі
2. Дәстүрлі емес немесе оны сабақтың активті формасы деп те атайды
Әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отырып,оны жаңа сапалық сатыға көтеру.Олар екіге бөлінді.
1. Конкурс,сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион ойын, экспидиция – кейде сабақтың элементтері деп те қарауға болады.
2. Лекция,конференция, ,пікір-талас,панарама, кампютерлік сабақтарды жатқызуға болады немесе оны кіріктірілген сабақ дейді.
Бұларды ұйымдастыру, өткізу оқушыларға ұнайды. Бәрінің көздейтіні біреу- оқушылардың білім дәрежесін нығатып, жетілдіруде едәуір көмек береді.
Химия сабақтарының жіктелуі.
И. Нұғыманұлы дидактикалық мақсатына қарай химия сабақтарын 5 типке бөледі:
1 Жаңа материалды оқып-ұйрену сабағы
2 Оқушылардың білімі мен білігін жетілдіру
3 Білімді қорытындылау және жүйеге келтіру
4 Бақылау – есепке алу( біліі мен білік)
5 Аралас сабақ (комбинированный)
Достарыңызбен бөлісу: |